Қысқа мерзімді жоспарлар және жиынтық бағалау
тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері
АННОТАЦИЯ: Қысқа мерзімді жоспарлар (ҚМЖ) – бұл нақты бір сабаққа арналған уақыт аралығындағы оқу жоспары. ҚМЖ орта және ұзақ мерзімді жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ол оқытушыға нақты мақсаттарға жетуге, оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделуге және сабақтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ҚМЖ-ны құру барысында сабақтың мақсаты, міндеттері, нәтижелері, әдістері және ресурстары анық көрсетіледі. ҚМЖ-ның басты ерекшелігі – оның нақтылығы мен икемділігі, бұл оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.
ТҮЙІН СӨЗДЕР: Қысқа мерзімді жоспарлар, сабақ жоспары, оқу мақсаты, оқыту әдістері, сабақ нәтижелері, жоспардың икемділігі, оқу процесі, білім беру, сабақ тиімділігі, оқушылардың қажеттіліктері.
Зерттеудің мақсаты:
Қысқа мерзімді жоспарлар және жиынтық бағалау әзірлеу ерекшеліктерін зерттеу арқылы білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру әдістерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Қысқа мерзімді жоспарлардың білім беру жүйесіндегі рөлі мен маңызын талдау арқылы олардың орта және ұзақ мерзімді жоспарлармен байланысын анықтау.
2.Жиынтық бағалаудың оқушылардың білім деңгейін өлшеудегі тиімділігін зерттеу және оның білім сапасына тигізетін әсерін бағалау.
3.Қысқа мерзімді жоспарлар мен жиынтық бағалау әдістерін қолдану барысында туындайтын қиындықтар мен оларды шешу жолдарын анықтау.
4.Қазіргі қоғамдағы білім беру жүйесінің өзгерістеріне сәйкестендірілген қысқа мерзімді жоспарлар мен жиынтық бағалау әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Кіріспе.
Білім беру үдерісінің табысты болуы-біртұтас жүйенің нәтижесі.Оқыту жоспары мен бағалау құралдары өзара үйлескенде ғана оқушының даму жолы айқын көрінеді.Осы жүйенің маңызды екі құралы-қысқа мерзімді жоспар және жиынтық бағалау тапсырмалары [1]. Біріншісі сабақ деңгейіндегі іс-әрекетті нақтыласа,ал екіншісі сол іс-әрекеттің нәтижесін өлшейді. Қысқа мерзімді жоспар сабақ мақсаттары мен міндеттерін,әдіс-тәсілдерді,оқушы мен мұғалім әрекеттерін жүйелейді.Ал жиынтық бағалау тапсырмалары-оқу бөлімінің соңында қандай мақсатқа жеткенімізді,оқушылардың қандай білім-білікке ие болғанын бағалайды.Бұл екі аспектіні біріктіру-оқу үдерісінің бастапқы нүктесінен бастап,соңғы қорытындысына дейінгі толық сипаттайды.Мұғалімнің кәсіби шеберлігі осы екі бағытты тиімді ұйымдастырып, бағалау нәтижелерін келесі жоспарларға кіріктіру арқылы көрінеді.Мұндай тәсіл оқыту мен бағалауды бөлмей,сабақтың басынан соңына дейін біртіндеп,мақсатты бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.
Негізгі.
Сабақтың мақсатты өтуі үшін және оқушының меңгеру деңгейін дәл бағалау үшін екі маңызды құрал бар: қысқа мерзімді жоспар және жиынтық бағалау[2].Бұл екі элемент өзара байланысты және бірімен бірі толықтырады.Мұғалімдер үшін оларды бірге қарастырып, сабаққа жүйелі енгізу маңызды.Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір оқытушы нақты бір сабаққа арналған қысқа мерзімді жоспар құрастыруы қажет.Бұл жоспарлар орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.Қысқа мерзімді жоспарлар арқылы оқытушылар білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты уақыт аралығын тиімді пайдалануды көздейді. Осыған орай,қазіргі қоғамдағы білім беру талаптары өзгеріп, жаңаша көзқарастар қалыптасып жатқандықтан, қысқа мерзімді жоспарлар мен жиынтық бағалау әдістерін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.Яғни,қысқа мерзімді жоспар сабақтың сапалы өтуіне кепіл береді.Ол мұғалімге уақытты тиімді бөлуге,оқушылардың білім жолын көрнекі түрде жоспарлауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ,оқушы үшін сабақтағы іс-әрекеті мен белсенділігін арттырады.Ал,жиынтық бағалау арқылы мұғалім оқушының меңгеру деңгейін анықтайды,келесі сабақтарда неге басымдық беру керектігін жоспарлайды. Бұл әдістердің тиімді қолданылуы білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін оятуға және оқу жетістіктерін дәл бағалауға септігін тигізеді.Сонымен қатар, бұл тәсілдер оқытушы мен оқушы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталады.Практикалық тұрғыдан алғанда, қысқа мерзімді жоспарлар мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу кезінде бірнеше маңызды аспектілерді ескеру қажет [3]:
1.Мақсаттың анықтығы:тапсырмалар нақты оқу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.Әр тапсырма оқушылардың белгілі бір дағдыларын немесе білімдерін тексеруге бағытталуы керек.
2.Түрлілік:Тапсырмалар әр түрлі форматта болуы мүмкін: тестер, эсселер, жобалар, практикалық жұмыстар.Бұл оқушылардың әр түрлі қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.
3.Қиындық деңгей:Тапсырмалар әр түрлі қиындық деңгейде болуы тиіс,бұл барлық оқушылардың қабілеттерін ескеруге мүмкіндік береді.
4.Кері байланыс: Бағалау нәтижелері бойынша оқушыларға нақты кері байланыс беру маңызды. Бұл олардың жетістіктерін түсінуге және кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.
5.Технологияны қолдану: Қазіргі заманда технологияларды қолдану арқылы бағалау үдерісін жеңілдетуге және нәтижелерді тезірек алуға болады[4].
Қазіргі қоғамда білім беру талаптары өзгеріп, жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бұл өзгерістер білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Қысқа мерзімді жоспарлар мен жиынтық бағалау әдістері осы өзгерістерге сәйкес білім беру жүйесін икемді және тиімді етуге мүмкіндік береді. Бұл әдістердің артықшылықтары ретінде олардың білім сапасын арттыруға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқыту үдерісін нәтижелі ұйымдастыруға ықпал ететіндігін айтуға болады.
Сонымен қоса,білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға және оқу жетістіктерін объективті бағалауға бағыттайды.Қысқа мерзімді жоспарлар сабақтың мақсатына жетуге бағытталған нақты әрекеттерді жоспарлауға көмектеседі, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық белсенділігін күшейтеді. Жиынтық бағалау әдістері оқушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға, олардың даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады[5].Қазіргі қоғамда білім беру талаптары өзгеріп, жаңа әдістерді енгізу қажеттілігі туындап отыр. Қысқа мерзімді жоспарлар мен жиынтық бағалау әдістері осы өзгерістерге сәйкес білім беру жүйесін икемді және тиімді етуге ықпал етеді[6].Бұл әдістерді тиімді қолдану білім сапасын арттыруға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Қорытынды.
Бүгінгі заманда білім беру талаптары өзгеріп отыр: оқушы белсендірек,ақпарат көп,уақыт шектеулі.Сол себепті мұғалімнің кәсіби шеберлігі-жоспарлау мен бағалауды тиімді үйлестіруде.Қысқа мерзімді жоспар мен жиынтық бағалауды біріктіріп бергенде ғана сабақтың нәтижелігі арта түседі.Мұғалім осы екі құралды біртұтас жүйе ретінде қолданғанда, оқыту-оқу үдерісі мақсатты,жүйелі,нәтижелі болады [7].Оқушы үшін де,мұғалім үшін де бұл жүйе жұмысын айқын етеді. Сонымен бірге,бұл тәсіл оқыту мен бағалауды бөлмей,сабақтың басында белгіленген мақсаттан бастап соңғы нәтижеге дейін толық циклді жасауға мүмкіндік береді: «мақсат,іс-әрекет,бағалау,түзету»тізбегін үздіксіз іске асыру-табысты сабақтың кепілі болып табылады [8].Мұндай жүйелі бағдарлама оқытудың сапасын арттырады,оқушының оқу процесіндегі белсенділігін күшейтеді және нәтижесінің көрінісін нақты етеді. Сондықтан,әр мұғалім үшін ең маңыздысы жоспарлау мен бағалауды бөлек қарамай,оларды сабақ барысында және бөлім қорытындысында бір жүйеге енгізу.Сабақтың сапасы мұғалімнің жоспарлауға дайындығы,бағалау критерийлерін ашық көрсетуі,оқушының өзінен-өзі бағалау мен кері байланыс алуына мүмкіндік жасауы арқылы анықталады [8]. «Жоспар-іс-әрекеттің бастауы,бағалау-нәтижесінің айнасы»,-демекші,осы қағиданы ұстана отырып,жақсы жетістікке жетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Колганатова Р.Д. «Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері бойынша қысқа мерзімді жоспар үлгілері» – (online) Мұғалімдерге әдістемелік көмек. – Қолжетімді: Ust.kz сайты. (ust.kz)
2. Ахметова Г. «Қысқа мерзімді жоспарлау әдістемесі» – Алматы: Мектеп, 2020. – 200 б.
3.Тоқсандық жиынтық бағалау. – (online) – Мұғалімдерге арналған жиынтық бағалау тапсырмалары. – Қолжетімді: Ust.kz сайты. (ust.kz)
4.«Қазақ тілі» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» – Нұр‑Сұлтан, 2019. (zharar.com)
5. «Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы»– Нұр‑Сұлтан, 2021ж. (ust.kz)
6.А.Нұрғалиева Ж. « Жиынтық бағалау: теория және практика»– Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.
7.Сүлейменов Қ. «Білім беру жүйесіндегі жоспарлау» – Алматы: Ана тілі, 2018. – 220 б.
8.Мұхамбетжанова Л. «Оқытудағы бағалау әдістері» – Шымкент: Білім, 2017. – 150 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспарлар және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз