400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар:"Адамзат қоғамының қалыптасуы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестаттау кезінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 5.1 А Мектеп:


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Байтанова А.


Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:


Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

Адамзат қоғамының қалыптасуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.1. – ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.

5.4.2.1 – еңбек құралдары мен түрлерін сипаттау.


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Алғашқы адамдардың шағын топтарға бірігуіне мәжбүр болғандары туралы түсіндіру.

Басым оқушылар: Алғашқы қауымдық қоғамның айырмашылығын сипаттау.

Кейбір оқушылар:

Ру мен тайпаға бірігуіндегі өзгерістерді талдайды.

Бағалау критерийлері:

- Алғашқы адамдардың шағын топтарға бірігуіне себебін анықтайды.

- Алғашқы қауымдық қоғамның ерекшеліктерін анықтайды.

- Ру мен тайпаға бірігуіндегі өзгерістердің ерекшеліктерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар:


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тобыр, алғашқы қауымдық қоғам, ру, тайпа.


Оқушыларға сұрақтар қоя отырып диалог қалыптастырамын.

1.Неліктен алғашқы адамдар шағын топтарға бірігуіне мәжбүр болды ?

2. Алғашқы қауымдық қоғамның тобырлық кезеңнен айырмашылығы?

3.Ру дегеніміз не? Тайпа қалай құрылды?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 5-құндылығы:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

1. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы


1. Палеолит қандай кезеңдерден тұрады?

2. Мұз басу дәуірі қашан басталған?

3. Мұз басу дәуірі адамдардың өміріне қандай өзгеріс әкелді?

4. Мұздық қай кезде ериді?

5. Мұз басу дәуірінде алғашқы адамдардың қай өкілдері бейімделді?

6. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай кезде пайда болған?

7. Қазақстандық археологтер алғашқы адамдардың тұрақтары мен еңбек құралдары қай жерлерден табылған?

Қазақстан жерінен табылған ең көне тас құралдарды ата.

8.Жердің геологиялық тарихында қандай өзгеріс орын алды?






Сабақтың ортасы

23 мин






















































1-тапсырма.Топтық жұмыс.

«Денотатты граф» әдісі.

1-топ.Адамдардың тобыры.

Дескриптор:

- Алғашқы тобыр құрамындағы адамдардың санын анықтайды.

- Алғашқы адамдар шағын топтарға бірігуіне мәжбүр болғандарын сипаттайды.

- Тобырда өмір сүру ұзақтығын анықтайды.

2-топ.Алғашқы қауымдық қоғам.

Құрамы

Алғашқы қауымдық қоғам



Ерекшелігі





Еңбек



Дескриптор:

- Тобырлық кезеңнен айырмашылығын анықтайды.

- Алғашқы қауымдық қоғамдағы еңбек бөлінісін анықтайды.

3-топ.Тас дәуірінің тайпалары мен рулары.

Дескриптор:

- Рудың құрамын анықтайды.

- Тайпаны көсем басқаруын сипаттайды.

- Тайпалардың құдайдың қалауымен жаратылғаны туралы аңыздар кең таралғаны туралы біледі.



2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Неліктен алғашқы қауымдық құрылыс адамзат қоғамының көне үлгісі саналады?

Дескриптор:

- Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат қоғамының көне үлгісі саналатынына дәлел келтіреді.


3-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Алғашқы қауымдық қоғам» тақырыбында әңгіме жазыңдар.

Дескриптор:

- Материалды терең меңгеру.

- Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдерді дұрыс қолдана білу.

- Өз ойын нақты әрі жүйелі түрде жеткізу.

Оқулық,

АКТ, үлестірме парақтар









































Оқулық









Оқулық, дәптер.




Сабақтың соңы

7 мин

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бүгінгі күннің сәтті тұстары

Мен үшін жаңалық болды

Берер ұсынысым

Үйге тапсырма: Адамзат қоғамының қалыптасуы тақырыбын оқу, қосымша іздену.

Стикер

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Кейбір оқушыларға:

Суретке қарап эссе жазу.

Кроманьондықтардың үңгір аюын аулауы.

Барлық оқушыларға:

Тобыр.............................

Алғашқы қауымдық қоғам .............................................

Ру........................................

Тайпа..................................

Өзара бағалау.

Өзін-өзі бағалау.

АКТ-ны ережеге сай қолдану








Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
2926
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі