400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Сымсыз желілер" 6-сынып. Информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал информатика пәнінің мұғалімдеріне сабаң өту барысында қажет. ҚМЖ-да сабақ тақырыбына байланысты тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылған. 6-сынып оқушыларының білім деңгейі мен мүмкіндіктері ескеріліп жасалынған. Сараланған тапсырмалар жиынтығы ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Компьютерлік жүйелер мен желілер

Бөлім: Компьютерлік жүйелер

Мектеп: Қосбұлақ негізгі орта мектебі

Пән: Информатика

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні, тегі: Шардар Жандос Бейсенұлы

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сымсыз желілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

Сымсыз байланыс туралы түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Сымсыз байланыс түрлерін біледі.

Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

Сымсыз байланыспен жұмыс істей алады.

Бағалау критерийі

Сымсыз желілер туралы біледі.

Сымсыз байланысты қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

Сымсыз байланыс түрлерін компьютерге қоса алады.

Пәндік лексика мен терминология:

Wi-Fi, ИК-порт, Роутер, Маршруттауыш, Li-Fi, Транкинг, Желі, Сonnectify

Сұқбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:

1. Сымсыз желілер туралы не білесіңдер?

2. Сымсыз байланыстың қандай түрлері бар?

3. Сымсыз байланыстың қандай тиімділігі бар?

4. Wi-Fi сымсыз желісі қай жылы қолданысқа енді?

5. Сымсыз байланыстың кемшіліктері бар ма?

Құндылықтарға баулу

- қарым-қатынас жасау қабілетін арттыру.

- өзгелердің мәдениетіне және

көзқарастарына құрметпен қарау.

- жауапкершілікке баулу.

Пəнаралық байланыс

Физика. Толқындық қозғалыс. Радио байланыс.

Ағылшын тілі пәні - сөздік

Алдыңғы

тәлім-тәрбие

Операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыстар

(төменде берілген тапсырмаларды сіздің жоспарларыңызға сәйкес алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы


5 минут




Шаттық шеңберін құру

«Өрмекші торы» әдісі Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау.

Ұйымдастыру.

«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру

Үлестірмелер арқылы 3 топқа бірігу.

Түрлі-түсті қағаздар арқылы. (Қызыл, сары, жасыл)

Үлестірмелер, оқулық

Ортасы



5 минут















12 минут










3 минут
















2 минут























4 минут



7 минут







Таныстырылым. Видеоролик арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

«Сымсыз желілер».

Сымсыз байланыс технологиясының классификациясы

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ. Сымсыз байланыстың даму тарихы

2-топ: Сымсыз байланыстың түрлері

3-топ: Сымсыз байланыстың артықшылықтары мен кемшіліктері

3 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады.

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Сергіту сәті. Логикалық сұрақтар.

1. Төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын үй салу мүмкін бе? Жауабы: Иә мүмкін. Солтүстік полюске салсаңыз төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын болады. 

2. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? 

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

3. 3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс?

Солдан бастап екі санды қосқанда үшіншісі шығады. Осы реттілік бойынша сұрақ белгінің орнында 79 болады. 

4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық

5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

Оқушыларға деңгейлік практикалық тапсырманы орындау.

1. Сәйкестендіріңіз

Wi-Fi 

Сымсыз желілердің стандарттық базасы, саудалық маркасы

IEEE 802.11.

Маршрут-тауыш 

Арнайы компьютерлік желі, екі немесе одан да көп желілік интерфейстері бар, және әр түрлі желілік сегменттер арасындағы деректер пакеттері жібереді.

TETRA 

Цифрлық радиобайланыстың еуропалық стандарты.

Транкинг 

Көптеген абоненттердің шектелген арналар санына еркін қосылу мүмкіншілігінің тәсілі.

Хаттама

Бір деңгейдегі компьютерлердің желіаралық байланыстың «тәртібі».

Кіру нүктесі


Сымды желілік интерфейс контроллерінің және көпір функцияларын іске асыратын базалық программалық қамтамасыздандыру жиынтығы.

Модем 

Сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

MAC-адрес

Бірегей белсенді жабдықтардың әрбір бірлігіне тағайындалған идентификатор


2. Сымсыз байланыстың артықшылықтары мен кемшіліктері. Пайдасы мен зияны. Пікірталас.

3. Компьютермен жұмыс
Практикалық жұмыс «Сымсыз байланыс»
1. Wi-Fi роутерді іске қосыңыз.

2. Компьютерден сымсыз желіні қосыңыз.

3. Қосылып тұрған Wi-Fi желілерінің ішінен қажетті байланыс атауын табыңыз.

4. Сымсыз желі атауын шертіп қауіпсіздік кодын енгізіңіз.

5. Қосу батырмасын шертіңіз.


Критерий

Дискриптор

Сымсыз байланыс түрлерін ажыратады.

  • Сымсыз байланысқа қатысты терминдерді біледі.

  • Сымсыз байланыста қолданылатын технологияларды біледі.

Сымсыз байланыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі.

  • Сымсыз желіні қолданудың зиянды әсерлерін біледі.

  • Сымсыз желіні қолданудың тиімділігін түсінеді.

Сымсыз желімен жұмыс істей алады.

  • Компьютерді сымсыз желі арқылы интернетке қоса алады.

  • Құрылғыларды Wi-Fi желісіне қоса алады


Видеоролик

«Сымсыз байланыс саласындағы революция»














Плакаттар,

суреттер,

түрлі-түсті бояғыштар


























Үлестірмелер
























Компьютер,

Wi-Fi роутер


Аяқталуы

5 минут






2 минут



«Деталь қосу» әдісі бойынша сабақта алған білімдерін жинақтауға бейімдеймін.

Бірінші оқушы қойылған сұраққа жауап береді, келесі оқушы өзіне қойылған сұраққа жауапты алдындағы оқушы жауабын қоса айтады, келесі оқушы өз жауабына қоса алдыңғы екі оқушы жауабымен қоса айтады, т.с.с

«БББ кестесі» арқылы кері байланыс алу.

Білемін

Білгім келеді

Білдім













Кестелер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз көп қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай есептер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар

1. Компьютерде жұмыс істеуде қиналатын оқушыларға қосымша көмек беру үшін үлгеруші оқушыны көмек көрсетуге ұсыну.

2. Дарынды оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.

Тапсырма:

Сымсыз желілердің мүмкіндіктерін пайдаланып Ethernet желісіне қосылған компьютерден Wi-Fi тарату және сол арқылы басқа құрылғыларды интернет желісіне қосу. Connectify программасымен жұмыс істеу.

«Деталь қосу» әдісі бойынша сабақта алған білімдерін пысықтау.

«БББ кестесі» арқылы кері байланыс алу.


Физика, Ағылшын тілі пәндерімен байланыс


Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

Компьютер

Құндылықтар:

- қарым-қатынас жасау қабілеті.

- жауапкершілікке баулу.

Талдау жасау


Осы бөлімді сабаққа талдау жасауға қолданыңыз. Сіздің сабақ жөніндегі сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сабақ мақсаты/тәлім-тәрбие мақсаты шындық мәнінде болды ма?

  2. Оқушылар бүгін не үйренді?

  3. Сабақ атмосферасы қандай болды?

  4. Менің жұмысқа саралап жiктеп жасаған әдісім іске асты ма?

  5. Мен жоспарды графикке сыйғыза алдым ба?

  6. Өз жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізер едіңіз және неге?




Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру жөнінен де, үйрету туралы да ойлаңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (сабақ беру жөнінен де, үйрету туралы да ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектестін сынып немесе жеке оқушы жөнінде не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
4818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі