жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері 5 сынып
Күні: Сынып: 5 |
Мектеп: №4 ОМ Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова Ж.М Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Оқушылар дерек көздерімен жұмыс жасай отырып Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері туралы ақпараттар жинақтайды, бейне-баянды қарай отырып Әлкей Марғұланның ғылымға қосқан үлесі туралы зерттеу жүргізеді |
||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
5.2.2.5 Ә.Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындау 5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов мәдениетінің белгілерін анықтау |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері... Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері... Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды... Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті... Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... Келесі себептер/факторлар...... |
||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Ежелгі адамдардың өмірі, тұрмысы туралы айтқанда ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары қалыптастырылады. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз. Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы) |
||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақта бейне-баянмен жұмыс жасайды |
||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білім алады. |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы
|
Сабақ басында: Оқушыларға слайдтан Ә.Х.Марғұлан суретін, кітаптарын, Беғазы-Дәндібай ескерткішінің суреттерін ассоциация түрінде ұсынып, төмендегі сұрақтар бойынша болжам жауаптарын тыңдаңыз.
Оқушылар топта жұмыс жасап, Әлкей Марғұлан туралы білетін мәліметтерін жазып шығады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап шығып, ең үздік жауаптар берген оқушыларды атап өтеді. Сыйлық қоржынынан сыйлықтар үлестіреді. |
http://sandiksha.pavlodarlibrary.kz/margulan/biography_kz.html
|
|||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Зерттеу мен талдау М Ә.Х.Марғұланның қола дәуірін зерттеуі туралы мәлімет беріңіз. Т СББР-дың №105 интерактивті түсіндіруін тыңдатыңыз. Интерактивті материалды тыңдатудан бұрын оқушыларға төмендегі тапсырманы ұсыныңыз: 1 топ: материалдан сандық мәліметтерді (қанша еңбек құралдары, мал сүйектері, ыдыстар, обалар табылды ) жазып алуы тиіс; 2 топ:сапалық мәліметтерді (қай аймақтан, қандай ескерткіштер, олардың ерекшеліктері, табылған заттардың атаулары) жазып алуы тиіс; 3 топ: адамдардың антропологиялық ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді түртіп отыру 4 топ: интерактивті материалға қатысты туындаған сұрақтарды дайындау. Т Алған ақпараттарды жинақтап, жүйелеу үшін топтық жұмысты ұйымдастырыңыз. ДЖИГСО әдісін пайдалана отырып, топтар өздерінің түртіп алған ақпараттарымен бөлісіп, талқылайды. Бейнематериалдағы мәтінді қалпына келтіру үшін топта бірігіп жұмыс жасайды, оқиға желісін құрастырады. М. Мұғалім оқушыларға Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы мәтіндерді таратып береді. Ж Андронов мәдениеті мен Беғазы Дәндібай мәдениетін салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып қорытындылайды.
Критерийлер: кем дегенде 2 ерекшелігі мен 2 ұқсастығын жазады. 2 дәлелдеме келтіреді. Бағалау. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп жүріп, бағалап шығады. Тапсырманы критерийлерге сәйкес толық орындаған оқушыларға көк түсті , жартылай орындаған оқушыларға сары түсті, орындамаған оқушылар болса қызыл түсті стикерлер беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда мұғалім бақылап, қарап жүреді, қажет болса оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Т Оқушылар қола дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына көшудің себептерін талдайды. Топтарға көшпелі мал шаруашылығына көшудің 6 себебі жазылған карточкаларды ұсыныңыз. Оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, негізгі деген екі себебін таңдап, дәлелдеуі тиіс. Мысалы, мүмкін болатын себептер:
Интерпретация Т/Ж Қола дәуірі туралы оқушылар репортаж дайындайды. Критерийлері: 1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы 2. Қызықты фактілердің келтірілуі 3. Белгілі бір деректерге сүйенуі
Бағалау. Мұғалім тапсырманы орындау барысында оқушыларды бақылап жүреді. Оқушылардың қасында тұрып олардың жауаптарын тыңдайды. Мұғалім өзінің журналына оқушыларды бағалап жүреді. Үздік жауаптар берген оқушыларды атап өтеді. Дифференцияция. Тапсырма оқушылардың білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау дағдыларын тексеруге арналған. |
Беғазы-Дәндібай картасы
http://www.tarih.spring.kz/kk/history/oldest/maps/
ССБР № 105. Қазақстан тарихы http://e-history.kz/kz/scorm/course/181
http://www.astana-akshamy.kz/alkejding-qazaq-alemi/
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма. Эссе жазу «Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты?» 60-80 сөз шамасында, 2 фактінің болуы
Кері байланыс. Маған ұнады…… Мен тілеймін…… Маған қиын ................. болды. Кері байланысты жазбаша немесе ауызша түрда алуға болады. Жазбаша түрде алынса уақытты тиімді пайдалануға және барлық оқушыларды қамтуға мүмкіндік бар. |
|
|||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Сабақта дифференцияция жүріп отырды. Оқушылардың қабілеттері мен қабылдауына байланысты тапсырмалар сараланып берілді. Оқушылардың білу, түсіну, қолдану, анализ, бағалау дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар болды. Мысалы, зерттеу мен талдауға арналған тапсырмалар оқу жоспарында көрсетілген. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бағалау. Мұғалім оқушыларды жұмыс жасау барысында бақылап жүреді, қажет болса кеңестер береді. Әр топ өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін, мұғалім жақсы жақтарын атап өтеді. Үздік жауаптар берген оқушыларды атайды.
|
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||
|
|||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген