жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспар.Балаларға арналған бағдарламалар,Үстеудің түрлері(презентация)6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған бағдарламалар. Үстеудің түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға арналған бағдарламалар жайлы түсінік
беру, алған білімдерін бағалау. оқушыларды қатысымдық
тілдесімге үйрету.
2.Дамытушылық: оқушылардың дұрыс сөйлеу, жазу, оқу дағдыларын
қалыптастыру, ой-өрістерін, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетіне сүйіспеншілікпен қарауға
баулу, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық жабдықтар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап әдісі, интерактивті әдіс, түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі
Пайдаланылған технологиялар: модульдік технология, ойын технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру:
-Балалар, бүгін біз жаңа тақырыпты меңгереміз, грамматикалық тақырып бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындаймыз, лексикалық тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. «Тілек» тренингі
-
Лексика - фонетикалық минут: «Кубизм» стратегиясы
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Қазақ тілінде неше әріп, дыбыс бар?
- «Ә» қандай дыбыс?
- «Қ» қандай дыбыс?
- Сенің Отаның қалай аталады?
- Қазақстанның бас қаласы қай қала?
- Сен қай облыста тұрасың?
- Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
3. Үй тапсырмасын сұрау.
1. – Қазақстанда балаларға арналған қандай танымал телеарна бар? («Балапан» телеарнасы)
2. – Сол «Балапан» арнасында балаларға арналған қандай бағдарламаларды білесіңдер, көресіңдер?
3. - Балапан телеарнасында «Жүзден жүйрік», «Бауырсақ», «Hello, Балапан!», «Алақай, балақай!», «Ойлан, тап!», « Зерде», «Айжұлдыз» бағдарламаларын білеміз, көреміз.
4. - «Ғажайып қазақ тілі», «Айгөлек» бағдарламалары қай телеарнадан болады?
5. - «Ғажайып қазақ тілі», «Айгөлек» бағдарламасын Қазақстан телеарнасында болады.
Ендеше, балалар, осы бағдарламалар туралы қысқаша мәлімет тауып келіңдер деп едім. Кім қандай бағдарлама туралы айтады?
Оқушылар кезекпен дайындаған бағдарлама туралы айтып, презентацияларды көрсетеді.
«Жүзден жүйрік»
Бағдарлама спорттық командалық жарыс ретінде өтеді. Ойынға қатысушы балаларды да көрермендерді де бірлікке, бауырмалдыққа шақырады.
"Бауырсақ"
Бағдарлама балаларды ағзамызға пайдалы тағамдар құрамымен таныстыра отырып дұрыс тамақтануға шақырады.
Бағдарлама балалардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал етіп, қызығушылықтарын тудырады.
Бағдарламаның мақсаты - баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт деннің саулығын арттырып ғана қоймай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға баулиды.
Балаларға ұйқы алдында қызықты әңгімелер айтылады. Олар баланың санасын баурап, ой танымын кеңейтуге әсер етеді.
«Ойлан, тап!»
Бағдарлама барысында балаларға викториналық сұрақтар қойылады. Балалардың білгірлігін анықтап қана қоймай, рухани кемелденіп, толығуына жол ашу.
«Зерде»
Бала танымының көкжиегін кеңейту, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру, ізденіске жетелеу. Оқушыларға арналған интеллектуалдық сайыс.
«Балапан News»
Бұл бағдарламада қазақстандық балалардың өмірінде қандай да бір жаңалықтар, жетістіктер, өзгерістер болып жатқандығы айтылады.
«Ғажайып қазақ тілі» бағдарламасы «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.Бұл – мультимедиялық танымдық бағдарлама. Балалар өз білімдерін жаңа технологиялар көмегімен толықтырады.
«Айгөлек»- балаларға арналған музыкалық жоба. Онда балалар өнер сайысына қатысады. Ол Қазақстан телеарнасында болады.
Рахмет, балалар. Барлығыңыз жақсы жұмыстанғансыз. Мен де сіздерге бір бағдарлама туралы айтқым кеп тұр. Бұл бағдарлама біздің туған жерімізде, «Қазақстан - Орал» телеарнасында жүргізіледі екен. Ол – «Бозторғай» бағдарламасы.
Бозторғай
Бұл бағдарлама мектеп жасындағы өнерпаз балаларға арналған. Ол талантты да талапты жеткіншектердің танылуына көмектеседі. Шығармашыл болып, жетістікке жетемін деген жас өнерпаздарға үлкен септігін тигізеді. Мұнда облыс аудандарының өрендері де қатыса алады. Бағдарлама режиссері – Жігер Құмаров. Жүргізушілері – Тұрар Ғабдрашитұлы, Мырзағұл Әлмағамбетов. Бағдарлама көгілдір экранға аптасына бір рет, жексенбі күндері шығады.
4.Жаңа сабақты түсіндіру. Сабағымыздың келесі кезеңіне көшу үшін, топқа бөлініп алайық.
Ол үшін мына суреттерді таңдап аламыз (суреттер үлестіремін).
І топ «Айжұлдыз»
ІІ топ "Бауырсақ"
ІІІ топ «Бозторғай»
Енді әр топқа тапсырма:
І топ «Айжұлдыз» ертегіні толықтырып, постер құрайды және қорғайды.(Ертегі үстеу туралы)
ІІ топ «Бауырсақ» орындары ауысқан сөйлемдерді дұрыстап, Ұлттық тағамдар туралы мәтінді жазып, постер құрайды және қорғайды
ІІІ топ «Бозторғай» берілген мәтінге сұрақтар құрастырып, постер құрайды және қорғайды (Мәтін Қазақстан – Орал телеарнасында көрсететін «Бозторғай» бағдарламасы туралы)
2.Жақсы,балалар, бүгін сабаққа келген қонақтарымыз бар. Олар өздерінің тапсырмаларын ала келді. Бірінші қонағымыз «Hello, Балапан!» бағдарламасы. Енді ол бағдарламаның дайындаған тапсырмасын орындаймыз.
“Полиглот” ойынының шарты:
Ұсынылған сұрақтардың жауабын тауып, үш тілде қатесіз айту.
Сұрақтар:
Мұнда балалар 1 – қыркүйекте келеді.
Бұл мектепте болады. Онда балалар оқиды.
Ол сабақ оқиды, тапсырмалар орындайды.
Гүлдер қандай болады?
Біздің спортзалдың іші қандай?
Дос қандай адам?
12 – желтоқсан қашан?
13 – желтоқсан ше?
11 – желтоқсан қашан болды?
Мектеп – школа- school,сынып – класс- class, оқушы- ученик –pupil
Әдемі – красивый – beautiful, үлкен – большой – big, жақсы -хороший- good
Ертең, завтра, tomorrow. Бүгін, сегодня, today. Кеше, вчера, yesterday
3.Мына үш сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: мектеп, әдемі, кеше
4.Келесі келген қонағымыз Ойлан, тап! бағдарламасы, енді бағдарламаның дайындаған тапсырмасын орындаймыз.
Сәйкестендіру тестін орындау
Таңертең қанша?
Сонша қалай?
Жорта қайда?
Осында қашан?
Орасан неге?
Әрең қандай?
Бекерге қайтіп?
5.Бүгін, ілгері, әрең, онша, әбден, былтыр, кейін, мұнда, бірге, мұнша, ылғи, таңертең, осында,бірте-бірте, сонша, тым,биыл, әрмен, соншалық, ең, ертең, неғұрлым,кілең.
|
Мезгіл үстеулер |
Мекен үстеулер |
Қимыл - сын үстеулер |
Мөлшер үстеулер |
Күшейткіш үстеулер |
|
|
|
|
|
|
6. Мына кестедегі үш сөздің бірін таңдап, көп нүктенің орнына қойып, мақалды түсініп алыңдар және жұмбақты шешіңдер

Енді балалар мына кестені толтырайық. Бүгін сонымен қандай балалар бағдарламалары туралы әңгімеледік.

5.Үй тапсырмасын беру.
Жақсы балалар осы бағдарламаларды көрдіңіз, енді үйде өздеріңе ұнаған бағдарлама туралы диалог құрастырып келіңдер. Алдарыңда берілген мәтінді әңгімелеңіз. Берілген тапсырманы жазбаша орындаңдар.
6.Бағалау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген