400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары "Үйсіндер мен қаңлылар" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық бірлік пен бейбітшілік,тарихтың мәдениет пен тіл тұтастығы құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқкарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3.В Үйсіндер мен қаңлылар Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

5.1.2.2.- әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру

5.3.1.2.- ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу

Сабақтың мақсаты

Барлығы: әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсінеді

көпшілігі: ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы алғышарттарын біледі

Кейбір: деректерге сүйене отырып алғашқы мемлекеттік бірлестікредің құрылу тарихынсалыстырмалы түрде талдай алады.

Бағалау критерийі

әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіреді

ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын біледі

Тілдік мақсаттар

Айтылым, оқылым дағдысы Қайта бағытталған сұрақтрамен диалогқа түседі

Жазылым, тыңдалым дағдысы Тақырыпты ашудың ықшамдалған шағын эссені дәптерге жазады

Құндылықтарға баулу

Ұлттық бірлік пен бейбітшілік,тарихтың мәдениет пен тіл тұтастығы құндылығы бойынша топтық жұмыста бір-біріне құрмет, ынтымақтастық және достық қарым-қатынас бойларына сіңіріледі. Өзара бағалау бойынша өзгенің көзқкарасына құрметпен қарау құндылығы қалыптасады.

Пəнаралық байланыс

Ежелгі дүние тарихы пәні. Ежелгі Қытай мәдениеті

Алдыңғы білім

Ұлы Жібек жолының пайда болуын және Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасы туралы білімдері қалыптасқан.

САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері: сабақтың басы

Ресурстар



3 минут
















2 минут

Сабақ басында оқушыларда ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

І-тапсырма «Таза тақта ойыны» (Сөздер жазылады, оқушылар бір-бір сөзді таңдап, сол сөзді тақтадан алып тастайды) «Алтын –асар» - Қаңлылардың бұл қала жұрты 16 гектар жерді алып жатыр. Үйлерінің қабырғалары шикі кірпіштен қаланып, балшықпен сыланған. Зах арығы – Егіс алқабын суландыру үшін қаңлылар Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырымға созылып жатқан Зах арығын қазды. «Бес иелік» - Қаңлы елі өз ішінен 5 иелікке бөлініп , әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар ұлы ханға бағынған. «Ұлы Жібек жолы»-б.з.б.ІІ-б.з.ХVІІІ ғ.ғ. керуен жолы (Стикер арқылы бағалау)

ІІ тапсырма «Ұлы тұлғалар галлереясы» Тақтаға Геродот, Стробон, Сыма Цянь суреттері ілніп,таныған тұлғалар туралы әңімелеп айтады.

ҚБ Бас бармақ әдісі (оқушылардың қаншалықты түсінгенін көрсетеді)

Тұсаукесер Жаңа сабақ тақырыбын жұмбақтап жеткізу.

Бұл кім? Бүгінгі сабаққа қатысы қандай?

Түрлі- түсті қағаздар



Оқулық, 110-бет








Стикер


суреттер





10 минут




















10 минут






5 минут

Сабақтың ортасы

«Қаңлы қалалары» ойыны арқылы 4 топқа бөлінеді.

Мағынаны тану кезеңі (мақсаты мәтінді оқиды,сұарақтар құрып, бір-біріне сұрайды)

Қайта бағытталған сұрақтар легі: 1.Қаңлы атауы қандай мағынаны беруі мүмкін? 2. .Қаңлылар қазақ этносының қалыптасуына елеулі үлес қосқан.

Орта ғасырлық түрік ғалымы М.Қашқаридің айтуы бойыншаҚаңлы (Қаңха)билеушілері болған. Түркі тілдерінде «кан», «кен» «жазықтық», «кеңестік»деген мағынаны білдіреді. Үнді-европалық тілдерде қаңлы сөзі «су», «өзеннің ағысы», «өзен» деген мағынаны береді. Қазақ аңызы бойынша, «бірде Оғыз ханның қолына көп олжа түсіп,оны тиеп әкетуге арба жетпейді.Олардың қасына бір шебер келіп,арба жасайды. Арба қозғалғанда «қаңқ» деген дыбыс шығарғандықтан,оны жасаған адамды «қаңқылы» деп атап кетеді. 2.Тұлғаны тану (мақсаты мәтінді оқиды,тұлғаға сипаттама беру.) 2.Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады? Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Қытайдың «Цянь ханьшу» атты тарихи деректерінде қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелер туралы айтылған.
«Қаңлылардың астанасы Би-Тянь қаласы Чань-Эньнан (бұл Қытайдың сол кездегі астанасы) 6 мың 150 шақырым жерде. Қаңлы аспан асты елімен қарым-қатынас жасамайды. Қаңлы ханның ордасы тігілген жер Би-Тянь қаласынан жеті күндік жері. Жер көлемі 4550 шаршы шақырым, 120 мың отбасы, тұрғандар саны - 600 мың, әскер саны - 120 мың».

ҚБ: Бағдаршам (өзін-өзін бағалайды) әдісі бойынша бағалаймыз. Қызыл –түсінбедім, жасыл –мен түсіндім, сары –түсініксіз.







Үлестірме материалдар, суреттер


https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%8B%D0%BC%D0%B0_%D0%A6%D1%8F%D0%BD%D1%8C


Н. Бичурин (Иакинф) Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы. «Аударма» баспасы. Астана -2008 ж. 527 бет



5 минут























3 минут


2 минут

Сабақтың соңы

Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің астында жасырылған сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс жауабын айтып жауап береді)

Қойылатын сұрақтар:

1.Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғасырлар-б.з. 5-ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс)

2.«Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь (бұрыс. Ежелгі Ираннның б.з.б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы)

3.Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс)

4.Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4-ке бөлді: Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар, Көк-Мардан( бұрыс, 3-ке Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)

5.Қаңлылардың негізгіқонысы Әмудария өзенінің орта ағысы,қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр (бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр)

Қаңлы елінің билеушісі-хан, Астанасы-Битянь қаласы (дұрыс)

Алтын-асар, Көк-мардан, Пұшық-мардан деген қалалары болды? (дұрыс)

Кері байланыс: «+ - қызықты»

Рефлексия (оқушылар бүгінгі түсінгендерін жазады)

Тарихи эссе Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады?

Үйге тапсырма беру Қаңылар туралы деректермен жұмыс

Стикер


Суреттер, бейнебаян, қағаздар А4, А3



Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілетті жоғары оқушылар.

-проблемалық тапсырмаларды орындауда топ мүшелеріне көмекктеседі

-топта бағалауды жүзеге асырады

Қабілет орта оқушылар

-тарихи деректермен жұмыс істеп,топқа түсіндіре алады Қабілеті төмен -оқушылар суреттерді ажыратады

- сұрақ құруда мұғалімнің көмегіне жүгінеді

Сабақ барысында түрлі әдістер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту.

Тақтаға тапсырмалар легі мен оқушылардың аты-жөні жазылған постер ілінеді де соған оқытуды бағалау жүргізіледі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін жоспарладым. Парталар оқушы жас ерекшелігіне сай. Тақтаға қаратылып орналасқан

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі