400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Шартты (форматтау) пішімдеу 7 сынып Информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.2.4 Электрондык кестеде шартты пішімдеуді (форматтау) қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Уашев Мырзағали Назарұлы



Қызылорда облысы Шиелі кенті №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің

информатика пәні мұғалімі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 7.2.А Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Мектеп: №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уашев Мырзағали

Сынып: 7

Пәні: Информатика

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Шартты пішімдеу (форматтау)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4 Электрондык кестеде шартты пішімдеуді (форматтау) қолдану

Сабақ мақсаты

Барлығы: Электрондық кестенің элементтерін саймандар және меню командаларының көмегімен шартты пішімдей (форматтай) біледі.

Көпшілігі: кестені ұяшықтар стилі бойынша пішімдей алады.

Кейбірі: кестеде шартты пішімдеу кезінде әртүрлі әрекеттерді орындай алады..

Бағалау критерийі

Электрондық кесте элементтерін шартты пішімдей алады (форматтау)

Тілдік мақсаттар


Электрондық кестеге қатысты жұмыс орындауда оның элементтері мен қызметші сөздерін орынды және дұрыс пайдалану, командаларды компьютерде ғана емес ауызша орындауға да дағдылану: кестенің шекараларын қою, ұяшыққа белгішелер жиынтығын қою, гистограмма мен жұмыс, бірінші және соңғы мәндерді іріктеу, шартты пішімдеу түрлерін орындау;

Диалог құруға: Ұяшықты форматтау үшін ……. қажет

Екі ұяшықты біріктіру үшін …….. қажет

Формуланы ……… көмегімен жазамыз

Мәтін ….. басталады

Құндылықтарға баулу

Электрондық кестеде тапсырмаларды орындау арқылы жауапкершілікке, қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, өзге елдің мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

География 7-сынып, математика (6 сынып. Арифметикалық орта, санның минимумы мен максимумын табу)

Алдын ала білім


Ақпараттың кесте түрінде берілу мағынасын түсінеді, жол, қатар, баған, ұяшық түсініктерін біледі, кестенің мүмкіндіктерін тәжірибеде қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы

жоспарланған қызмет


Ресурстар

Сабақ басы

2 мин





3 мин






















І. Ынтымақтастық атмосфераны құру:

Топқа біріктіру

- Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызады бір-біріне деген жақсы тілектерін айтады.

- Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлеміз:Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.Сабақ соңында топ қасиетін айту.

ІІ. Оқушылар назарын шоғырландыру



«Миға шабуыл» әдісі. Сұрақтар:

1.Ақпарат қандай түрде берілген?

2.Неше баған, неше қатардан тұрады?

3.Күнделікті өздеріңе керекті маңызды ақпараттарды әртүрлі көздерден алып, пайдалану үшін ерекшелеудің қандай түрін қолданасыңдар?

4.Кестеге орналасқан сандық мәндердің ішінде ең кішісін, ең үлкенін, ең көбін, ең азын көзбен қалай жылдам айыруға болады?-деген сұрақтарға жауап ала отырып, сабақ мақсатын анықтаймыз.

5.Қалай ойлайсыңдар сабақ соңында не үйренеміз? - сұрағын қоя отырып, сабақ соңында қандай нәтижеге жеткісі келетінін анықтаймыз.

«Мадақтау сэндвичі» .(2 ұсыныс, 1жұлдыз) арқылы бағалау.







Геометриялық фигуралар







АКТ құралдары

Сабақ ортасы

3 мин

3 мин











6 мин

























1 мин









7 мин














Кестелерді Ms Excel-де шартты пішімдеу туралы бейнесабақ

«Сұрақ-жауап» әдісі. Бейнесабақтан алған білімдерін байқау үшін, тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы топтар арасында сұрақтар береміз.

1. Шартты пішімдеу қайда орналасқан?

2. Шартты пішімдеудің қандай түрлері бар?

3. Белгішелер жиынтығы қандай белгілерден тұрады?

Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Тапсырма 1.Кестемен жұмыс.

(С) Кесте элементтерін шартты пішімдеу қажеттілігіне назар аударту

( Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі: «үлкен», «кіші», «тең», «аралығында» мәндерін түсіну).

  1. (С) Оқушыларға оқулықтың атауы, бағасы және саны көрсетілген кестені теруді ұсыну.

  2. (С) «Бағалар» бағанасында құны 600 тг-ден асатын оқулықтарды ерекшелейді.

  3. (С) «Саны» бағанасындағы ұяшықтардағы мәндердің үлкен-кішісіне қарай бояп, ерекшелейді.

«Фигуралар» арқылы бағалау.

(Бесжұлдыз-жарайсың, өте жақсы, төртбұрыш-жақсы, үшбұрыш-әлі де көмек қажет етеді)

«Ойлан тап» әдісі. Сергіту сәті

Мәди, Еңлік және Ләззат дүкеннен циркуль, сызғыш және калькулятор сатып алды.Мәдидің сатып алғаны калькулятор емес, Ләззаттың сатып алғаны циркуль емес, Еңліктің сатып алғаны калькулятор да, циркуль да емес.Кім не сатып алды?

Жауабы: Еңлік –сызғыш, Мәди – циркуль, Ләззат –калькулятор сатып алған.

Жауабын тапқан оқушыны ауызша мадақтап өту.

Тапсырма 2.Төмендегідей электронды кесте құру.

«Салыстыр» әдісі.Оқушылар өзінің жасаған жұмыстарын интерактивті тақтамен салыстырады, жетістігі мен кемшіліктерін көреді.

Компьютердегі дайын кестелермен жұмыс жасайды.

(С) Пән бағаларының жанына «Белгішелер жиынтығынан» (Набор значков) кестедегідей түрлі бағдаршалар мен жалаушаларды орналастырыңдар

(Ж) Оқушыларға жұмыстарды өзара бағалауға және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік беру.

«Боялған асықтар» арқылы бағалау. (Жасыл түс-өте жақсы, сары түс-жақсы, қызыл түс-әлі де көмек қажет етеді)


https://youtube. com/ - Кестелерді Ms Excel-де шартты пішімдеу туралы бейнесабақ









Таратпа қағаздар



























Слайдтар











Интерактивті тақта

Компьютерлер жиыны


















Сабақ соңы

8 мин













































5 мин



1 мин





1 мин

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. (С) Дайын кестемен жұмыс

1.Ұзындығы бойынша ең ұзын бес өзенді анықтау;

2.Көлемі бойынша ең үлкен бес өзенді анықтау;

3.Ең ұзын, ең үлкен өзендерге түстер қою.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Бағалау критерийлері

Электрондық кестеде шартты пішімдеуде

маңызды ақпараттарды ерекшелеуді қолдану

мақсатын түсінеді;

Кестені шартты пішімдеу саймандарының

қызметін біледі;

Шартты пішімдеу терезесінің құрылымының

командалар тізбегін қолдана алады;






















Дескрипторлар

- Шартты пішімдеуден Ұяшықтарды ерекшелеу

ережесінен-Ең үлкен мәнін пайдаланып, ең

ұзын бес өзенді анықтай алады;

- Шартты пішімдеуден Ұяшықтарды ерекшелеу

ережесін пайдаланып, көлемі бойынша ең

үлкен бес өзенді анықтай алады;

-Шартты пішімдеуден – Түстер шкаласы

командасын пайдаланып, түстер шкаласымен

белгілей алады.

Оқушылардың орындаған тапсырмасының нәтижесіне қарай ауызша кері байланыс беремін.

Кері байланыс. «Допты лақтыру»

Мұғалім допты лақтырып сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды.Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді.

Топ қасиеттерін айтып беру:

Үшбұрыш: лидер, билікке ұмтылғыш, қайткен күнде де жеңіске жетеді.

Төртбұрыш: білуге құштар, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл.

Дөңгелек: қолы ашық, өзгені түсінетін, байсалды, сенгіш, достары көп.

«Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле» Жүсіп Баласағұн

Үйге тапсырма: Шартты пішімдеу

Интерактивті тақта.

Компьютерлерде кестелер үлгісі









































































Оқулық

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылар арасында топтық, жекелеген жұмыстар бойынша тапсырмалар беріледі.Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету мақсатында жан-жақты қолдау көрсету.Қабілетті, шығармашыл оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындаймын.





«Мадақтау сэндвичі», «Фигуралар», «Боялған асықтар»,смайликтер арқылы бағалау;

Дескриптор арқылы бағалау.

Ауызша кері байланыс жүргіземін.Оқушылар деңгейін біле отырып, келесі сабағымды жоспарлаймын.


Денсаулық сақтаушы технологиялар.Сергіту сәтіне ойлау қабілетін арттыруға байланысты логикалық тапсырма алынды.

Оқушылардың компьютердің алдында дұрыс отыруын қадағалау.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінен осы сабақта қолданылатын тармақтар. Көзге жаттығу. Компьютерде жұмыс 20 минут.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен?

Егержетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

Осы тарауды сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға сол бағанда жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?






























Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Бағалау критерийлері

Электрондық кестеде шартты пішімдеуде маңызды ақпараттарды ерекшелеуді қолдану мақсатын түсіндіреді;

Кестені шартты пішімдеу саймандарының қызметін біледі;

Шартты пішімдеу терезесінің құрылымының командалар тізбегін қолдана алады;



























Дескрипторлар

- Шартты пішімдеуден Ұяшықтарды ерекшелеу ережесін пайдаланып, ең ұзын бес өзенді анықтай алады;

- Шартты пішімдеуден Ұяшықтарды ерекшелеу ережесін пайдаланып, көлемі бойынша ең үлкен бес өзенді анықтай алады;

-Шартты пішімдеуден Ұяшықтарды ерекшелеу ережесін пайдаланып, түстер шкаласын орналастырады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі