15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспарға педагогикалық тәсілдемелерді енгізу жолдары
Қысқа мерзімді жоспарға педагокикалық тәсілдемелерді енгізу жолдары
Мақсаты: Педагогикалық тәсілдемелерді қысқа мерзімді жоспарда тиімді пайдалана отырып, іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушыларды қазақ тілін үйренуге ынталандыру.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарымқатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі.
ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің жəне өзгенің іс-əрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту стратегияларын қолдану арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Атап айтқанда, олар:
-диалогтік негіздегі мұғалім мен оқушының өзара біріккен оқу-танымдық іс-əрекеті үдерісін ұйымдастыру;
- мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс əдістерін қолдану;
- оқу проблемаларын шешудің əдіс-тəсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру жəне көрсету;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін əрі қарай дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау, соның негізінде білім беру мен білім алу үдерісін ынтымақтасқан білім алмасу үдерісіне айналдыру;
- өмірдің түрлі салаларына байланысты тілдік жəне сөйлеу жағдаяттары мұқият іріктелген тапсырмалар мен оқу іс-əрекет түрлерінің көмегімен оқушыны қазақ тілін өз бетімен үйренуге ынталандыру;
- оқу ойындарын қолдану;
- ойын жəне зерттеу əдісі;
- қазақ ұлттық салт-дəстүрлерінен, қазақ фольклорынан театрландырылған үзінділер бойынша рөлдік ойындарды қолдану;
- қоғамдық ресурстарды (кездесулер, саяхатқа шығу) үйлесімді пайдалану; - оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
- жоба əдісі негізінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне жəне зерттеу əдіс-тəсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;
- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
- жеке жəне жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интерактивтік тақта, компьютер, телефон, теледидар т.б.) орнымен қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын үнемі арттырып отыруды қамту .
- «Қазақ тілі» пəнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:
- қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу жəне жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
- оқушының қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету үшін оқыту керек;
- оқушы мен мұғалім арасында сыйластық əрі ынтымақтастық қарымқатынас қалыптастыру;
- оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік ісəрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;
- жоба əдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: əр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);
- өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
- тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану жəне өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;
- түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру;
- өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;
- «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;
- оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;
- оқушының өз білімін жетілдіру жəне бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;
- оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Қазақ тілі пәнін оқытуда қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
-
«Әліпби желісі»
-
«10 сұрақ» стратегиясы
-
«Шығармашылық» стратегиясы
-
«Балапан» стратегиясы
-
«Серпілген сауал» стратегиясы
-
«Қос диаграмма» стратегиясы
-
«Әуезбен әсерлеу» стратегиясы
-
«Көрнекілік» стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген әр стратегияға тоқталар болсақ, «Әліпби желісі» стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы: «Отбасы» тақырыбында оқушылар тізбектеліп әріптер желісімен отбасы мүшелерін айтып шығады.
«10 сұрақ» стратегиясы бір оқушыны ортаға шығарып маңдайына өткен тақырыптан сурет кигіземіз. Оқушылар суретке сипаттама береді. Ортадағы оқушы атын табу керек.
«Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды.Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады
«Балапан» стратегиясы, бұл стратегия ұзын сөзден бірнеше қысқа сөз жасау.
«Қар лақтыру» стратегиясы, бұл стратегия сабақты қорытындылауда, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
«Қос диаграмма» стратегиясы, мұнда мысалы «Үйжануарлары» мен «Аңдар» тақырыбын өткен кезде ортақ қасиетін табу кезінде пайдаланса болады.
«Әуезбен әсерлеу» стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудиотаспа, видеотаспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату, немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.
«Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың тек қана мұғалімнің ғана емес, оқушы бойында да, қызығушылық тудырары сөзсіз.Себебі, бала жаны жаңашылдыққа құмар келеді.
«Жақсы мұғалім әр уақытта қат, қымбат, өйткені ол — мектептің жүрегі» деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мектеп үшін ең керегі – жақсы мұғалім.
Бүгінгі күннің мұғалімнен маман ретінде талап ететіні — белсенділік, өзіндік сыни көзқарасы бар, педагогикалық ситуациялардың шешімін таба білетін, мәдениетті, рухани жаны таза, дүниетанымы кең, адами асыл қасиеттердің қазынасы, әрі кәсіби білікті маман болу. ”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген