400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Жаз деген..." 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Жаз деген..." 7-сынып қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар.

7-сынып

Күні:


Сынып:

7 б

Сабақтың тақырыбы:

Жаз деген...

Сабақтың мақсаты:

Жаз мезгілі туралы және жаздағы ауа райы туралы айта алу; тақырып бойынша байланыстыра сөйлеу дағдыларын арттырады;


Күтілетін нәтиже:

Мәтінді оқып,мазмұнын айта алады.Жаңа сөздерді жатқа біледі,сауатты жазады және өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алады.

Сілтеме

7-сынып қазақ тілі оқулығы , 52-53 беттер

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Оқулық 4. АКТ

2. Шар 5. жетондар

3. Карточкалар

Оқыту әдістері:

СТО

Ой қозғау

Оқыту үшін бағалау

Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер

1.топтық жұмыс

2. жұптық жұмыс


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушыларды түгендеу, 2 топқа бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Бағалау парақшаларын тарату.

2. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу.


ІҮ. Тапсырма

Сұрақтар тапсырмасы.

Жоба қорғау

Ү. Сергіту сәті

Қимыл қозғалыс жаттығуын жасау «Мен қазақпын»

ҮІ. Пысықтау

Оқулықпен жұмыс.1-тапсырма. «Жаз деген» өлеңін мәнерлеп оқу, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.

3-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып,мазмұнын әңгімелеңдер.


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы


2-тапсырма.52-бет.Үлгі бойынша сын есімдерді қатыстырып, сөйлемдерді жазып алыңдар.

ҮІІІ Кері байланыс

Күлімдеп және мұңайып тұрған смайликтер жапсыру арқылы кері байланыс орнатылды.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті






Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу.

Психологиялық тренинг өткізу.Күлімдеп тұрған смайлигі бар шарды бір-біріне беру арқылы жақсы тілектер айту.

Күннің көзі ,жұлдызша қиманы таңдату арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Сыныптың алтын ережелерін еске түсіру.

Әр оқушыға бағалау парақшасын тарату.

Күннің көзі ,жұлдызша қиманы екі түрін таңдаулары бойынша 2 топқа бөлініп, орындарына отырады.











Сынып алтын ережелерді дауыстап оқып, естеріне түсіреді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын «ала доп» әдісі арқылы тексеріп өтеміз. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушыларға смайликтер таратып беріледі.

«Отбасы мүшелеріне арналған сыйлықтар» тақырыбына эссе жазу.

Оқушылар допты бір-біріне беру арқылы үй тапсырмасын тексеріп шығады.



ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу

Интербелсенді тақтада жазылған сөзжұмбақты шешу арқылы үй тапсырмасын анықтап алады.

Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жаздыртады.


Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазады.

Тапсырма


1.Сұрақтарға жауап беріңдер.

а/Жаз айларын атаңдар.

ә/Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

б/Ауа райы қандай?

в/ Жаз қандай ай?

2.Топқа тапсырма береді.

«Жаз деген» Жоба дайындауға тапсырма береді.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушылар топ болып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды.



«Жаз деген» тақырыпқа әр топ жоба дайындайды, қорғайды.

Ү. Пысықтау

Оқулықпен жұмыс.1-тапсырма. «Жаз деген» өлеңін мәнерлеп оқу, тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар деп тапсырма береді.

Сонымен балалар Ыдырысовтың өлеңі бойынша жаз деген не екен? деген сұрақ қояды.

3- тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеңдер./ жұппен жұмыс/

Карточкамен жұмыс. Мәтін бойынша карточкалардағы сұрақтарды таратып береді.

1-тапсырма. «Жаз деген» өлеңді мәнерлеп оқиды, тәуелдік жалғауы бар сөздерді дәптерлеріне теріп жазады. Берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқушылар жұпқа бөлініп, мәтінді 3 абзацқа бөліп,оқып,аударып,бір-біріне түсіндіреді.Содан кейін жұптағы оқушылар топтарына оралып,мәтінді толық талқылап, бір-біріне түсіндіреді.

Мәтін бойынша карточкалардағы сұрақтарға жауап береді.

ІҮ. Сергіту сәті

«Мен қазақпын» сергіту сәтін ұйымдастырады

Сергіту сәтіне қатысады.

ҮІ. Қорытынды

Сабақты қорытындылайды.

«Ала доп» әдісін қолдана отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз.

Оқушылар жауап береді.

Кері байланыс

Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазып, Күлімдеп тұрған немесе мұңайып тұрған смайликтерге жапсыруға тапсырма береді.

Тақтада ілулі тұрған «Смайликтерге» сабақтан алған әсерлері туралы жазылған стикерлерлерін жапсырады.


ҮІІ. Үй тапсырмасы

2-тапсырма.52-бет.Үлгі бойынша сын есімдерді қатыстырып,сөйлемдерді жазып алыңдар.

Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп алады.

ҮІІІ. Бағалау


Сабақ барысында алған смайликтер санына байланысты балдарын қорытып, бағалау.

Бағалау парақшасындағы смайликтерді санайды.

Сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
813
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі