Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын таныстыру.
Өткенді
қайталау
«Ішкі,сыртқы
шеңбер» әдісі арқылы өткенді
қайталау
1.Қазақтың қандай ұлттық киімдерін
білесің?
2.Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс
бар?
3.Дауысты дыбыстар нешеге
бөлінеді?
4.Дауыссыз дыбыстар нешеге
бөлінеді?
5.Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан
айырмашылығы неде?
«Кім
жылдам?»ойыны
Сыныптағы жасырын әріптерді
оқушылар тауып алып, олар қандай дыбыстар екенін
айтады.
Көру
диктанты
Бөрік, бала,
тақия,киім,шапан,оқулық,мәсі.
Мәтінді мұқият
тыңдаңыз.
Әдептілік
Омар мен Арман мектепте бірге
оқиды. Бір күні олар жолда кішкентай мысықтың баласын көрді. Марғау
анасынан қалып қойыпты. Балалар кішкентай марғауды жолдан алып
өтті. Омар мен Арман мысықты жолдағы дүкенге кіргізіп кетті.
Дүкенші марғауға сүт берді Балалар өз істеріне риза
болды.
-
Кейіпкерлердің атын
жаз.
__________________________________________________
-
Балалар марғауды қайдан
көрді?
__________________________________________
3. Балалар марғауға қалай
көмектесті?
____________________________________
4 . Оқиғаны ретімен
көрсет
Дүкенші марғауға сүт
берді.
Олар бір мектепте
оқиды.
Балалар риза
болды.
Марғау анасынан қалып
қойды.
Оқулықпен жұмыс /16-17
бет/
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп
алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті
пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе,
көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, -
дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды.
Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы
келеді.Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып
қалыпты.
- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген
екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші.
Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы
да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда
келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды
көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа
қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай
қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш
қалыпты.
Дәптермен
жұмыс
1нұсқа дизайнер,2 нұсқа
тігінші сөзіне дыбыстық талдау жасау.
(өзара
бағалау)
|