400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар: "Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана Тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерін дәріптеу, барлық оқушылардың патриоттық сезімін арттыру. Бұл материал іс-тәжірибе алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: «Жаушықұм» мектеп-лицейі

Күні: 05.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Алшынова Ж

Сынып:6

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.17. рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Рационал сандар ұғымын біледі

  • Рационал сандарды қосады және көбейтеді

Оқушылардың басым көпшілігі:

  • Рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін біледі

  • Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетін қолданып есеп шығара алады

Кейбір оқушылар:

  • Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін салыстырып, ұқсастығы мен ерекшеліктеріне есептер шығара алады

  • Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу мен көбейтуді тиімді тәсілдермен шығара алады

Бағалау критерийі

  • Рационал сандарды қосады және көбейте алады

  • Рационал сандарды қосу мен көбейтуде терімділік және ауыстырымдылық қасиеттерін қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Есептеулерге көбейтудің заңдарын қолданады

  • Рационал сандарды қосу мен көбейтудегі негізгі қасиеттерді сипаттайды

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • Рационал сан, терімділік қасиеті, ауыстырымдылық қасиет

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  • Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

  • Қандай сан оң санға да теріс санға да жатпайды?

  • Координаталық түзу дегеніміз не?

  • Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

  • Санның модулі дегеніміз не?

  • Рационал сандарды көбейтудің қандай қасиеттері бар?

  • Көбейтудің орнын аусъыстырса не өзгермейді?

  • Қай кезде көбейтіндінің таңбасы оң болады?

  • Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін білудің қажеттілігі неде?

Құндылықтарды баулу

  1. Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

Тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерін дәріптеу, барлық оқушыларды патриоттық сезім арттыру.

АҚТ қолдану

Интерактивті тақта, слайд

Пәнаралық байланыс

Физика (жылдамдық, уақыт, арақашықтық)

Алдыңғы оқу

Рационал сан, теріс сан, оң сан, қарама-қарсы сан, модуль

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

мин

2мин





3мин

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Сынып тазалығына назар аудару.

  3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

Өткен сабақты қайталау және топқа бөлу мақсатында «Кубик» әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақ қойып екі сабақтың байланыс көпірі ретінде қолданып топқа бөлемін.

  1. Қандай сандар оң сандар деп аталады?

  2. Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

  3. Қандай сан оң санға да теріс санға да жатпайды?

  4. Координаталық түзу дегеніміз не?

  5. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

  6. Санның модулі дегеніміз не?

Оқушылар 1-2 ге саналып, топқа бөлінеді.





Сабақтың ортасы

30 мин















5 мин





























5мин





















10 мин



















































3мин



7мин

Жаңа сабақ.

Түсіндірме:

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ-жауап беріледі?

  • Рационал сандарды қосу мен көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

  • Қосынды мен көбейтіндінің орнын ауыстырғаннан не өзгермейді?

  • Қай кезде көбейтіндінің таңбасы оң болады?

  • Неліктен бірнеше рационал сандарды кез-келген ретпен көбейтуге болады?

  • Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін білудің қажеттілігі неде?



Есептер шығару. 

«Джигсо»әдісімен топтарға тапсырмалар беріледі

І топ

№1 Көбейтудің терімділік қасиетін пайдаланып есепте

1) (3•(-2) •5

2) (-9 • 4) • (-2,5)

3) (13 • (-5)) • 20

№2

№3 Тиімді тәсілмен есептеңдер.


ІІ топ

№1 Көбейтудің терімділік қасиетін пайдаланып есепте

1) (-9 • 15) • (-2) 4)

2) (-8 • (-12)) • 5

3) (3 • (-25)) • 2

№2 Тиімді тәсілмен есепте

№3 Тиімді тәсілмен есептеңдер.

Дескриптор: Білім алушы

  • Тиімді тәсілдерді пайдалана алады

  • Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырады

  • Мәтіндік есепке көбейтудің қасиеттерін қолданады

  • Мәндерін табады



Сергіту сәті: «Самурай, Айдахар, Ханшайым» әдісі арқылы оқушыларды біраз сергітіп аламын.


Деңгейлік тапсырмалар


І деңгей


№1 Тест тапсырмаларыЖ


Аты- жөні:

№1

Есептеңдер

А

В

С

А деңгей

-2·1

2

-2

1

А деңгей

-0,7·4=

-2,8

2,8

28

А деңгей

- ·(-25)

-10

5

10

В деңгей

-25· +5

-15

15

-20

С деңгей

-0,5·3·(-10)

1,5

15

5


Аты- жөні:

№2

Есептеңдер

А

В

С

А деңгей

-3·(-2)=

6

-6

5

А деңгей

0,2·(-6)=

12

1,2

-1,2

А деңгей

-3·(- )=

-4

4

12

В деңгей

- ·(- )·5+5

-5

10

5

С деңгей

-0,25·2·(-10)

-10

-5

5


ІІ деңгей

ІІІ деңгей

6сынып оқулық

Атамұра баспасы.2018 жыл

Қосымша материалдар.

карточкалар
































































































№1 Тест жауаптары:

  1. В

  2. А

  3. С

  4. А

  5. В







№2 Тест жауаптары:

  1. А

  2. С

  3. В

  4. А

  5. С

Сабақтың соңы

5 мин

5 мин

«Кувёртка» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне кері байланыс береді


А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі.

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында «Миға шабуыл» әдісін жаңа сабақты пысықтауға және«Джигсо» әдісіарқылы ЖАДА арқылы мотипватциясы төмен оқушыларды мотиватциясы жоғары оқушылар жетелеп берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасайды.. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау арқылы идеялармен бөліседі , ынтымақтастықты дамытады.

Деңгейлік тапсырмаларда барлық оқушының қатысатынына, берілген есепті бірлесеп орындауға үлгерімі төмен оқушылардың еркін болуы, білім деңгейіне сай оқушылардың тапсырмаларға өз үлесін қосуды жоспарлаймын.


Оқушыларды өткенді қайталау сұрақтары барысында ауызша мадақтаулар беремін. Сабақтың ортасында жұптасу арқылы өзара бағалауды және өзін- өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша, стикер арқылы бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде «Кувёртка» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін.

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққасабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Ол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да оқудыда ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
3765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі