400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Перифраз жасау тәсілдері" тақырбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары 8-сыныпқа (оқыту қазақ тілінде) арналған. Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан эмоциялық мазмұны жоғары, образды көркем тіркестердің бірі – перифраздардың қолданысын зерттеу аса қажет және өзекті болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Кіріспе

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

8

Сабақтың тақырыбы:

Перифраз жасау тәсілдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.2.5.1 -перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу,

2.Психологиялық жағымды ахуал қалыптыастыру.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сабаққа дайындық жұмыстары 2. «»Ерекше сәлемдесу» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


ҚБ



https://www.youtube.com/watch?v=KOUJ7SCv81A




Мұғалім оқушыларға қосымша ақпарат көздерінен мәлімет береді.

Дәріс материалдарынан теориялық бөлім

Перифраз жасау тәсілдері Перифраз төмендегі тәсілдер арқылы жасалады:

1.Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру.

2. Синонимдерді қолдану.

(Дәріс материалдары қосымша берілген)


І. Практикалық бөлім

Тыңдалым. Жазылым

«ШАХМАТ» әдісі

Материалмен танысқан соң, оқушылар шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.










Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-Ақпаратты іріктей алады.

-Ақпаратты сызба түрінде ұсынады.

-Ақпаратты өзіне қатысты өңдей алады.


Слайд, таныстырылым, қосымша деректер.



https://tilalemi.kz/books/7100.pdf

Ө.Айтбайұлы «Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары»


Сабақтың ортасы

.








Жаңа сөздердің мағыналарымен таныстырады, түсінік береді.































Берілген тапсырмаларды түсіндіреді, орындалу барысын бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


ІІ. Жаттығу жұмыстары

Мәтіналды жұмыс

Сөздік жұмыс

Дәстүрлі энергия - энергияны қазба отындардан — көмірден, мұнайдан, шымтезектен, сондай-ақ жасанды отын алуда ағаштардан, ағып жатқан судан алу.

Баламалы энергия - энергияны  Күннен, геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алу

Экологиялық апат – табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі

Биоотын -  биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын.

Жазылым. Айтылым

1-тапсырма

Бастапқы әріп пен перифраз арқылы «Жасырын сөзді тап» ойыны.

О - жасыл жұмақ. (Жауабы: орман.)

К - инелі шар. (Жауабы: кірпі.)

Ө – шілтер мен тордың шебері. (Жауап: өрмекші.)

А – айдын көлдің еркелері (Жауабы: аққу.)

К – жыл санайтын құс. (Жауабы: көкек.)

К - ұшатын гүл. (Жауабы: көбелек.)

Енді «ойланған сөздің бастапқы әрпі + перифраз» сызбасы бойынша перифразды өзіңіз ойлап тауып, сыныпқа ұсыныңыз. Берілген екі мәтінді салыстырып, қай мәтінде сөз бейнелілігі мен мәнерлілігі көбірек екенін анықтаңыз? Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

Мәтінмен жұмыс

Оқылым. Айтылым

2-тапсырма

І мәтін. Қоршаған орта және дәстүрлі энергия ресурстары

Адам - табиғаттың бір бөлшегі, әрі ғажайып туындысы. Адам - Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің тез өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Бүгінде жер беті экологиялық апатты аймаққа айналды.

Ең өткір экологиялық мәселелер: климаттың өзгеруі, қышқылды жауын-шашын, қоғамдық ортаның ластануы, өндіріспен немесе энергияны пайдалануға тікелей немесе жанама түрде байланысты органикалық отындардың қарқынды сарқылуы.  Сондықтан энергетикалық мәселелерді шешу негізгі-экологиялық  мәселелерді шешу мүмкіндігіне байланысты.

Энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлері – су, жел, күн т.б энергияларды пайдаланудың да маңызы өте зор. Дәстүрлі энергия көздері – қоршаған ортаға зиянды, әрі шектеулі. Баламалы энергия көздері – қоршаған ортаға қауіпсіз, шектеусіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. Дəстүрлі энергия көздерінің қоры шектеулі, ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Ғалымдардың пайымдауынша, мұнай жəне газ қоры -80, көмірсутекті шикізат қоры -100 жылға жетерлік деп болжануда. Органикалық отындар қоры бітпеген күннің өзінде, олардан энергия алу технологиялары жаңартылмаса, онда жылулық ластану, қатты жəне сұйық қалдықтардың бөлінуінен, қышқыл жаңбырлардың əсерінен ғаламдық экологиялық дағдарыс туады. Технологиялық жаңару энергияның қымбаттауына əкеледі. Сондықтан энергия – қажет, əрі қымбат болса энергетикалық дағдарыс туындайды. Əрине, энергия үнемделу керек, бірақ оның көзі де сол болу керек.

ІІ мәтін. Балама энергия көздері

Энергияның балама түрлері күннің, желдің, биоотынның және басқа да көздердің күшін пайдалану арқылы алынады. Балама энергияның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында немесе белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді еместігінде және қоршаған ортаға қауіпсіз, шектеусіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. Жақын болашақта балама энергия көздері мұнай мен газдың орнын алмастыруы тиіс. Қазіргі кезде қалыпқа келетін энергияның ауқымы электр энергиясының әлемдік жалпы өндірісінің 3% ғана құрайды. Кейде олардың кемшіліктері де кездесіп жатады. Күн электр станциялры көп жерді қажет етеді. Табиғаттың белгілі бір климатта тұруын қалайды. Жел энергетикасы негізінде энергия көзінің тұрақсыз болуы, құстардың өмірінің қауіпсіздігі, шуылының адамдар мен жан-жануарларға қолайсыздық тудыруы. Осындай кемшіліктеріне қарамастан, қалыпқа келе алатын энергия көздеріне жағдай жасау арқылы экологиялық проблемаларды да шешуге болады. Көмір, мұнай өнімдері атмосфераға, қоршаған ортаға көп қалдық шығарады, адамдар мен жануарлардың тіршілік ету аумағын улайды. Соңғы кезде баламалы энергияға сұраныс артты, осы салаға құйылатын инвестиция да көбейіп келеді. Бұл жағдай балама энергияны пайдалану құнын болашақта арзандатуы тиіс.

Мәтінсоңы жұмыс

Жазылым. Айтылым.

3-тапсырма

Перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, оқылым мәтіні бойынша 4-5 сұрақ құрастырыңдар.













































ҚБ

Жылдам, дұрыс орындаған оқушыларды берген оқушыларды ауызша мадақтау































Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

- Ақпаратты талдай алады.

-Екі мәтіннің айрмашылығын ажыратады;

-перифраздау тәсілдерін біледі

- оларды қолданып, сұрақ құрастырады.





























































































































Оқушы жұмыстары талданады, «ОҚУШЫ-ОҚУШЫ», «МҰҒАЛІМ – ОҚУШЫ» кері байланысы жүзеге асырылады.

Таратпа материал







https://ikaz.info/energetikaly-resurstar



https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/62136/









































https://ikaz.info/energetikaly-resurstar













































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі