400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Энергияның сақталуы және айналуы" 7-сынып. Физика.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәнінің мұғалімдеріне сабаң өту барысында қажет. ҚМЖ-да сабақ тақырыбына байланысты тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылған. 7-сынып оқушыларының білім деңгейі мен мүмкіндіктері ескеріліп жасалынған. Сараланған тапсырмалар жиынтығы ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Энергия

Мектеп: Қосбұлақ негізгі орта мектебі

Пән: Физика

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні, тегі: Шардар Жандос

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Энергияның сақталуы және айналуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.6 механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаты


1. Механикалық энергияның негізі формулалары мен өлшем бірліктерін білу.

2. Есепте берілген физикалық шамалардың белгілеулері мен атауларын және олардың өлшем бірліктерін ХБЖ-не түрлендіру.

3. Механикалық энергияның сақталу заңы формулаларын түрлендіре отырып есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийі

1. Механикалық энергияның өлшем бірліктері мен формулаларын жазады.

2. Есепте берілген физикалық шамалардың белгілеулерін және олардың өлшем бірліктерін ХБЖ-не түрлендіре алады.

3. Механикалық энергияның сақталу заңының формулаларын түрлендіре отырып есептерді шығаруда қолдана алады.

4. Есептер шығару кезінде нетижеге жетеді.

Тілдік мақсаттар

Тақырыптың мазмұнын оқып үйрену және ойлау, тақырыптағы негізгі ұғымдармен жұмыс жасауға дағдыландыру.


Терминдер: Энергия, потенциалдық, кинетикалық

Терминология:

Энергия 

Энергия  

Energy

Механикалық энергия

Механическая энергия

Mechanical energy

Кинетикалық энергия

Кинетическая энергия

Kinetic energy

Потенциалдық энергия

Потенциальная энергия

Potential energy


Механикалық энергияның сақталу заңы ... орындалады.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында маңызды рол атқарады.

Пəнаралық байланыс

Математика (формулаларды түрлендіруде теңдеуді шешу әдісін қолданады. Математикалық амалдарды қолдану арқылы есептер шығарады).

Алдыңғы

тәлім-тәрбие

Механикалық энергияның түрленуіне мысалдар келтіру.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыстар

(төменде берілген тапсырмаларды сіздің жоспарларыңызға сәйкес алмастырыңыз)

Ресурстар

Басталуы


(1-2 мин)






(3 мин)


Ширату жаттығулары

арқылы оқушылардың бойында жылдам ойлау, іздену дағдыларын қалыптастырамын.



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

  1. Кинетикалық энергия

  2. Потенциалдық энергия

  3. Жұмыс

  4. Қуат

Ширату жаттығулары арқылы өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап алу:

  1. Сендер әткеншекті орнынан қозғалту үшін қандай әрекет жасайсыңдар?

  2. Адам қай жолы көбірек энергия жұмсайды: тауға көтерілгенде ме немесе сол қашықтықты жазық жолмен жүргенде ме? Неге?

  3. Допты жоғары лақтырғанда оның энергиясы қалай өзгереді? Төмен құлағанда ше?

  4. Денені ағаш бетімен қозғалтқанда оның механикалық энергиясы сақтала ма? Неліктен?

  5. Қорғасын жүктің қорғасын тақтаға соғылуы кезінде денелердің деформацияланғанын және қызғанын байқаймыз? Неліктен?


Өткен тақырыпты қайталау

(8 мин)









Тізбектен не түсіп қалған?

Бұл әдіс арқылы оқушылардың бойында көру, ажырату, толықтыру, ойлау дағдыларын қалыптастырамын





Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?

Бұл әдісі бойынша оқушыларда нақтылау, сұрақ қоя білу, танымдық ойлау, іздену дағдыларын қалыптастырамын.




Суреттер: Не болды?

Бұл әдіс арқылы оқушылардың бойында көру, ажырату, баяндау, толықтыру дағдыларын қалыптастырамын.


Өткен тақырыпты пысықтау үшін топтарға тапсырмалар беремін.

1-топ Сұрақтар

  1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?

  2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?

  3. Үйкеліс күші бар болса, механикалық энергия сақтала ма?

  4. Дененің ішкі энергиясы қай уақытта өзгеруі мүмкін?

2-топ. Тізбектен не түсіп қалған?

  1. Сыртқы күштермен әрекеттеспейтін денелердің идеал жүйесін ... деп аталады.

  2. Дененің потенциалдық және .... қосындысы механикалық энергия деп аталады?

  3. Механикалық энергияның сақталу заңы ... орындалады.

  4. Механикалық энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: .... жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің .... энергиясы өзгеріссіз сақталады.

3-топ. Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады? Оқушыларға сөйлемдер беремін. Жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтайды.

  1. Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы мен өзара әрекеттесу энергиясы

  2. Механикалық энергияның ішкі энергияға және кері айналуының өлшемі

  3. Механикалық жұмыс істелгенде, не берілген дененің өзін қоршаған денелермен жылу алмасуы кезінде өзгереді

  4. Денелердің немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты энергия

4-топ. Суреттер: Не болды? Оқушыларға сурет көрсетемін. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет.

Үлестірме қағаздар,

Суреттер

Ортасы


(22 мин)
















Джигсо әдісі

Мұнда оқушылардың талдау, салыстыру, синтез, жалпылау сияқты логикалық ойлау дағдылары дамиды.


1. Физикалық шамалардың белгіленуін, өлшем бірліктерін және формуласын сәйкестендіру.

Физикалық шама

Өлшем бірлігі

Белгі-ленуі

Формула-сы

Кинетикалық энергия

Джоуль (Дж)

А

N =

Жұмыс

Секунд (с)

Ek

Eп =mgh

Қуат

Джоуль (Дж)

Eп

A=F*s

Потенциалдық энергия

Ватт (Вт)

N

W= Ek+ Eп

Механикалық энергия

Джоуль (Дж)

T

t =

Қысым

Паскаль (Па)

Р

Р =

Уақыт

Джоуль (Дж)

W

Ek =

2. Джигсо әдісі. Есептер шығару.

Әр топ мүшелеріне әр түрлі деңгейдегі есептер беріледі. Оқушылар өздеріне берілген есепті шығарып, топта өзара талқылайды. Сәйкес деңгейдегі есебі бар оқушылар өзара бір топқа жиналып өз тобындағы барлық оқушылардың есебін түсіндіреді.

1-топ.

1. Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы қандай?

2. Шегені 3 м/с жылдамдықпен соққан массасы 0,4 кг балғаның кенетикалық энергиясы неге тең?

3. Массасы 2,5 кг жүк биіктіктен құлайды. Түссе бастағаннан 1 с өткеннен кейін оның потенциалдық энергиясы қанша өзгереді? Жүктің бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

4. Тарту күші 80 кН және жылдамдығы 10 м/с электровоздың қуаты Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар.


2-топ.

1. Жер бетінен 3м биіктікке көтерілген массасы

2кг дененің потенциалдық энергиясы қандай? (g=10м/с2 )

2. Массасы 2 кг дененің 10 м биікіктегі толық механикалық энергисы. (g=10Н/кг)

3. Қада қағатын массасы 500 кг дәу балға 10м биіктіктен түсіріледі. Оның 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы неге тең болады? Оның істеген жұмысы неге тең?

4. Массасы 9г оқ қалыңдығы 5см тақтайды тесіп өтіп , өзінің жылдамдығын 600 м/с –тан 200 м/с шамасына дейін кемітеді. Кинетикалық  энергияның өзгерісін, тақтайдың үйкеліс күшін және оның жұмысын табыңдар. Кедергі  күшін  барлық жағдайда да тұрақты деп алыңдар.


3-топ.

1. Дененің белгілі бір биіктіктегі потенциалдық энергиясы 200 Дж, ал кинетикалық энергиясы 300 Дж болса, оның толық механикалық энергиясы неге тең?

2. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см сығылғанда, оның потенциалдық энергиясы?

3. Жер бетінен  10м биіктіктегі  балконнан 0,5кг  доп көкжиекке  параллель 10м/с жылдамдықпен  лақтырған жерге түсер кездегі доптың механикалық  энергиясы қандай?

4. Массасы 250г дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды.
1. Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;
2. Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;
Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.


4-топ.

1. Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

2. Массасы 12 кг денені 6 м биіктікке көтрілдегі потенциалдық энергиясы қандай болады?

3. Массасы  100 т  ұшақ   жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы  200 м/с болады. Оның жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

4. Массасы 5 т жер серігін 100 км биіктікке 8 км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шағындалады? Жер серігінің орбитадағы механикалық энергиясы неге тең?


Критерий

Дескриптор

1. Механикалық энергияның өлшем бірліктері мен формулаларын жазады.


1. Механикалық энергияның өлшем бірліктерін жаза алды.

2. Механикалық энергияның формулаларын жазды.

2. Есепте берілген физикалық шамалардың белгілеулерін және олардың өлшем бірліктерін ХБЖ-не түрлендіре алады.

3. Механикалық энергияның сақталу заңының формулаларын түрлендіре отырып есептерді шығаруда қолдана алады.

4. Есептер шығару кезінде нетижеге жетеді.

1. Физикалық шаманың белгіленуін жазды.

2. Физикалық шаманың атауларын білді.

3. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не түрлендірді

4. Формулаларды түрлендіре білді.

5. Есептің нәтижесіне жете алды.


Кестелер,

үлестірмелер, суреттер, есептер жинағы, оқулық.


Аяқталуы

(5 мин)







(5 мин)

«Деталь қосу» әдісі бойынша сабақта алған білімдерін жинақтауға бейімдеймін.

Бірінші оқушы қойылған сұраққа жауап береді, келесі оқушы өзіне қойылған сұраққа жауапты алдындағы оқушы жауабын қоса айтады, келесі оқушы өз жауабына қоса алдыңғы екі оқушы жауабымен қоса айтады, т.с.с.


«БББ кестесі» арқылы кері байланыс алу.

Білемін

Білдім

Білгім келеді






Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз көп қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай есептер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар

Барынша қолдау көрсетуді қажет ететін оқушыларға төмен деңгейлі есептер мен карточкадағы мысалдарды пайдаланамын.

Барлық сыныпқа берілген тапсырмаларды кейбір оқушылар уақытынан бұрын орындап қояды. Оларға деңгейіне қарай қосымша күрделі есептер беремін.

Сабақтың әр кезеңі сайын қалыптастырушы бағалау кері байланыс түрінде беріліп отырады.


«БББ кестесі»

«Деталь қосу» әдісі

«Джигсо» әдісі.

Математика (формулаларды түрлендіруде теңдеуді шешу әдісін қолданады. Математикалық амалдар арқылы есептер шығарады.)


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Талдау жасау


Осы бөлімді сабаққа талдау жасауға қолданыңыз. Сіздің сабақ жөніндегі сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты/тәлім-тәрбие мақсаты шындық мәнінде болды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақ атмосферасы қандай болды?

Менің жұмысқа саралап жiктеп жасаған әдісім іске асты ма?

Мен жоспарды графикке сыйғыза алдым ба?

Өз жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізер едіңіз және неге?


Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру жөнінен де, үйрету туралы да ойлаңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (сабақ беру жөнінен де, үйрету туралы да ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектестін сынып немесе жеке оқушы жөнінде не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
3115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі