жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді жоспар Заттың массалық үлесі 5сынып
Мектеп: |
Сынып: Мұғалім: Айтимова А.Ғ
|
||||||||||||||||||||||
Күні: |
Сабақ жоспары бөлімі: 5.2 В Заттардың классификациясы |
Cабақ № |
|||||||||||||||||||||
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Заттың массалық үлесі |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі: |
Жаңа тақырыпты зерттеу |
||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.3.2.4. еріген заттың массалық үлесін анықтау |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың оқыту мақсаты |
Массалық үлестің формуласын білу Осы білімді қолдана отырып заттың массалық үлесін табу |
||||||||||||||||||||||
Студент мақсатқа жетті, егер:
|
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар -терминдер
|
Оқушылар: Ауызша массалық үлестің формуласын айта алады Ерітіндіде заттың мөлшері туралы қорытынды жасай алады Терминдер: Массалық үлес, ерітінді массасы, еріткіш массасы, омега, еріген заттың массасы Диалогқа қажетті тіркестер: Х массалық үлесі 100 г ерітіндіні дайындау үшін .... г суда ... г затты еріту керек Осы ерітіндіде заттың массалық үлесі Х Ерітінді массасы ... және ... массалар қосындысына тең |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу Жаһандық азаматтық |
Бір бірінін құндылықтарын құрметтеу, ынтымақтастық. ЖА құндылықтары: Қоршаған ортаға қамқорлық ету және тұрақты дамуға талпыну ЖА дағдылары: Критикалық және шығармашылық ойлау, өзін өзінде сенімділің және рефлексия дағдылары, сөйлеу, бекітілген іс қимыл. |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Биология (физиологиялық ерітінді), математика (пайыздар, пропорция) |
||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану |
Презентация |
||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Жаратылыстану (ерітінділер), Математика (көбейту, бөлу) |
||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
|||||||||||||||||||||||
1-5 мин |
Белсендіру: Мұғалімге сұрақ Мұғалім бір фразаны елестетеді. Оқушыларға 3 минут беріледі, олар мұғалімге сұрақ қоя алады. Мұғалім тек иә/жоқ деп жауап береді. Уақыт біткеннен кейін оқушылар фразаны анықтау керек. Фразалар: массалық үлес, заттың үлесі, концентрация Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсаттармен және жетістік критерийлерімен таныстырады. |
5.2 В Заттардың классификациясы. Заттың массалық үлесі.pptx 1-2 слайд |
|||||||||||||||||||||
|
(М) Оқушылардан физиологиялық ерітінді туралы сұрайды, осы ерітінді туралы бірдемені естіді ме. Физиологиялық ерітінді дәрі-дәрмектерді еріту үшін, күре тамырдың ішіне, теріастылық еңгізу және клизма қою үшін. Изотоникалық ерітінді құрамында 0.9% тұз бар. Оқушылар % тамақ өнімдерінен білуі мүмкін, сүт 2-3% майлығы, ақуыз-майлар-көмірсулар. (У) Массалық үлес — заттың ерітіндіде масса бойынша мөлшері. Белгіленуі ω, «омега» деп оқылады. Массалық үлесті табу үшін формула қолданылады: ω= (m(заттың) / m(ерітіндінің))*100% Мысалы, егер 10 г тұз 100 г ерітіндіде болса, ω= (10 / 100)*100% немесе 10% тең болады (И) Оқушыларға 8 есеп беріледі, оларды шешіп кілтті сөзді табуға болады.
Сандарды анықтап сәйкер әріптерді таба алады. 1. Алибектің анасы нәрсуды дайындаған, ол үшін 32 г қантты суда ерітті, нәтижесінде 100 г нәрсуын алды. Нәрсуда қанттың массалық үлесін анықта. 2. Айдана коланы ішүді жақсы көреді, оның әкесі осы сусынның зияндығын көрсету үшін 100 г колада 20 г қант бар екендігін анықтады. Колада қанттың массалық үлесін анықта. 3. Теңіз суында өте көп тұз бар екендігі белгілі. Жак-Ив Кусто тұздың мөлшерін анықтайтын құрылғыны сатып алды. 100 г теңіз суында 4 г тұз бар екендігі анықталды, массалық үлесті есепте. 4. Автокөліктер үшін аккумулятор ішінде күкірт қышқылы қолданылады. Әр 100 г ерітіндіде 35 г қышқыл бар екендігі белгілі. Қышқылдың аккумулятор ерітіндісінде массалық үлесін анықта. 5. Жаңадан бастап жүрген ғалым Луффи, ауада оттегінің мөлшерін анықтады. Ол үшін ауаны сұйықтыққа дейін салқындатып оттекті бөліп өлшеген. Бірақ оның мәліметі дәл болмаған. Ол 100 г ауада шамалы 20 г оттегі бар екендігін тапты. Ауада оттегінің массалық үлесін анықта. 6. М. Ломоносов тұған қызына, Еленаға, бәлішті пісіргісі келді. Ол үшін 17 г глюкозаны 100 г бөтелкеде суды қосып ерітті. Ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесін есепте. 7. Брюс Уэйн детектив, және қылмыскерді табу үшін оған күдікті адамның қанның құрамын анықтау керек. Қылмыскер диабетпен ауру екендігі белгілі (қанның құрамында қанттың мөлшері 0.2% немесе 2/10% жоғары). Ол күдікті адамның 100 қанында 3/10 г қант бар екендігін тапты. Қандағы қаннтың массалық үлесін тап. 8. Шыны жуатын ерітінді дайындау үшін арнаулы сұйықтық және суды қолданады. Егер 26 г сұйықтықты және 74 г суды алсақ, алынған шыны жуу үшін ерітіндіде арнаулы сұйықтықтын массалық үлесі қанша болады? Нәтижесінде оқушылар: Лавуазье, сөзді жинайды (Қ) Оқушыларға өз өзінді бағалауға мүмкіндік беріңіз, тапсырманы орындауға қаншалықты жақын болады, не қиыншылық туғызды? Тапсырманы жылдам орындаған оқушыларға, қиыншылығы жоғары тапсырмалар: 1. Өте тәтті шәрбатты дайындау үшін Гордон Рамзи 34 г стевия ұнтағын алып 200 г ерітінді дайындады. Ерітіндідегі стевияның массалық үлесін анықта. (17%) 2. А. Бутлеров органикалық қосылыстың ерітіндісін дайындағысы келді. Осы затты 33 г мөлшерінде алып толуолда ерітті. Алынған ерітінді 300 г массаға ие болды. Ерітіндінің массалық үлесін анықта. (11%) |
https://ru.wikipedia.org/wiki/Изотонические_растворы 3 слайд
4 слайд
5 слайд
Таратылатын материалдар
6 слайд
Таратылатын материалдар
|
|||||||||||||||||||||
|
Кері байланыс: Бинго Оқушыларға кейбір терминдері бар кесте беріледі. Мұғалім осы терминдердің анықтамаларың оқиды, барлық терминдері аталған оқушы: БИНГО! Деп қатты айтуы керек. 3 бинго дейін ойын жалғасады. 1 нұсқа
2 нұсқа
3 нұсқа
4 нұсқа
Анықтамалар: 1. массалық үлес – заттың ерітіндіде масса бойынша мөлшері 2. ерітінді – еріген зат және еріткіштің қоспасы 3. омега – массалық үлесін белгісі 4. еріткіш – ерітетін зат 5. масса – заттың мөлшерін граммен өлшейтін шама 6. пайыз – массалық үлестің өлшем бірлігі 7. еріген зат – ере алатын зат Үй жұмысы: Дәптердегі мәліметті қарастыру. Қайталау үшін есеп шығару: Егер барлық тағам сұйық болса деп елестетсек. Онда 100 г сұйық күрішті дайындау үшін 11 г сұйық ақуыз керек болар еді. Сонымен бірге 100 г сұйық күрішке 74 г сұйық көмірсулар керек. Күріштегі көмірсулардың және ақуыздың массалық үлесін есепте. |
7 слайд
Таратылатын материалдар
8 слайд |
|||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||
Дифференциация |
Бағалау – оқушыларды қалай тексересіз |
Денсаулық пен қауіпсіздік ережелердің сақталуы |
|||||||||||||||||||||
Әлсіз оқушыларға жұмыс барысы бойынша көмек беру керек. Білімді оқушылар негізгі тапсырманы орындағаннан кейін қосымша тапсырмаларды орындай алады. |
Оқушыларды мұғалім бағалайды, сонымен бірге оқушыларға өз жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беріңіз. |
Сыныпты желдетіп барынша жарықпен қамтамасыз ету керек. Презентация қара-ақ контрастымен ыңғайлы оқу үшін жасалған. |
|||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||
Жалпы баға |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? |
1:
2:
3: |
|
|||||||||||||||||||||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
|
1: 2: 3:
|
|
|||||||||||||||||||||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
1:
2:
3:
|
|
|||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген