400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспарға есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қысқа мерзімді жоспар бойынша есеп сабақта қолданған әдіс тәсілдер, кері байланыс, критериалды бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырлы күн әріптестер!

Мен Шагирова Калипа Мейрамқызы Антоновка орта мектебінің география пәнінің мұғалімімін. Сіздердің назарларыңызға жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді жоспарымды ұсынып отырмын.

сабағымның тақырыбы «Топырақтың экологиялық проблемалары»

Оқу мақсаты 7.3.4.5. Топырақтың экологиялық проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады.

Осы оқу мақсатымнан төмендегідей сабақ мақсатым шықты

1 Топырақтардың экологиялық проблемаларын анықтап жіктеу.

2 Топырақтың экологиялық проблемаларының шығу жолдары мен себеп салдарын айту.

3 Топырақтың экологиялық проблемаларын шешу және қорғау жолдарын ұсынады.

Сабақ мақсаты смарт форматы негізінде құрылған. Нақты өлшемді, қолжетімді, шынайы, уақытпен шектелген: пәндік мазмұнының ерекшелігіне сәйкес.

Сабақтың мақсатынан ойлау дағдыларын негізге ала отырып төмендегідей бағалау критериийі шығарылды.

-Топырақтың эколгиялық проблемаларын жіктей алады.

-Экологиялық проблемалардың шығу жолдары мен шешу жолдарын ұсынады

Блум таксономиясының қарапайымнан күрделіге қағидасын негізгі ала отырып сабақ мақсатына жету үшін белсенді оқыту әдістерін қолдандым.

Сабақта белсенді оқыту әдістерін қолдану оқушылардың өзіндік жұмыс жасау дағдыларын, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына танымдық белсенділігі, сыныптастарымен қарым қатынасының дамуына ықпал етеді.

Белсені оқыту әдістерін саралай келе келесі әдістерді пайдаландым. «Кластер» әдісі, «Зерттеушілік әңгіме» әдісі, «Фишбоун» әдісі, «ПОПС» әдісі. Өйткені бұл әдістер сыныбымда отырған оқушылардың жас ерекшеліктерімен жұмыс жасау қарқынына сәйкес. Сондықтан Топырақтың экологиялық проблемаларын шешу мен қорғау жолдарын ұсыну мақсатына жету үшін ТЖ «Фишбоун» әдісін тиімді деп қарастырдым. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар оқулықты дереккөздерді таратпа материалдарды атлас картаны қолданады және жан-жақты талдап өздігінен жұмыс жасап өз ойын көз қарасын ұсынады. Осы әдіс арқылы сабағымның мақсатына жетемін.


Оқытуда саралау дегеніміз оқушының қажетіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әр түрлі оқу ортасын құру және сол әртүрлі топтарда оқытуды қаматамасыз етеді.

Саралау тәсілдерінің тапсырмалары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырыпяғни оқушылардың топ ішінде ерекше қасиетін айқындауға мүмкіндік береді.

Мен өз сабағымда тапсырма диалог қолдау көрсету қорытынды саралау тәсілдері орын алады. Осы мақсатта мен сіздерге ЖЖ «Зерттеушілік әңгіме» әдісі арқылы орындалған тапсырманы ұсынып отырмын. Бұл тапсырмада оқушылар әр түрлі суреттер арқылы топырақтың экологиялық проблемаларының шығу жолдары мен себептерін анықтап өз ойларын айтады. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулықты қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып дереккөздер арқылы қосымша мәліметтер алады яғни саралау тәсілдерінің көмегімен оқушылар өз ойларын жеткізе алуға бағыттаймын. Сабақ барысында үнемі қолдау көрсетемін және тапсырмаларды орындау барысында диалогқа түсемін. Себебі кейбір оқушылар тапсырма орындау барысында көмекті қажет ететін болады оларды бағыттау үшін сұрақ қоямын. Осы тапсырма арқылы мен өз сабағымның мақсатына жетуді көздеймін.

Келесі слайдым бағалау критерийі Критериалды бағалау-бұл оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін негізделген нақты қол жеткізген нәтижесі мен оқытудан күтілетін нәтиже үдерісін сәйкестендіруі. Сабақты бағалаудың бірнеше түрі орын алады. Енді мен мысал ретінде сіздердің назарларыңызға «FILA» әдісін ұсынамын. Бұл тапсырмада бағалау критерийіне тоқталамын. Топырақтың экологиялық проблемасын жіктей алады. Бағалау критерийінен дискрептор шығады. Дескриптор ол тапсырманы орындаудың қадамдары. Бағалаудың бір түрі қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау қазіргі таңда өте маңызды болып табылады. Себебі бағалау барысында оқушы нені жақсы орындады немесе нені жетілдіру керектігін білетін болады. Мен әр тапсырманы орындағаннан кейін қалыптастырушы бағалауды жүргіземін. «Минуттық шешім» «Екі жұлдыз бір тілек» «Кемпірқосақ» әдісі бойынша дұрыс жауабын қызыл аздаған қатесі бар көк қосымша ақпаратты жауапқа сары түске стикерге жазып жапсырады. Кері байланыс белгілі бір оқиға немесе әркетке жауп беру үн қату пікір білдіру Мысалы мұғалімнің бағалауы мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қалыптастырады. Мен кері байланысты «Веер» әдісі арқылы жүзеге асырдым.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 шілде
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі