400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз мекен – жайын атау, елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттау. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

Сабақ тақырыбы: «Менің үйім»

Күні: 12.11.2020ж.

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1.1.3.1.өз мекен – жайын атау, елді мекеннің географиялық орналасқан жерін сипаттау.

1.1.3.2.өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар білу керек:

  • Өз мекен – жайын, өз көшесін біледі.


Көпшілігі:

  • Өз қаласындағы басты көшені, ғимараттарды және көрнекі жерлерді сипаттап айтады.


Кейбір оқушылар:

  • Өзі тұратын елді мекеннің географиялық орналасқан жерін ғаламтор желісінен көрсетеді.


Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  1. Өз мекен – жайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін біледі.

  2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлері туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Терминология: Баспана – жилище – house

Мекен-жай – адрес - address

Сөз тіркесі:

  • Қазіргі және бұрынғы баспананың айырмашылығы бар ма?

  • Сен тұратын көше қалай аталады?

  • Сенің көшенде қандай ғимараттар бар?

  • Сен тұратын жердегі көрнекі жерлерді сипаттап айт.

  • Үйдің мекен – жайы деген не? Үйдің мекен – жайына нелер кіреді?

Құндылықтарды дарыту

  • Қарым – қатынас жасау қабілет;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар

Математика,орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек.


АКТ қолдану дағдылары

Қауіпсіздік ережелер, киіз үй, лашық үй суреттері, оқулық,смайликтер.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан өздерінің отбасындағы мерекелер туралы біледі.




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың

басы


(10мин)

Психологиялық дайындық.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар ең бірінші біз ноутбук алдында қалай отыру керектігін үйренейік.

  1. Арқаңызды тік ұстап, құныспай тік отырыңыз!

  2. Иықтарыңызды бос ұстап, шынтақтарыңыз тік бұрыш бүгілген болуы тиіс. Басыңызды алдыға кішкене ғана еңкейтіп, тік ұстаңыз.

  3. Орындыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.

  4. Арақашықты сақтау міндетті түрде керек. Көз бен монитор арасындағы қашықтық 70см – ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсам, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.

  5. Дәптерді тігінен қою керек.

  6. Қаламсапты дәптердің оң жақ шетіне қою керек.


«Миға шабуыл»:

  • Балалар, сендер қайда, кіммен тұрасыңдар?

  • Өз үйіңді сипаттап көрші.

  • Үйің қай жерде орналасқан?

  • Үйің үлкен ба, кіші ма?

  • Үйді тағы қалай атауға болады?

  • Баспана.

  • Қазіргі және бұрынғы баспананың айырмашылығы бар ма?




Қауіпсіздік ережелер.


















Сабақтың

ортасы

(25мин)




Үй тапсырманы тексеру.

(«Отбасы татулығы»)

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасының татулығы, бірлігі, кімге, неге байланысты?

  • Әрбір адам оған жауапты ма? Неліктен?

  • Отбасыңда қандай бала, аға, іні, әпке, қарындасың бар ма?


Жаңа сабақ.

Жаңа сабақтың тақырыбын тақтадағы көрнекіліктер арқылы табады.

  • «Менің үйім».

  • Сен тұратын көше қалай аталады?

  • Сенің көшенде қандай ғимараттар бар?

  • Сен тұратын жердегі көрнекі жерлерді сипаттап айт.

  • Үйдің мекен – жайы деген не? Үйдің мекен – жайына нелер кіреді?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің үйім» деп аталады. Үй деген не деп ойлайсыңдар?

«Үй» латын тілінен аударғанда «Баспана» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір сүретін, тіршілігін жасайтын секенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.

Оқулықпен жұмыс. Бұрынғы және қазіргі баспана.

Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аударту.

  • Суреттер не байқадыңдар?

  • Киіз үй.

  • Иә,дұрыс айтасыңдар! Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың негізгі байлығы мал болды. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған болатын.

Сен білесің бе? Шаңырақ – бұл отбасының белгісі. Ертеде дәстүр бойынша киіз үйдің шаңырағы әкеден балаға мұра ретінде қалған.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір дем алайық.


Жарайсыңдар, балалар!


Оқулық.







Киіз үй, лашық үй суреттері.

Сабақтың соңы


(5мин)

Қорытынды.

Тыныштық сәті.

  • Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

  • Барлық айтқан жақсы сөздерді жүрек түкпіріне сақтап қояық.

  • Енді көзімізді ашамыз.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім. Сұрағым бар. Түсіндім.


Смайликтер.

Қосымша ақпарат

Сабақтың ұнаған 2 кезеңді ата.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген 2 сәт.

1:

2:

Осы сабақта мен не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі