400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Сын есім" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға арналған. • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: Пойма бастауыш мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Р.И

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сын есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сұрақтар жаңбыры.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Мақалдың мағынасына талдау жасау.

1. «Досы ... өзі де жақсы» (Досы жақсының өзі де жақсы).






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

3.1.1.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

56-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтады. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Мәтін мазмұны бойынша берілген оқулықтағы сұраққа жауап береді.

Мәтіннен сын есімдерді табады.

3.1.1.1 (Ө; Т; Қ) Мәтін мазмұнына сай мақалды тауып жазу.

57-жаттығу. Мақалдардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетінін тауып жазады.

3.4.2.3 (МК; Ө; Ж; Қ) Сын есім тақырыбынан игерген білімдерін бекіту.

58-жаттығу. Кестеде берілген сөздерді оқып, адамға тән қасиеттерді әрі қарай толықтырады. Оларға сұрақ қояды.

Ой сергек!

Кел, балақан, балақан, Шапалақта алақан.

Жай, жай, жай, Шапалақта алақан, Шапалақта алақан. Қозғап барлық денеңді, Қолды қатты соқ енді. Сарт, сарт, сарт,

Қолды қатты соқ енді, Қолды қатты соқ енді.

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Сөздіктегі сөздер қай қарындаш түріне сәйкестігін табу. Шығармашылық үзіліс.

59-жаттығу. Сөздіктегі сөздер қай қарындаш түріне сәйкестігін табады. Сонан соң оларды тіркестіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Дескриптор:

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс.


Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі