400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қысқа мерзімді сабақ жоспары "Жемістер мен көкөністер" 1 орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын орыс сыныбындағы қазақ тілі мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сабақ: «Жемістер, көкөністер»

Мектеп: «Миролюбовка ортамектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чалова Б.К.

Сынып:1 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О1.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

А5.1.1 Қарапайым фильмдер мен тыңдалым материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әр сөзде неше дыбыс барын және әр сөйлемде неше сөз, неше буын барын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.Суреттер бойынша сөз тіркестерін құрай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Бейнематериалдан ұққандары бойынша ой қорытады және басқалардың жауабына баға береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Әр сөзде неше дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сөздік қорлары Глоссарий арқылы молаяды.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Диалог топпен жұмыс барысында жүзеге асады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Балалар, көкөністерге нелер жатады?Жемістердің қандай түрлері болады?

Не себепті ......деп ойлайсың?

- Не себепті аю бізге Күздің суретін беріп отыр?Күзде не піседі? т.б.

Алдыңғы оқу:

Көкөністер, жемістер жайлы түсінік беру, көрнекіліктер арқылы есте сақтау.

Жоспар

уақыты

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы




3минут



1 минут





Сәлемдесу. Тренинг: «Шаттық шеңберін»құрастыру.Оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, ең дәмді көкөністер мен жемістерді сыйлайды.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын төмендегідей өлең жолдары арқылы білдіру:

Кел балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Көкөніс , жеміс, жидекті

Біз бақтардан жинайық...

Балалар, бүгінгі тақырып қандай деп ойлайсыңдар?

Көкөніс, жеміс,жидектер атауларына байланысты екі жаққа бөлінеді.

Көкөністер, жемістер.

Ортасы


2 минут









5 минут
















10 минут























1минут



-Балалар, бүгін біздің сабағымызға келген қонағымыз бар. Ол-аю. Аюдың келіп отырған себебі өткен сабақтарымызда алған білімдерімізді сынап көрмекші. Ендеше өз білгенімізді біз аюға паш етейік. Ол үшін аю дайындап әкелген тапсырмалардан сүрінбей өтейік. Жарай ма?

Т 1- тапсырма

-Ал,ендеше, бірінші тапсырма мынандай, сендер мына тұрған себеттерге көкөніс, жемістерді бөліп саласыңдар.

Көкөністер: қызанақ, қияр, картоп, қызылша, сәбіз, орамжапырақ.

Жемістер: алма, алмұрт, шабдалы, жүзім.

Көкөніс атауын дауыстап атап, себетке салады.

Жеміс атауын дауыстап атап, себетке салады.

Жидек атауын дауыстап атап, себетке салады.

Бағдаршам әдісімен бағалау

ЖЖ 2- тапсырма.

Жаңа сөздерді «Кім жылдам?» әдісі арқылы естеріңе сақтап, жатқа айтып сүреттеңдер.

Домалақ-круглый (-ая,-ое)

Қатты-твердый (-ая,-ое)

Дәмді-вкусный (-ая,-ое)

Жұмсақ-мягкий (-ая,-ое)

Тәтті-сладкий (-ая,-ое)

Пайдалы-полезный (-ая,-ое)

« Дара диаграмма» Корытындылау.

Shape1









.

3- тапсырма Оқулықтағы суреттермен танысады.
Әр сөйлемде неше сөз, жеміс көкөністердің аттарында неше буын барын анықтайды,неше дауысты, дауыссыз дыбыс барын айтады

1: Саша қызыл алма жеді.Бақыт алмұрт жинады. Жібек сәбіз суғарды.
Сергіту сәті: видео

4- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясын пайдаланып, әр топ бейнеролик мазмұнын талқылайды.
- Балалар, аюдың келесі тапсырмасы бойынша сендер бейнеролик көресіңдер.

Сұрақтар:

- Бейнероликте не бейнеленген?Балалар, қалай ойлайсыңдар, неге аю бізге ренжулі? Күздің суретін беріп отыр? Күзде не піседі?


Смайликтер арқылы бір-бірінің

жұмыстарын бағалау.

Көкөніс, жеміс, жидектердің суреттері.



















Тор себет







Бас бармақ арқылы бір-бірінің

жұмыстарын бағалау


оқулық







Бейнематериал







АКТ

Соңы

5минут

Рефлексия

Балалар, сонымен біз бүгін аюдың көмегімен «Көкөністер. Жемістер» тақырыбын қайталадық. Сол үшін аюға көп рахмет айтамыз.Аюдың сұрақтарына жауап береміз. Жемістерді ата.

Көкөністерді ата т.б(Қол шапалақтау)


Қосымша ақпарат: «Күз» тақырыбына бейнематериал көрсету.


Саралау-оқушыға

мейілінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеттіоқушыға тапсырманы

қалай түлендіресіз

Бағалау-оқушы білімін

тексеру қалайжоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-

Денсаулық және қауыпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

/тәрбие элементі/

Топ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетеді.


Қабілетті оқушыға «ой тастау» стратегиясын пайдаланып, ойлануды қажет ететін түрткі болатын сұрақтарды қою арқылы бейнематериалдағы оқиғадан не түсінгендігін ауызша жеткізу тапсырмасын бере

Оқушы білімін тексеру топ ішінде диалог арқылы жүзеге асады.

Сабақ мазмұнын түсінгендіктерін практика жүзінде бекітіліп, әрі қарай ауызша, жазбаша жұмыстар арқылы жетілдіруді жоспарлаймын.


Күнделікті өмірмен және дүниетану сабағымен байланыстыру.

АКТ дағдылары.

Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру (бір-бірін тыңдау, құрметтеу,

бір-біріне көмектесу, әңгімелесу).

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқуміндеттері орын

Сабақ мақсаттары нақты, шынайы. Бүгін оқушылар тапсырмаларды дұрыс орындауға үйренді. Топ ішінде бір- бірін құрметтеу және үнемі көмек көрсету керектігін білді. Топта ынтымақтастық ахуал орнады. Сабақ жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Сабағым жоспарыма сәйкес өткізілді, тапсырмалардың барлығы орындалды.

Уақытымды ұтымды пайдаландым. Мен жоспарыма өзгеріс енгіздім. Ол оқушылардың қалай үйренгенін қадағалау мақсатында формативті бағалау болып табылады. Себебі бұл бағалау мұғалімге де, оқушыға да өте қолайлы және тиімді, сабақ барысында оқушылардың неге қол жеткізгендіктерін нақты көрсете алады.


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе /оқыту мен оқуға қатысты/.

1:«Шаттық шеңберін» өткізген кезде оқушылардың бір-біріне көкөніс пен жемістер сыйлағаны сәтті өтті.

2: Глоссарий, яғни сөздікпен жұмыс барысында жаңа сөздерді түсініп жатқа айту сәтті болды.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді?

1: Психологиялық тренинг оқушылардың көңіл-күйін көтереді, топтарда ынтымақтастық ахуалды орнатуға көмектеседі.

2: Оқушылардың белсенділігі сабақты жақсарта алды.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Топтық жұмыстың,әсіресе, үлгерімі төмен оқушылар үшін өте қолайлы екендігін білдім. Олардың белсенділігі, қызығушылықтары артты.

2: Көкөніс, жеміс, жидек атауларын дұрыс айтуға, сөз тіркестерін еркін құрастыруға дағдыланып келе жатқандықтарына көзім жетті.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі