400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар "Зат есім" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыға арналған. • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінуге; • Диалогке қатысып; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтауға; •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдылануға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пән: Қазақ тілі

Мектеп:Пойма бастауыш мектебі

Күні: 15.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Р.И

Сынып: 3А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Ұ) Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы

бір-бірлерімен амандасады.

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,

Қайырлы күн, өсімдіктер, жəндіктер,

Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

(Ө; Ж) «Ойлан–жұптас–талқыла» стратегиясы.

«ББҮ» кестесімен жұмыс. Ә. Қастеев туралы не білетіндерін, не білгісі келетіндерін жазады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу 7 бет






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

30 мин

Ширату тапсырмасы.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

3.2.6.1 (Ө; Т; Қ) Мәтіндерді оқып, өзара салыстыру.

9-жаттығу. «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін оқып, өзара салтыстырады.

Мәтінде кімдер туралы айтылғанын анықтайды. Мәтіндерді көркем шығарма түрлеріне ажыратып, топта талқылайды. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, топта дәлелдейді.

(Ө; Ұ; Қ) Зат есімдерді тауып, жалқы және жалпы зат есімдерді ажырату.

«Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді тауып, қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін ажырытып, анықтайды. Дәлелдеулер жасатылады.

3.4.2.3 (Ө; Ж; Қ) Мәтінді көшіріп жазу. Зат есімдерді табу.

10-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазады. Зат есімдерді тауып, олардың үстіне үлгі бойынша белгілеп жазады. Жұппен жұмыс жасайды.

Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізеді.Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады.


3.4.2.3 (МК; Ұ; Ө; Қ) Сызба бойынша ой қорыту жасау.

11-жаттығу. Сызбаға қарап, жалқы және жалпы есім туралы ой қорытындылары тұжырымдалады. Оқулықта берілген әр сөздің қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын анықтап, өз ойымен бөліседі.


(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Экспонат сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Дескриптор:

  • Жаңа білімді меңгереді.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы

«ББҮ» кестесімен жұмыс. Ә.Қастеев туралы не білгендерін жазады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Кестенің үшінші бөлігін толтыру. Жұбымен ой бөлісіп, талқылау. Топта жариялап, диалог құрау арқылы ой бөлісу.









Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.













Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс

Үйге тапсырма: 11-жаттығу 9 бет

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі