Сабақ
жоспары
Күні:
03.04.2017ж.
Тобы: «Аспаз» II-топ,
1-курс
Сабақтың
тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Студенттерді өз бетімен
желтоқсан төңірегінде мағлұмат жинақтай отырып, оқиғаның
маңыздылығын, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып,
үйрету.
Дамытушылық: Бірігіп еңбек етуге, топпен
жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Желтоқсан оқиғасының ашылмаған
жағын көрсете білуге, студенттерді ұлтжандылыққа, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер,
слайд
Сабақтың
түрі: Конференциялық зерттеу
сабағы.
Сабақтың
әдісі: СТО технологиясы, сұрақ –
жауап, ізденіс, сызбанұсқа.
Пәнаралық
байланыс: Дүние жүзі тарихы, География,
Әдебиет.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі: Амандасу, түгендеу,
студенттерді топтарға бөлу.
II.Үй
тапсырмасы: «Тарихи сынақ хат
жазу»
Қазақстанды
индустрияландыру...... зерттеуден басталды. Түрксіб темір жолы
..... жылдан салына бастады. Оның құрылысына ..... адам қатысты.
Уақытша іске 1930 жыл ...... солтүстік және оңтүстік учаскелері
..... станциясында түйісіп іске қосылды.
( Бұл қай кездегі оқиға?
)
1960-1990жж.
Қазақстан
1958ж. 1
тамызда – Теміртауда әлеуметтік
жағдайға байланысты ашық наразылық болды.
1979
жылы – қазақ жерінде неміс
автономиясын құру туралы шешімге қазақ жастары назарылық
білдірді.
1989
жылы – Жаңаөзен, Қарағанды
жерлерінде болған наразылықтарға
тоқталады.
1986жылы – желтоқсан оқиғасының себеп
салдары мен желтоқсан құрбандарының ерлік істері туралы
баяндайды.
III. Жаңа
сабақ:
Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан
оқиғалары қазақ жастарының сана – сезімінің қаншалықты өскендігін
көрсетті.» Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі «Желтоқсан жаңғырығы»
атты конференциямызға қош келдіңіздер! Осы жиында ой саралап,
зерделі пікір айтылады деген сеніммен конференцияны ашық деп
жариялаймын. Жиынымызға тарихшылар, саясаттанушылар, тәртіп
сақшылары, әдебиетшілер, студенттер шақырылып отыр. Сонымен қатар,
конференциямыздың жұмысына баға беретін сарапшымыз да бар. Ендеше
жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Бүгінгі конференцияның
жүргізушісі ретінде, тәуелсіздік жолындағы оқиғаға тоқтала кеткенді
жөн көрдім. (Бейнебаян
көрсетіледі...)
7
минут
Бейнебаян төңірегінде
студенттер тақтаға шығып, «Фишбон» әдісі арқылы оқиғаның желісін
жазу.
1986 жылғы желтоқсан
көтерілісі қазақ мемлекетінің тарих сахнасында үлкен орын алатын
оқиға. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам
болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін сол жылдың
17-18 желтоқсанында Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ
жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды
азаптап, соққыға салатындарын, оларға «ұлтшыл» деген атақ
тағылатынын білген жоқ. Олар бар болғаны Қазақ жерін қазақ
азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек
болды.
Міне, бүгінгі жиынға келіп
отырған әр саланың мамандары осы оқиға төңірегінде өз ойларыңызды
ортаға салсаңыздар.
Сонымен сөз
кезегі:
Тарихшылар: Қазақ жастарын шайқасты алаңға
қандай күш айдап апарды?
1986 жылы 17-18 желтоқсан
аралығында болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,
әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс- қимылдары.
Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы көтеріліс екенін
айта отырып, әсіресе, КОКП – ның V пленумы, Д.Қонаевтың кетуі,
Г.Колбиннің билік басына келуі қазақ жастарының алаңға шығып, билік
басындағылардың шешіміне қарсы тұруларына әкеліп соқтырғанын
айтады.
Саясаттанушылар:
1986 жылдың 17-18
желтоқсанында Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан жастардың
ұрандары мен талаптары қандай еді?
«Әр Республиканы өз көсемі
басқарсын», - деген ұрандар қазақ жастарын рухтандырды. Ұлт намысын
жақтап, қудаланғаны туралы айтылады.
Тәртіп
сақшылары: Қазақ жастары осы күнде қандай
қиянат, қиындықтар көрді?
Желтоқсан оқиғасы желісі
бойынша, тергеу барысында адам шығындары мен қудаланғандары аясында
сөз етеді.
Әдебиетшілер:
Желтоқсан оқиғасы туралы ұлт –
зиялыларының не айтты?
Осы төңіректе әдебиетшілер өз
ойларын білдіреді.
Зерттеуші
жастар: Желтоқсан құрбандары және
олардың тағдырлары не болды?
Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,
К.Молданазарова т.б бір топ студент жастар тәуелсіздік жолында
құрбан болды. Қазіргі кезге дейін жеткендері бар. Олардың бірі
Ақышбеав.
IV. Сергіту
сәті: «Сазды
әуен» (әуеннің атын, авторын
табу)
1. «Өз елім» МУЗАРТ тобы
авторлары: Қ.Мырзалиев, Н.Тілендиев
2. «Атамекен» авторлары:
Е.Хасанғалиев, Қ.Мырзалиев
3. «Желтоқсан желі» авторлары
– сөзін жазған: Әбдірахман Асылбек
Әні: Әбиірбек
Тінәлі
-
«Көк тудың желбірегені»
ақын-сазгер Ермұрат Зейіпхан,
Алмас
Ахметбекұлы
5. «Ақ көгершін» сөзі:
Н.Баймұхамедов, әні: А.Жұбанов
V. Сабақты бекіту:
Сарапшыға сөз кезегі беріледі:
-
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына
сенің көзқарасың қандай және сен осы көтеріліске қатысар ма
едің?
-
Осы қайғылы оқиғаның қазіргі
таңда алатын орны?
VI. Сабақты
қорытындылау:
-Сабақтан алған әсерің
қандай?
Қорытынды
сөз:...
«Қазақ» деген қаным бар деп
бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп аяқтаған
қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой?! Осы азаттық
үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы – қасіретті көре
жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай
тозып, жоқ болып кетпей «тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман –
сау қалған халық» нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Қанына намыс
дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды.
Көксеген тәуелсіздігін алды. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз.
Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде
атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына тағзым ете
жүруіміз керек.
Біздің арымыз да, намысымыз
да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.
Желтоқсанның желі, аязы,
ызғары
Қанды мұзда талай қазақ
сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн
алаңға
Азап шекті қайсар қазақ
қыздары.
Талай қазақ қыздарын да
тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де
солдыра,
Ел билеуге алып келді
Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың
орнына.
Егемендік – бұл елімнің
елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың
теңдігі.
Егемендік – елін, жерін
қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың
ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік
тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр
елі.
Есте сақтап ағалардың
ерлігін,
Жүректерге сақтау керек
үнемі.
VII. Бағалау (1
минут)
VIII. Үйге
тапсырма: «Болашақ Қазақстанды қалай
елестетесің?» тақырыбында эссе жазу.
Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы
«Қарақия кәсіптік
колледжі» МКҚК
Ашық
сабақ
«1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы»
Оқытушы: Мұратова
Лаура
Қайырханқызы
2016-2017 оқу
жылы