15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Қалай дұрыс тамақтану керек?" 1-сынып
![]()
|
Сынып:1 Пәні: Жаратылыстану |
Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Алимбетова Лаззат Туленовна Қатысқандар: 24 Қатыспағандар:0 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қалай дұрыс тамақтану керек? |
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сәйкес) |
1.2.3.3 Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау. 1.1.1.1 Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру. |
|
Сабақтың мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейі: |
Барлық оқушылар: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі: Адамның өсуі мен дамуы үшін дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы әңгімелей алады . Кейбір оқушылар: Қоршаған әлем құбылыстарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіре алады. Білу, түсіну және қолдану. |
|
Бағалау критерийлері: |
1.Қоршаған ортаны танып білу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.Қоршаған ортаны зерттеудің қажеттілігін түсіндіреді. 2.Адамның өсіп -дамуына қажетті жағдайларды атайды.Адамның өсіп-дамуы үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды. |
|
Тілдік мақсаттар: |
1. Пайдалы тағамдар, тамақтану пирамидасы,жылдам әзірленетін тағамдар, фри. 2.Сендер білесіңдер ме? -Биенің жаңадан сауылған сүтін саумал деп атайды. Ол өте пайдалы сусын. |
|
Құндылықтарды дарыту: |
1. Оқушыларды шаттық шеңберіне жинап, «Ыстық алақан» әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілектерін айтқызу арқылы жүзеге асады. Салауатты өмір салтын дұрыс ұстану құндылықтарын қалыптастыру. |
|
Пәнаралық байланыс: |
Математика: «+», «-» таңбаларын тапсырма барысында жазады. Бейнелеу: Адамға пайдалы тағамдарды бояйды |
|
Алдыңғы білім: |
Қоршаған әлем құбылыстарын біледі. Адамның қажеттіліктерін біледі. Өсімдіктер, жануарлар, жыл мезгілдері |
Сабақ барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған тапсырма түрлері |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы (8минут) |
Оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына көңіл бөлу. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне деген жақсы тілектерін «Ыстық алақан» әдісі арқылы айтқызу. Оқушыларды санау арқылы 4 топқа біріктіру. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру. (МК) Адамдар қоршаған ортадағы құбылыстарды, өзгерістерді қалай таниды? Суреттерді пайдалана отырып түсіндіріңдер. «Кім жылдам?» әдісі арқылы іске асады. МК.Ойын : «Ия,жоқ» -Ара жаңбыр жауып тұрса да ұша алады. -Қыранның тырнағы сынып қалса да ұша алады -Ток болмаса да электр шамы жанады -Ұшақтың бензині таусылса қанатымен ұша береді |
Интербелсенді тақтадан бейнелі суреттерді көрсетемін. |
|
|
Сабақтың ортасы (30 минут) Қатысып, жауап беріп отырған оқушыларға бесжұлдыз тарқатып отырамын. (2минут) |
(Ж) Суреттерге мұқият қараңдар.Бала қолын суға неліктен салды деп ойлайсыңдар? Оқушылар жұбымен ақылдасу арқылы өз пікірлерін айтады. (ТЖ) 1-топ-Балалар, тамақтану және ұйқы бізге не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Топта пікірлерін ортаға салып, ортақ шешімдерін айтады. 2-топ-Сендер азанда ұйқыдан тұрғаннан түнде ұйқыға жатқанға дейінгі уақыт аралығында не істейсіңдер? «Сахналау» әдісі арқылы іске асады. 3-топ- Адам ағзасына пайдалы тағамдарға қандай тағамдар жатады ? «Ақыл-ой картасы» әдісі арқылы іске асады. 4-топ-Зиянды тағамдар болады ма? «Ақыл-ой картасы» әдісі арқылы іске асады. Оқушылардың пікірлері тыңдалады. ТЖ 1-2-топ: Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+» таңбасын, ал зиянды тағамдардың тұсына «-» таңбасын қойыңыз. 3-4-топ: Тек пайдалы тағамдарды бояңдар. 4-тапсырма: (ӨЖ ) Суреттерге сүйеніп, адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атаңдар. Оқушылар өз пікірлерін айтады. 5-тапсырма:(Ж) Пирамидаға бір күндік пайдалы тағамдар рационын түсір. Ширату жаттығуы: «Сүйекше» әдісі арқылы іске асады. Оқушылар ойыншық текшені кезекпен ортаға тастайды. Қандай тағамның атауы өзіне қарап т, сол тағамның адамға пайдасы туралы айтып береді. |
Бейнелі суреттер
Тағам түрлерінің суреттері Дастархандағы тағамдардың суреттері Пирамиданың суреті. Ойыншық текше |
|
|
Сабақтың соңы (5минут) |
Рефлексия: Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін білдіреді. «Басбармақ» әдісі арқылы көрсетеді. Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңа байланысты өз–өздеріңді бағалаңдар. |
Басбармақтарын қалаған нұсқаға қаратады. Бағдаршам түстері арқылы бағалайды. |
|
|
Дескрипторлар: |
1. -Қоршаған ортаны тану тәсілдерін атайды. -Қоршаған ортаны тану үшін, бақылаудың, зерттеудің, тәжірибе жасаудың қажеттілігін түсіндіреді. 2. -Суреттерге қатысты ойын айтады. -Әр суреттегі судың температурасын атайды. -Сұрақ бойынша ой қорытып, жауап береді. 3. -Адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді -Адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды. -Адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді. 4. -Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атайды. -Адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар туралы әңгімелейді. 5. -Пайдалы бір күндік тағам рационын белгілейді. |
|
|
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Не сәтті өтті: Белсенді әдіс-тәсілдерді осы сабағымда дұрыс қолданамын. Сабақ мақсатына сәйкес ойын түрлерін қосқаным сәтті болды деп ойлаймын. Не сәтсіз өтті: Сәтсіз өткен тұстары болмайды деп ойлаймын. Не құнды: Осы сабағымды жоспарлауда сабақ мақсатын дұрыс құрдым. Себебі: алдында өткен ықшамсабағымда сабақ мақсатын дұрыс қоймаған едім. Сабақ кезеңдерінде уақытты ұтымды пайдалануға тырысамын. |
||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
|
Оқу мақсаттарында саралауға назар аударылған. Тапсырмалар берілуде оқушылардың оқу үлгерімі ескерілді.Саралау әдісі топтық жұмыста, өзіндік жұмыста, жұптық жұмыста, зерттеу жұмысында жалпы ОМ сай осы сабақтағы барлық тапсырмаларда орын алып отырады. |
Бағалауда әр тапсырмадан соң белсенді қатысып отырған оқушыларды формативті бағалап отырамын.Мысалы: Жарайсың! Керемет! Өте тамаша ! Сен әртіс екенсің! Сен мықтысың! Ақылдысың! Соңында: Бірақ, сен көркем жазу керексің. Келесі сабақта бүгінгіден де жақсы жауап беруге тырыс.Бірақ,топ ережесін сақтау керексің.Алайда, достарыңды тыңдау керексің , сыйлау керексің деген секілді ескерту сөздерін де айтамын. Жұлдызшалар арқылы да бағалаймын. Қосымша көмек көрсету үшін оқушыларға дайын тапсырма беріледі. |
Тапсырмаларды орындауда керекті ресурстардың барлығын дайын күйінде алып келемін. |
|
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы 2.Тапсырмаға сәйкес ой қорытып, жауап бере алуы. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Болашақта белсенді тақтадан тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсету 2.Зерттеуде шынайы пайдалы тағамдарды пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Жеке журналыма сабаққа белсенді қатысқан және немқұрайлы отырған оқушыларды түртіп алып отырамын.Келесі сабаққа сол оқушыларға тапсырманы лайықтап әкелуге тырысамын. |
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген