жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Менің арманым" 4-сынып
Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Болашаққа саяхат Мұғалімнің аты-жөні: Конырова Бахытгул Аудашкызы Мектеп: Шахтинск қаласы №2 жалпы білім беру мектебі Сынып: 4 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Менің арманым
|
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
4.3.1.1*мәтінді іштей,түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу 4.5.1.2*көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолдану |
|||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Мәтіндегі септік,жіктік жалғауларын ажыратады
|
|||||||||||||
Бағалау критерийлері |
1. Мәтінді іштей түсініп оқиды 2.Септік,жіктік жалғауларын ажыратады . 3. Көптік,жіктік жалғауларын жалға жазады. |
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты негізгі сөздік қор:арман,өз ойым,ғарышкер,теңіз |
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
- мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану; - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік - коммуникативтік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу; - өмір бойы білім алу |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
АКТ ,өзін-өзі тану |
|||||||||||||
Алдыңғы білім |
Мамандық иелерін атау арқылы кері байланыс |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы – 10 минут
І.Қызығушылықты ояту
ІІ.Мағынаны тану
Сабақтың ортасы 25 минут
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сәлемдесу, түгендеу,сыныпта психологиялық ахуал туғызу Ширату жаттығуы: «Сен өскенде кім болғың келеді?» Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.Оқушылар өздеріне лайықты жұп тауып бірі сыртқы шеңберде,бірі ішкі шеңберде тұрып өз армандарын айтады.
Оқылымалды кезеңі.Сөздікпен жұмыс Тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен таныстырылады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушылар қайталайды.Дұрыс айтылуымен танысады. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.Сөздік дәптерлеріне жазып алады.Мысалы:Менің арманым мұғалім болу. Арман-мечта өз ойым-мое мнение ғарышкер-космонавт теңіз-море Оқылым «Сұақты қағып ал»әдісі 1-тапсырмаМәтінді іштей оқып шығып,ақпаратты анықтауға арналған сұрақтарға жауапты мәтіннен тауып оқу Менің арманым Кеше төртінші сыныпта «Менің арманым»деген тақырыпта сынып сағаты өтті.Оқушылар өз ойларын айтты.Әлібек ғарышкер болуды армандаса,Аняның арманы –дәрігер болу.Ал Әнел отбасымен теңізге демалысқа барғысы келетінін айтты.Менің арманым мұғалім болу.
-Мәтіндегі балалардың аттарын ата? -Олар нешінші сынып оқушылары? -Әлібек кім болуды ьармандайды? -Аня кім болуды армандайды? -Әнел кім болуды армандайды? -Сенің арманың қандай?
ҚБ.Мұғалімнің бағалауы «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі
2-тапсырмаМәтіннен көптік,септік жалғаулары бар сөздерді ауызша табу. Мысалы:сыныпта,тақырыпта,оқушылар,ойлар,Аяның,отбасымен,теңізге,демалысқа,
ҚБ. Бағалау парағы арқылы бағалау
3-тапсырма «Суреттерді сөйлет» әдісі бойынша интербелсенді тақтадан суреттерді сөзбен жазып топпен көптік,жіктік жалғауларын жалғап жазу
Ғарышкерлер тобы: ғарышкер сөзін көптейді, жіктейді Дәрігерлер тобы: дәрігер сөзін көптейді, жіктейді Үздіктер тобы: мұғалім сөзін көптейді,жіктейді
ҚБ. Бағалау парағы арқылы бағалау
Сергіту сәті: Жұмбақ шешу 1.Іш ауырса,тіс ауырса Кім дәрі береді? Барлық бала,барлық адам Оны жақсы көреді Дәрігер 2.Бал татыған мәзір, Ол бар жерде әзір Аспаз 3.Рояльда ойнайды, Бірақта ән салмайды Музыкант
ҚБ. Бағалау парағы арқылы бағалау
«Синквейн» әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылау мақсатында әр топ өз мамандықтарына бес жол өлең құрап жазады. 1-зат есім 2-сын есім 3-етісік 4-сөзден сөйлем 5-тірек сөз
Рефлексия: «Арманың орындалсын» әдісі Қолдан қайық жасап,сол қайыққа өз армандарын жазып,қайықты арманымыз орындалсын деген ниетпен ағын суға жібереді
|
Оқулық
АКТ
|
||||||||||||
Саралау |
Үйге тапсырма «Менің арманым» тақырыбына шағын мәтін құрап жазу
Бағалау |
|
||||||||||||
Ресурстар арқылы саралау тәсілі қолданылады. Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар тірек сөздерді пайдалану арқылы тапсырма орындайды |
Оқушы білімін тексеру қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылады: Сабақтың басында – «АӘБВ» әдісі; Сабақтың ортасында –«Тізбектей сұрау»әдісі; Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау дескрипторлар арқылы жүзеге асырылады |
АКТ-мен байланыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау; Топтық жұмыста топ ережесін сақтау
|
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген