400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспарлау Сауат ашу "Дыбыстар әлемі несімен ұнайды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
1класс мұғалімдеріне дайын күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Cауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Өзім туралы

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: №63 ЖББОМЛ

Мұғалімнің аты-жөні: Бошанова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Дыбыстар әлемі несімен ұнайды? Дыбыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжай алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Көптеген оқушылар: Дыбыс пен әріптің ерекшелігіне талдау жасай алады.

Кейбір оқушылар: Дыбыстардың түрлерін ажыратып, дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері


Мәтін мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжай алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: дыбыс, звук, sound.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Суреттерге қара.

-Балалар қандай дыбыстарды айтады?

-Әр топтағы әріптерден таныс әріпті тап.

– Дыбыстың дауысты,дауыссыз екенін айт.

Құндылықтарды дарыту


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Бастапқы білім

Оқушылардың дыбыс, әріп туралы алғашқы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



5 минут






Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

үшін «Шаттық шеңберінде» оқушылар қол ұстасып тақпақ айтады.

Арайлап таң атты,

Қайырлы таң балалар!

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң балалар!

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық!

Сөздер жазылған парақтарды таңдай отырып, топқа біріктіріледі.

1-топ- Дыбыс

2-топ- Әріп

3-топ- Дауысты дыбыс

4-топ-Дауыссыз дыбыс

Оқу мақсатын жариялау үшін «Сұрақтар тізбегі» әдісі қолданылады.

-Оқулықтың 22-бетіндегі суретке қарап, қыз бала мен ұл баланың не деп дыбыстап тұрғанын айтыңдар.

– Олар ауызбен не шығарды?

-Дыбыс түрлері туралы не білеміз?

– Ал мына тұрғандар туралы не білеміз? (әліпби)

-Әліпбидегі әріптер дыбыстың таңбалары, яғни белгілері.

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болады?








Дыбыс, әріп, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс сөздері

Сабақтың ортасы



8 мин




















2 мин










5 мин



























5 мин

















10 мин

(Ұ) 1- тапсырма «Көрсет және дыбыста» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулықтағы жаңа ақпаратты түсіндіру.

Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.

Мына әліпбиден өзің танитын әріпті көрсетіп, дыбыста. Қалғанымыз көрсеткен әріпті дұрыс дыбыстаса қолымызды жоғары көтеріп бір шапалақ соғамыз, ал қате дыбыстаса соқпаймыз.

Дескриптор:

-Өзі танитын әріпті көрсетеді, дұрыс дыбыстайды.

Саралау тәсілі: «Қарқын » әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

-Танитын әріптерді кассада тізіп көрсет, дыбыстап айт.

Қарқыны баяу оқушыларға уақыт беріледі.

ҚБ: «Қаламдар» әдісі

Қызыл- Өзі танитын әріпті көрсетсе, дұрыс дыбыстаса;

Жасыл- Өзі танитын әріпті көрсетсе, дыбыстауда көмек қажет етсе;

Көк- Өзі танитын әріпті көрсетуде, дыбыстауда қиналса;


Сергіту сәті. Сәйкес қимыл жасау арқылы орындалады.

Ұшып келді бір топ қаз,

Қонған жері, бірақ саз.

Сазды шоқып, тағы шоқып,

Ұшып кетті бір топ қаз.


(Д) 2 – тапсырма «Біз де» ойыны арқылы жүзеге асады.

Оқулықтағы суретте бейнеленген әріптерді мұғалім кезекпен айтады:

-Мен «а» әрпін танимын. Ал сендер ше?

Оқушылардың білетіндері «Біз де» деп жауап береді, білмейтіндері үндемейді. Білетін оқушылар кассадан «А» әрпін алып жоғары көтереді де, дауысты не дауыссыз екенін айтады. Сол сияқты жалғаса береді.

«Дыбыс», «Звук», «Sound» сөздерімен жұмыс жасату.

Дескриптор

- Өзі танитын әріптерді дыбыстағанда көтереді, дауысты не дауыссыз екенін айтады.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

- Қандай жануарлардың дыбысын сала аласың?

ҚБ: «Сызғыштар» әдісі.

Сары- Өзі танитын әріптерді көрсетіп, дауысты не дауыссыз дыбыс екенін айта алса;

Көк- Өзі танитын әріптерді көрсетіп, дауысты не дауыссыз дыбыс екенін айтуда көмек қажет етсе;

Қызыл- Өзі танитын әріптер болмаса, дауысты не дауыссыз дыбыс екенін айта алмаса.


(Ж) 3 – тапсырма «Мен жазғанды дыбыста!» әдісі арқылы жүзеге асады.

Партадағы бір оқушы ақ параққа бір әріпті жазады, екіншісі ол дыбысты айтады, бірінші оқушы оның дыбыстың қай түріне жататынын айтады. Екінші оқушы келіссе бас шұлғиды, келіспесе мұғалімді шақырады. Осылай кезекпен жалғасады.

Дескриптор

- әріпті жазады, дыбыстайды, әріптің қай түріне жататынын айтады.

Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Әріп пен дыбыстың ерекшелігі неде?

ҚБ: «Оқу құралдары» әдісі.

Дәптер- әріпті жазып, дұрыс дыбыстап, әріптің қай түріне жататынын айта алса;

Қалам- әріпті жазып, дұрыс дыбыстай алса, әріптің қай түріне жататынын айтуда көмек қажет етсе;

Өшіргіш - әріпті жазып, дұрыс дыбыстай алмаса, әріптің қай түріне жататынын айта алмаса;

(Д) 4- тапсырма тақтамен және дәптермен жұмыс.

Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін төменде берілген жазуға даярлау.

– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;

– заттарды сызықтар арқылы қосу;

– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;

– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;

– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.

Дескриптор: Суреттерді бояп, сызықтар сызады, әріп элементтерін жазады.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша әріп элементтерін жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.

Қ.Б: «Кітаптар» әдісі

3 кітап - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін дұрыс жазса;

2 кітап - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін жазуда қателіктер болса;

1 кітап - Суреттерді бояуда, сызықтарды, әріп элементтерін жазуда қиналса.

оқулық












қаламдар суреттері

















«Кеспе әріптер» кассасы



















Сары, көк, қызыл сызғыш суреті




Ақ парақ, қалам








Дәптер, қалам, өшіргіш суреттері







Жұмыс дәптері, қалам




Кітаптар суреті


Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік

  • Біз ---------жақсы жасай алдық

  • Топ--------- өте жақсы жасай алды.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Т1. Саралау тәсілі: «Қарқын » әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

-Танитын әріптерді кассада тізіп көрсет, дыбыстап айт.

Қарқыны баяу оқушыларға уақыт беріледі.

Т2. Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүреді. Кейбір оқушыларға:

- Қандай жануарлардың дыбысын сала аласың?


Т3. Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Әріп пен дыбыстың ерекшелігі неде?

Т4. Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша әріп элементтерін жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Т1. ҚБ: «Қаламдар» әдісі

Қызыл- Өзі танитын әріпті көрсетсе, дұрыс дыбыстаса;

Жасыл- Өзі танитын әріпті көрсетсе, дыбыстауда көмек қажет етсе;

Көк- Өзі танитын әріпті көрсетуде, дыбыстауда қиналса;


Т2. ҚБ: «Сызғыштар» әдісі.

Сары- Өзі танитын әріптерді көрсетіп, дауысты не дауыссыз дыбыс екенін айта алса;

Көк- Өзі танитын әріптерді көрсетіп, дауысты не дауыссыз дыбыс екенін айтуда көмек қажет етсе;

Қызыл- Өзі танитын әріптер болмаса, дауысты не дауыссыз дыбыс екенін айта алмаса.


Т3. ҚБ: «Оқу құралдары» әдісі.

Дәптер- әріпті жазып, дұрыс дыбыстап, әріптің қай түріне жататынын айта алса;

Қалам- әріпті жазып, дұрыс дыбыстай алса, әріптің қай түріне жататынын айтуда көмек қажет етсе;

Өшіргіш - әріпті жазып, дұрыс дыбыстай алмаса, әріптің қай түріне жататынын айта алмаса;


Т4. Қ.Б: «Кітаптар» әдісі

3 кітап - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін дұрыс жазса;

2 кітап - Суреттерді бояп, сызықтарды, әріп элементтерін жазуда қателіктер болса;

1 кітап - Суреттерді бояуда, сызықтарды, әріп элементтерін жазуда қиналса.


Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік;

  • Біз ---------жақсы жасай алдық;

  • Топ--------- өте жақсы жасай алды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыста материалды пайдаланып, жасауда қауіпсіздік техниканың ережесі сақталады.


Сергіту сәті. Сәйкес қимыл жасау арқылы орындалады.

1) Ұшып келді бір топ қаз,

Қонған жері, бірақ саз.

Сазды шоқып, тағы шоқып,

Ұшып кетті бір топ қаз

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі