400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар: "Қос сөздер, қайталама қос сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қос сөздердің не екенін біліп, түрлерімен танысады. Қос сөздердің не екенін біледі,Қос сөздердің түрлерімен танысады. Қос сөздер бар мәтіндермен жұмыс жасай аладыҚос сөздердің анықтамасын біледі.Қайталама қос сөздермен танысады.Мәтін ішінендегі қос сөздерді таба алады. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өнер-білімге деген сүйіспеншілігін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

«№113 жалпы орта мектебі».

Мұғалім:

Қалдарбекова Сәуле.

Пән:

қазақ тілі.

Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы:

Қос сөздер, қайталама қос сөздер.

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар: 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Қос сөздердің не екенін біліп, түрлерімен танысады.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Қос сөздердің не екенін біледі,

Оқушылардың басым бөлігі:

Қос сөздердің түрлерімен танысады.

Кейбір оқушылар:

Қос сөздер бар мәтіндермен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерийі:

Қос сөздердің анықтамасын біледі.

Қайталама қос сөздермен танысады.

Мәтін ішінендегі қос сөздерді таба алады.

Құндылықтарға баулу:

Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өнер-білімге деген сүйіспеншілігін ояту.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, тарих,т.б.

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Қос сөздер, қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қос сөздер.

  2. Қайталама қос сөздер. .

Алдыңғы тақырып:

Дара және күрделі сөз.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы:

5мин

І. Ынтымақтастық орнату:

«Танысу» әдісі. Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір – бірімен таныса бастайды. Әр оқушы өз есімінің қасына бір сын есім қосып айтады. Сын есім өз есімінің бас әріпінен басталуы керек.

II.Топқа бөлу.

Оқушыларға 1-10 арасындағы сандарды алу ұсынылады. Әр оқушы алған санын нөмерленген парталар ішінен тауып орнына жайғаса береді. Осылайша екі топқа бөлінеді.

III.Алдыңғы сабақты пысықтау үшін «Доп лақтыру» әдісін қолданамын. Оқушылар орындарынан тұрады. Мен сабақ сұрағым келген оқушыға допты лақтыып, сұрақ қоямын. Оқушы допты қағып алып, сұраққа жауап береді.


Оқушылардың әр дұрыс жауабына бір немесе одан да көп смайликтер арқылы баға беремін.








1-топ: Алғырлар

2-топ: Тапқырлар








Ортасы: 30

минут


























Жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіріп өту: Сөздердің қосарланып, немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады. Қос сөздер қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер болып бөлінеді.

Бір түбірдің қайталануынан жасалатын қайталама қос сөздердің жасалу жолы мынадай:

Қосымшасыз түбірдің қайталануы

Қамба – қамба (астық), биік - биік

Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы

Өз – өзінен, ауызба – ауыз, төрт - төрттен

Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы

Аузы – аузына, жөнді – жөнсіз, жылдан – жылға

Сөздің екінші сыңарына м,п дыбыстары қосылып, қайталанады

Ет – мет, ол-пұл, шай – пай, жігіт – мігіт, ат - мат

Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады

Тарс – тұрс, тасыр – тұсыр, жарқ – жұрқ, сарт - сұрт

Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады

Жап – жапырақ, әп – әдемі, тап – таза, т.б.


Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері





































1-тапсырма.

70 – жаттығу: Көп нүктенің орына тиісті қос сөзді қойып, көшіріп жазыңдар.

1-топқа:

  1. Тамшыдан ... - ... дария болар.

  2. ... - ... жылқыны шұрқыратып,

Ойдан – қырдан арқансыз әкеп мата.


Керекті сөздер: сәл – сәл, тама – тама, үйір – үйір, сөйлей – сөйлей, көре – көре.

Дескриптор

  • Қос сөздерді таба алады

  • Мысалдар келтіре алады


2-топқа:

  1. ... - ... көсем болады,

... - ... шешен болады.

  1. Екі ішектің бірін қатты,

Бірін ... - ... жай бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.


Керекті сөздер: сәл – сәл, тама – тама, үйір – үйір, сөйлей – сөйлей, көре – көре.

Дескриптор

  • Қос сқздерді табады

  • Қос сөздерден сөйлем құрай алады


Бас бармақпен бағалау.








2-тапсырма:

«5 сөйлемнен тұратын ертегі» әдісі. Ертегіні қос сөздерді қатыстырып, өздерің аяқтаңдар.

Баяғы бір заманда алып адамдар өмір сүріпті. Олар қазіргі адамдардан әлдеқайда ірі болыпты. Тіпті кесірткелерінің өзі адамдарға қорқыныш туғызардай үлкен болған көрінеді. ...


Дескриптор

  • Қос сөздер мен қайталама қос сөйздерді ажырата алады


Бір – біріне ұнаған ертегі авторына смайлик сыйлау арқылы бағалайды.



Интербелсенді тақта














5 минут

Саралау

А

Қос сөздерге 5 мысал келтір.

В

Қос сөздер мен қайталама қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

С

Қос сөздер мен қайталама қос сөздерді қатысытрып, шағын мәтін немесе өлең құрастыр.







Үйге тапсырма:71-жаттығу.

Қайталама қос сөздерді қатыстыра отырып, «Өнер алды қызыл тіл» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.



Сергіту сәті:

«Аңдар әлемі». Оқушыларға әр түрлі аңдар айтылады. Соны іс – қимылмен сипаттап береді. Дауысын салса да болады.


Соңы:

Кері байланыс.



Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Саралау

А

Қос сөздерге 5 мысал келтір.

В

Қос сөздер мен қайталама қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

С

Қос сөздер мен қайталама қос сөздерді қатысытрып, шағын мәтін немесе өлең құрастыр.

Бағалау – оқущылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау арқылы:


Бір – біріне ұнаған ертегі авторына смайлик сыйлау арқылы бағалайды.

Бас бармақпен бағалау.

Оқушылардың әр дұрыс жауабына бір немесе одан да көп смайликтер арқылы баға беремін.

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс.

Әдебиет

Рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Иә, сабақ мақсаттары шынайы болды деп ойлаймын.

Иә, барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Бұлай деп айтуымның себебі, жәй сабақта белсенділік танытпайтын Асхат ерекше қуантты.

Иә, саралау дұрыс жүргізілді. Сыныптағы оқушылардың жартысынан көбі А деңгейін орындады. Тек бір оқушы ғана С деңгейін орындады.

Иә, бүгінгі сабақта уақытты тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Себебі, жоспар бойынша барлық жоспарланған тапсырмалар мен жаттығуларға, кері байланысқа, барлық әдіс – тәсілдерге, үй тапсырмасын беруге үлгердім.

Сабақта ешқандай ауытқулар болған жоқ.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1. Саралау.

2. Доп лақтыру арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1. Жаттығу орындау.

2. Сергіту сәті.

Сабақ барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару керек? Бүгінгі сабақта топтық жұмыс жақсы орындалды. Оқушылар ерекше белсенділік танытты. Алдыңғы сабаққа қарағанда оқушыларда ілгерілеу бар. Тапсырмаларды түсіндіру барысында барынша ашықтық қажет екен. Ендігі сабақта осы нәрсені баса назарға алатын болдым.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі