400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 9-сынып Технология пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
«Кестедегі ою-өрнек, түс.» тақырыбы бойынша кестеге сурет таңдау, суретті матаға дұрыс орналастыру, көшіру, көркем тігіс түрлері, жіптің түстері туралы ұғымды қалыптастырп, білімдерін кеңейтуге үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ШҚО, Ұлан ауданы, « М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ, технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна

Пәні

Технология

9-сынып

Пән мұғалімі:

Калиева Гаухар Картаевна

Сабақ тақырыбы:

Кестедегі ою-өрнек, түс.

Жалпы мақсат:

Кестеге сурет таңдау, суретті матаға дұрыс орналастыру, көшіру, көркем тігіс түрлері, жіптің түстері туралы ұғымды қалыптастырп, білімдерін кеңейту.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Кестедегі ою-өрнек түрлерімен танысады, тұстер үйлесімділігін ажыратады, өздігінен жұмыс жүргізеді, алған білімін келешекте өз өмірінде пайдалана алады.

Сабақта қолданылатын материалдар, құралдар:

Нұсқау карта, қайшы, тоқыма жіп, ине, түйреуіш, майшам, фетр, эскиз, кесте, стикер, ноутбук

Оқыту әдістері:

Жеке, топтық жұмыс, СТО стратегиялары (Блум таксономиясы, оқыту үшін бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма)

Дерек көздері:

интернеттен алынған материал, слайд

Сабақтың өтілетін уақыты:

45 минут

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру: оқушыларды топқа бөлу, мақсат қою

2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3. Рефлексия

4. Үйге тапсырма

Тапсырмалар:

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(психологиялық тренинг)


Психологиялық тренингті орындайды.

Үй тапсырмасын сұрау

Сәйкестендіру жұмысы

Техникалық кауіпсіздік ережелері (қайшымен, инемен жұмыс)

Бағалау парағын таратамын.

Құрал-жабдықтарын түгендеп, көрсетеді.

Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.

сабақ тақырыбын ашады.

Білу

«Блоб ағашын» бояту

ЖИГСО тәсілімен мәтінді оқу, талдау, айту. Жұппен жұмыс.

Қазақ кестесіндегі түрдің құбылуы, түс ою-өрнектің қолданылуы мен композициясының үйлесуіндегі үлкен рөл атқарады.

Қазақ шеберлерінің негізгі ерекшелігі түстердің құбылу үйлесімділігін қолдана білуінде. Түстер гаммасы шектеулі: қызыл,жасыл, сары, көк, ақ. Көне кестелердің түстері монохромды. Басым түс – қызыл күннің, оттың символы.

Қазақтың ою-өрнек топтары (өсімдіктекті, жануартекті, геометриялық және космогониялық) белгілі бір мағынаға ие. Қазақ ою-өрнектерінде бүтінді бөлшекпен алмастыратын зооморфтық мотивтер ең маңызды орын алады. Кейде бір образда әртүрлі жануарлардың бөлшектері қатар қолданылады.

Ою-өрнек түрлері

Ақ түс - қасиетті түс. Тазалықтың, бақыттың, ададықтың белгісі, ақиқттың символы.

Жасыл – бақытты жастық шақ пен көктемнің белгісі.

Қызыл – от, күн көзінің белгісі, махаббат.

Көк – аспанның белгісі

Сары – сағыныштың, ақыл-парасаттың белгісі.

Қара – жердің белгісі, сонымен қатар мақсат, амандық, саулық

Басты көркем мотив – мүйіз, қошқар мүйізінің суреті. Онымен байлық болады. Мал көбейеді, қорғайды деген түсінік байланыстырылады. Мүйізбен текеметтер, сырмақтар, алаша сонымен қатар сәулеттік құрылыстар безендіріледі. Пайдаланылатын түстер: кірпіш түсті қызыл, сары, көк, жасыл және қоңыр, қара.

Сыңармүйіз – қазақ ою-өрнегіні ңең көп тараған түрі. Бұл мотивтің ырғақтық құрылымын композиция жиегі көмкереді. Көп тараған түс – қызыл және қара.

Сынықмүйіз – халық шеберлері бұл мотивпен кілем, басқұр, алаша, сөмке, шиді әшекейленген. Оның негізгі түстері: қызыл, жасыл, қоңыр, қара, күрең қызыл.

Тышқаніз – бұл мотивке композициясындағы шеттіктеу, көмкермелеу рөлі берілген. Оған көбіне қызыл, қоңыр, күрең қызыл, қара түстері тән.

Итқұйрық – қорғау қасиетімен бірге достықты бейнелеп, әртүрлі жақсы тілектердің символы болды. Қорғау міндетіне байланысты онымен киіз үй есігінің ою-өрнегін, төсектің алдыңғы жағын, кейде киіз бұйымдарын безендірді. Түстер граммасы: қоңыр, қызыл, күрең, көк түстер.

Қайнар - өмір бастауы сияқты суаттың символы, жасыл жайылымның, мал шаруашылығының символы. Түстер граммасы көгілдір, көк, күлгін.

Ботагөз - қазақтардың түсінігінде ромб құнарлықты бейнелейді, баланы тіл-көзден қорғайды. Бұл – қорғандық қасиеті бар айрықша нақыш. Наным-сенімдерге сенсек нақыш тіл-көзден қорғайтын қасиетті күшке ие. Мұндай элемент композициясының орталық бөлігінде, сонымен қатар бұйым жиегін жиектейтін көмкермелерде де кездеседі. Дәстүрлі түстер: қызыл, қоңыр, қара, көк түстер.

Қазақ ою-өрнегіндегі қызыл мен көк түстердің үйлесімі –халықтың бақыт туралы арманы, табиғи байлықты еске түсіру.

«Блоб ағашы» кім қандай деңгейде бояйды

Мәтінмен жұмыс (оқиды, талдайды, айтады)

Түсіну



Қолдану

Нұсқау картасымен жұмыс істету.


Жеке жұмыс, нұсқау картасымен жұмыс істейді. Ою-өрнекті түсін шығарып бояйды.

Сергіту сәті

Сергіту сәтін жасату.

Сергіту сәтін жасайды.

Талдау

Практикалық жұмыс: № 2

Мақсаты: Жүннің қасиеттерін анықтау.

Нәтижесі: Кесте тігуге арналған жіпті жүн талшығынан иірген дұрыс. Өйткені одан мықты, жұмсақ, берік, тегіс әрі біркелкі жіп алынады. Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді, жіңішкелігі мен көлемі бірдей, салмағы жеңіл, жылуды жақсы сақтайды, күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізеді, шу және тербелістерді төмендетеді, ылғал тартқыш қасиеті бар.

Мұндай жіптер жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді.


«Венн диаграммасы» - Кілем Ортақ қасиеттері Гобелен

«Күншуақ» - гобеленнің қажеттілігін күннің шуақтарына жазады.

Гобелен жасау барысында адам бойында қандай қасиеттер қалыптасады.

Салыстырмалы түрде жүн талшығының қасиетін анықтайды





«Венн диаграммасы» - толтырады
«Күншуақ» - шуақтарына жазады

Адам бойында кандай қасиеттер қалыптасады? – жазады.

Жинақтау

«Блоб ағашы» сабақ соңында жеткен нәтижесін көрсетеді.

«Блоб ағашы» бояйды.

Бағалау

Берілген бағалау парағы бойынша әр оқушыл бағаларын қорыту.

Бағалау парағындағы ұпайларын есептеп, қорытынды баға шығарады..

Қорыту

Рефлексия.




Не ұнады?

Не ұнамады?

Сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма

Эскизді аяқтау, құрал-жабдықтар

Күнделікке жазады.






Практикалық жұмыс: № 2

Мақсаты: Жүннің қасиеттерін анықтау.



Талшық


Талшық-

тың жоғарғы беті

Талшықтың төзімділігі


Жанғанда-ғы иісі


Жанғаннан кейінгі түсі

Отқа жақын-датқан-да

Отта

Оттан алғанда

Жүн




Жылтыр, ұзын, жуандығы берік, тегіс,

жұмсақ

Жиырылады

Жалындап жай жана-ды

Жай жанады немесе жануды тоқтата-ды

Қауырсын-ның күйік иісі

Қолмен ұстағанда үгітілетін кішкентай қара дома-лақ тәрізді



Вискоза









Тегіс, жылтыр, мыжыл-ғыш


Балқы-майды, жиырылмайды


Тез жана-ды


Сарғыш түсті жалын-мен жана береді


Жанған қағаздың иісі


Ашық сұр немесе үгітілген қара түсті күл


Нәтижесі: Кесте тігуге арналған жіпті жүн талшығынан иірген дұрыс. Өйткені одан мықты, жұмсақ, берік, тегіс әрі біркелкі жіп алынады. Мұндай жіптер жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді. Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді, жіңішкелігі мен көлемі бірдей, салмағы жеңіл, жылуды жақсы сақтайды, күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізеді, шу және тербелістерді төмендетеді, ылғал тартқыш қасиеті бар.























«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ





Сыныбы: 9 «А»

технология пәні

мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі