400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспарлау. Ұлттық ойын аясындағы бірқатар стратегия мен тактиканы оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас жеткеншіктерге қажет! Білім алуда үлкен көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлау


Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойын аясындағы бірқатар стратегия мен тактиканы оқу

Мектеп: Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:24.11.2020

Машыққкердің/студент-практиканттың Т.А.Ж.: Қайсаев Темірлан

Сынып: 5 сынып 2-топ

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

5.2.6.1 - жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу 5.2.5.1 - өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Жетістік критерийлері

Ойында тактика және стратегияның мағынасын біледі және оны ойын барысында көрсете алады. Ойын өткізуді ұйымдастыра алады.

Сабақ мақсаттары


Тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырып,өткізу.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ұлттық, зияткерлік ойын, стратегия, тактика, жүріс, «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау), шахматтар, ойыншы, төреші,команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс ережелері, бағалау, адал ойын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығын ояту арқылы денсаулықты сақтау және жарыс іс-әрекеттерін тәсілдерін үйрету мен  жетілдіру, шапшаңдық, төзімділік дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақты қазақстан тарихы және математика пәндерімен байланыстырып, ойды жетілдіру арқылы дәріс беруге мүмкіндік туады

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта тоғызқұмалақ ойыны туралы қосымша ақпараттарды пайдаланып, балалардың бойына сіңіру

Бастапқы білім

Оқушылардың тоғызқұмалақ ойынындағы шеберліктерін арттыру

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері

Оқыту ресурстары

Басы



15 минут

Сабақтың тақырыбымен, жоспары және барысымен таныстыру. Сабақтың негізгі мақсатын айту. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Жалпы жүру, жүгіру жатығуларын сабақ басында орындату. Дем алу, дем басу жаттығуларын үйрету.


Жалпы дамыту жаттығулары


Оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты активити ойынын өткізу: Оқушылар шеңбер көлемінде жұппен тұрады, бір оқушы қуалайды, екінішісі қашады. Қашып бара жатқан оқушы кез келген жұптың алдына тұрып қалады, сол жұптың артында тұрған оқушы қашады. Қуып бара жатқан оқушы ұстап алса, ұсталған оқушы оны қуады. Бұл ойын оқушылардың ептілігін икемділігін, тез шешім қабылдау әрекетін арттырады.

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру

Ортасы


15 минут

Белсенді оқыту әдістері

Тоғызқұмалақ ойын ережесімен таныстыру.

1) Қабілетті оқушылар жарысты өткізу және қадағалау.

2)Оқушыларды жұпқа бөлу 3)Тоғызқұмалақ ойынын ойнау.


Формативтік бағалау: тоғызқұмалақ ойынымен жарыс өткізу


  1. Мұғалім үйреткен әдісі бойынша тоғызқұмалақ ойынының ережесімен, әдіс-тәсілдерімен, қалай жүріс жасау керектігін оқушыларға түсіндіріп, қосымша көмек береді. Кейін құрылған камбинацияны ойыншы аяқтайды да, тактика және стратегияны соңына дейін жүзеге асырады. Ойын барысында ойыншылар бір- бірінің ойынына баға береді. Сабақтың ортасында жұптар арасындағы жарыс жалғаса береді.


Оқушылардың жұмыс қарқындылығына мән беру

Соңы


10 минут

Оқушылар демдерін басып, ой-өрістерін қалыпқа келтіру және сергіту жаттығуларын жасайды. Мұғалім оқушылардың ойын білу мақсатында тоғызқұмалақ ойынында қандай тың ақпараттарды,әдіс-тәсілдерді үйренгендігі туралы пікір алмасып, сабақты қорытындылайды. Білім алушылар бағаланып, үйге тапсырма беріледі. Сабақ соңында оқушылар киім ауыстыру бөлмесіне жіберіледі.


Сабақ барысындағы жұмыстарды қортындылау











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2021
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі