400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді сайыс сабақ жоспары. Тақырыбы: " Жүйріктен-жүйрік озар жарысқанда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек,тәжірибе алмасады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән Математика

Сынып: 6

Мектеп: «Еңбекші ауылындағы орта мектеп» КММ

Күні : 16.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Тогаева Г.Қ

Сабақтың тақырыбы: «Жүйріктен – жүйрік озар жарысқанда»

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылардың математика пәні бойынша алған білім-танымын кеңейту, сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау, өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың математика пәні бойынша алған білім-танымын кеңейту, сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау, өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Сайыс сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушыларға смайликтер таратылады. Сіздердің бойыңызда қандай жаман қасиет бар соны стикерге жазып қоқыс жәшігіне тастайды.

3.Оқушыларды түгендеу,әр топқа бағалау парақшасын тарату.

Сайыс кезеңдері 5 кезеңнен тұрады.

  1. Математика жайлы әңгімелеу

  2. Үй тапсырмасы

  3. Білім арқаны

  4. Жұмбақ есептер

  5. «Ойлан, тап»

Стикерлер,

Бағалау парақшасы,

Қоқыс жәшігі















Топқа бөлу

I топ Талапшылдар

II топ Жүйріктер

III топ Білгірлер

2.Математика жайлы әңгімелеу

Оқушылар өздері дайындап келген ғұлама ғалымдардың математикаға қатысты сөйлемдерін айтады.

2.Үй тапсырмасы

Кластер әдісі арқылы қорғау

Жоғарғы баға 10 ұпай

ҚБ: Мадақтау

3.Білім арқаны

1 - топ

1.Санауда қолданылатын сандар?
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең?
3. 2 - ге бөлінбейтін сандар не деп аталады?
4. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
5. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең?
6. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан?
7. 9 - ға қарама қарсы сан?
8. Нөлден кіші сандар?

2-топ

1. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
2. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім?
3. 1/2 - ге кері сан?

4. 0 - ден үлкен сандар?

5. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі?

6. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

7. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең?

8. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді?

3 – топ

1. Кез келген натурал санның бөлгіші?
2. 2 - ге бөлінетін сандар не деп аталады?

3. Қандай сандар 10 - ға бөлінеді?

4. Ең кіші натурал сан?
5. Санды қандай санға бөлуге болмайды?

6. 3 ке кері сан?

7. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен?

8. Екі санның қатынасы не деп аталады?


Постер



Жұмбақ есептер

1 - топ

1.Көлден ұшты 50 қаз,қайтып қонды 20 қаз қонбады оның нешеуі,қане кім тез шешеді?

2.Он бір түйе, бес жылқы, екі сиыр, бес ешкі. Екі қоян, үш түлкі,таба алмасаң бос күлкі.

3. Аулада 60 үйрек, қорада 20 үйрек,10 үйрек тығылды, 10 үйрек жығылды, қалғаны неше үйрек?

4) 11 түйе, бес жылқы. 2 сиыр, бір ешкі 2 қоян, үш түлкі, неше болды барлығы?

5. Қолымда 55 алма 5-ін бердім апама,5-ін бердім атама, нешеуі қалды өзімде?

2 – топ

1. Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қарағандыдан Астанаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?

2) 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді?

3. Жабық көзбен нені көруге болады?

4.Тауық өзін құспын деп айта ала ма?

5. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?

3 – топ

1. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?

2. Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр нешен градусты көрсетеді?

3. Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?

4. Сиыр неге жерге жатады.

5. Дәптердің құны 30 теңге және альбомнан 5 есе арзан. Бояу қарындаштары альбомнан 3 есе қымбат болса, олардың құны қандай?



Викториналық сұрақтар


Қорытынды

Сабақ соңында барлық оқушыларды мадақтау процесі жүреді.


Кері байланыс

- нені білдім, нені үйрендім (оқушылар сөйлейді)

-нені толық түсінбедім

-түсінбедім

Стикермен жапсырады


Оқушының бағалауы

Оқушылардың білімін бағалау:

Оқушылар өздерінің топта отырған сыныптастарының жұмысын беліглі бір критерийлер арқылы бағалай алады.

Топ басшысы бағалау парақшасындағы жалпы баллдарды қорытындылап, хабарлайды.


Мұғалімнің жалпы бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

1.Мақсатқа жетті

2.Мақсатқа жартылай жетті

3.Мақсатқа қол жеткізбеді

Саралау тәсілдері – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу тақырыбында қолданылған әр түрлі әдістердегі жасырылған теңдеулерді шешті. Үлгерімі төмен оқушыға үнемі қолдау көрсетілді. Қабілетті оқушымен тереңірек жұмыстар жүргізу. Нұсқау беру, белсенді оқыту.

Сайыс кезеңдері

Сайыс кезеңдері 5 кезеңнен тұрады.

1.Математика жайлы әңгімелеу

2.Үй тапсырмасы

Математика өмірде

3.Білім арқаны

4.Жұмбақ есептер

5.«Ойлан, тап»

Салауатты өмір салтын ұстанымды қалыптастыру, АКТ жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін білу, көрнекіліктерді дұрыс пайдалану. денсаулықты сақтау және сергіту, ой-өрісті дамытуда ауыр сұрақтардың орын алмауы, партада дұрыс отыруды қалыптастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта сауалдар дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Сабақ мақсаты –

Саралау –

Уақытты тиімді пайдалану -



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


















Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Түрлі әдістерді қолдану

2.Оқушылардың сабаққа белсене қатысуы


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі