жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 9 сынып "Бала құқықтарының қорғалуы"
Сабақ жоспары
Бөлім: IҮ. Адам құқығы мен бостандығы Күні: Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы Пәні: қазақ тілі Мұғалімнің аты – жөні: Онтаева Алтын Кайырбековна Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Бала құқықтарының қорғалуы |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көз қарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану |
||||||||
Сабақ мақсаты |
1.мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, салыстыру 2. айтылған ойға өз көз қарасын білдіріп, баға беріп айту 3. салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып түсіну, түрлендіріп қолдану |
||||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы: - мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді; - жауапы түпнұсқамен салыстырады; -мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге пікірталас құрып, оқиға желісін береді; -салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады; - сөйлемнің мағыналық түрлерін түрлендіріп қолданады; |
||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Аудиозаписті тыңдап, орта көлемдегі монолог құрайды М. Әуезовтің «ЖЕТІМ» әңгімесінен алынған үзіндіні пайдаланып, жалғаулықты және жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемдерге қатысты сөйлемдер жазады Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бұғанасы, мертігіп, зират Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Бұғанасы қатқанша, зират маңы, аяғы мертігіп |
||||||||
Құндылықтарға баулу |
-«Мәңгілік Ел» идеясын іске aсыру мақсатында оқушыда азаматтық жауапкершілікті қалыстастыру -Қазақстандық патриотизм және азаматтық құндылыққа тәрбиелеу, бірін-бірі сыйлау, ынтымақтастыққа тәрбиелеу |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, әдебиет |
||||||||
Алдыңғы білім |
Өткен сыныптардан осы тақырып аясында мағлұматтары бар және өз ойларын түйіндей алады. |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы 10 минут Білім деңгейі: Білу, түсіну, қолдану |
Психологиялық ахуал «Күншуақ» әдісі Мақсаты: оқушыларды еркіндікке,бірлікке баули отырып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызу Өту қадамы: шеңбер бойында тұрған оқушылар күншуақ белгіленген қағаз қиындысына өз тілектерін кезек-кезек жазады. Осылай жалғасып, соңғы оқушы тілегін жазып, мұғалімге береді. Топқа бөлу. 1 – топ: «Жай сөйлем» 2 – топ: «Құрмалас сөйлем» Сөйлемнің түрлеріне қарай екі топқа бөлінеді Әр топ топ басшысын тағайындайды. «Алтын ережесі» еске түсіріледі. Алдыңғы сабаққа кері байланыс: «Бір қадам артқа» стратегиясы бойынша өткенге шолу «Егемен ел аясындағы менің құқықтарым» тақырыбында әр топ өз таныстырылымдарын таныстырады. - Бала болып кімдер саналады? - Құқық немен қорғалады? Бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері ашылады
|
|
|||||||
Сабақтың ортасы 20 минут Білу, түсіну
қолдану талдау
Сабақтың соңы 10 минут Білу, түсіну, қолдану, жинақтау. |
ТЖ. 1-тапсырма «Дебат» әдісі бойынша жүреді. Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру. -Сендердің ойларыңша, Қазақстан Республикасында ата-анасынан айырған жетім балалардың құқықтары қалай қорғалады? «Жақтаушы» және «Даттаушы» топтар өз пікірлерін ортаға салып, өз позицияларын білдіреді. Бағалау критерийлері -мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға болжаммент жауап береді; - түпнұсқамен салыстырады Дескриптор: - мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға болжаммен жауап бере алады; - түпнұсқамен салыстыра алады
ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне баға береді
ТЖ. 2-тапсырма: Мәтіндегі айтылған ойға өз көз қарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады. «Бала Қасымның тағдыры» мәтіні екі топқа таратылады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге пікірталас құрып, оқиға желісін «Хикая картасы» графикалық органайзері арқылы береді.
Бағалау критерийлері
Дескриптор:
ҚБ: Топтар бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды
ТЖ. 3-тапсырма: «Прожектор моделі» салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийлері
Дескриптор:
ҚБ: «Бағалау бутерброды» арқылы жүжеге асады Мадақ Сын Мадақ
ЖЖ. 4-тапсырма:. «Кестені толтыр» әдісімен М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесінен алынған үзіндіні пайдаланып, жалғаулықты және жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемдерге қатысты сөйлемдер жазыңдар
Бағалау критерийлері
Дескриптор:
ҚБ: «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауды өткізу
Рефлексия «Білім ағашы» әдісі арқылы жүреді. Мен бүгін жақсы жұмыс жасадым, сабақ өте ұнады; Мен бүгін сабаққа белсенді қатыстым; Мен сабақты онша түсінбей қалдым Осы пікірлер бойынша пікірлерін білдіріп, сәйкес ағашқа өз ойларын жазып жапсырады.
« Оқушылар қай аралда тұрғандығын айтып комментарий жасайды, себебін түсіндіреді Үйге тапсырма: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып, «Бала Конвенциясы» жайлы хабарлама жазып келу |
|
|||||||
Саралау
|
Бағалау
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||||
Ықшамсабақ жоспары SMART мақсатқа сәйкес және Блум жүйесі бойынша спиральдік қағидатқа сай 4 дағдыны ескере отырып, сындарлы оқытуға бағыттылып жасалынды. Жоспарда тақырыпқа сай таңдалған оқу мақсаттарына жетуде таңдап алынған тапсырмалар спиральді қағидатқа сүйене отырып таңдалды. Сабақ мақсатына сай барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алынып, сараланған. Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қолжетімді тапсырмаларды орындауға бағытталған. Бұл сабақтың өн бойынан бірнеше әдіс-тәсілдерді көруге болады. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау психологиялық ахуал орнатуда «Күншуақ» әдісімен жүреді. Алдыңғы сабаққа кері байланыс «Бір қадам артқа» әдісімен жүргізіледі және бұл жерде Диалог негізінде саралау болмақ. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау әдісі барысында оқушыларға бірдей тапсырма берілгенімен, түрлі жауап күтіледі.Ол жоспарда «Хикая картасы» графикалық органайзері арқылы беру тапсырмасы негізінде көрінеді. Яғни, әр оқушы өз деңгейінде жауап береді, сол себепті жұмыс нәтижесі әр түрлі болады. Топтағы барлық оқушыларға ынталандыру шаралары ортақ әрі бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады.Әр оқушы өз деңгейінде жауап бергендіктен, жүргізілген жұмыс нәтижесі мен өнімі әр түрлі болады. Тапсырма бойынша саралау барысында таратпа материал-ды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Ол ТЖ «Прожектор моделі» арқылы құрмалас сөйлемдердің түрлері мен тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіруде көрінеді. Оқыту ортасы бойынша саралау кезінде кейбір оқушылар өздерін қалыпты сезініп, алаңсыз жұмыс жасай алатын орында екендерін сезінеді. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау барысында оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы көмекті қажет етеді. «Дебат» әдісімен орындалатын тапсырмада қолдау мұғалім немесе үлкендер тарапынан болуы мүмкін. ЖЖ. 4-тапсырмасы «Кестені толтыр» графикалық сызбамен орындалады және мазмұн бойынша саралау іске асады. Осындай жоспардағы тапсырмаларды орындата отырып, жұмыс жасалса әр түрлі деңгейдегі оқушылардың барлығы оқу үдерісіне белсенді қатыса отырып оқу жетістігіне жетуге мүмкіндік туады деп болжанады. Сабақ бойында орындалған тапсырмалар спиральді білім беру қағидаты бойынша оңайдан күрделіге өту арқылы жүзеге асады. |
Әр тапсырманы орындағанан кейін бағалау критерийі және оған бағыталған дескрипторлар ұсынылады. Жоспарланған сабақтың үш кезеңінде әр тапсырмадан соң, мынадай қалыптастырушы бағалаулар жүргізіліп отырылады: «Жапондық бағалау» арқылы оқушылардың ішкі уәжін оятуға болады. «Бас бармақ», «Бағалау бутерброды» әдісі арқылы жұптар тапсырма орындау барысында бір-бірін бағалайды. «Шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне баға береді, өз жұмысының бағасын көре алады. Рефлексия «Білім ағашы» әдісі арқылы, кері байланыс «Аралға саяхат» әдісімен жүрмек. Оқушылар қай аралда түрғандығын айтып комментарий жасайды, себебін түсіндіреді. Ықшамсабақ жоспарында тапсырмаларды орындаудан соң алынған әр қалыптастырушы бағалау және бағалау критериилері мен дескрипторлар оқушыларды оқу жетістігіне жетуіне және сабақта таңдалған оқу мақсатына жетуге ықпалы тиеді деп күтіледі.
|
Жоспарлауда оқушының денсаулығына қатысты барлық мәселелер оң шешіледі. Оқу ортасы-құрылған сабақ жоспарын өз деңгейінде өткізуге және оқушылардың қалай оқуына үйренуінде өте маңызды. Сабақ барысында оқушыларға жағымды ахуал туғызу арқылы оң ықпал қалыптасады. Сабақтың өн бойындағы әдістер мен тапсырмалар оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбейді. Сабақта АКТ қолданылады, қауіпсіздік техникалары сақталады, Пәнаралық байланыс кезінде сабаққа қатысты мүмкіндіктің барлығы қарастырылады.Қалыпты құрылған оқу ортасында өткен сабақ табысты болуы маңызды екендігі ескеріледі. |
|||||||
Аралға
саяхат» әдісі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген