400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқаша көбейту формулалар көмегімен өрнектерді түрлендіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану,алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеуді, алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындауға үйрету.Оқушылардың ой-өрісін дамытуға,есте сақтау қабілеттерін арттыруға,жылдам ойлай білуге,өз бетінше есеп шығаруға тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:7.3В: Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: Ә.Жангелдин ЖОМ

Күні: 25.04.2018 Мұғалімнің аты-жөні:Қуандық Г.

Сынып: 7сынып

Қатысқандар: 17 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы


Қысқаша көбейту формулалар көмегімен өрнектерді түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары





7.1.2.14 Тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту

формулаларын қолдану;

7.2.1.14Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту

формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;

7.2.1.15Қысқаша көбейту формулалары арқылы

алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді

орындау;


Сабақтың мақсаты




Барлық оқушылар орындай алады:

қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

алгебралық өрнектерді

ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолданады

Бағалау критерийі

- Тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту

формулаларын қолданады;

- Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту

формулалары арқылы көбейткіштерге жіктей алады;

  • Қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындайды;

Тілдік мақсаттар



- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай

біледі;

- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын

жаза біледі;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын

дәйектейді;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын

түсіндіреді.

Пәнге тән лексика және терминология

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

-көбейткіштерге жіктеу;

- ортақ көбейткіш;

- ең үлкен ортақ көбейткіш;

- топтау тәсілі;

- толық квадрат;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;

- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... ;

- егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең;

- көпмүшенің ... бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз;

- берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз;

- берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін...;

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.Бірлесе отырып, топтық жұмыс жасау

Пәнаралық байланыс


Тақырып бойынша алдыңғы білім



Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алады

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10минут














Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа шоғырландыру.

Оқушылар «Сиқырлы сандықша»-дан үш түрлі фигураларды таңдайды, ұқсастықтар бойынша үш топқа бөлемін.

І топ. «Алғырлар» тобы

ІІ топ. «Тапқырлар» тобы

ІІІ топ. «Білгірлер» тобы


Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені таныстырамын.

Топтарға келесі тапсырмаларды орындауды ұсынамын:

Берілген өрнекті тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдануды ұсынамын.

Үлестірме қағаздар арқылы әр топқа тарамын.

Тиімді тәсілмен есептеңіз:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ



Бағалау критерийлері

Дескриптор

Тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту

формулаларын қолданады

Берілген өрнекті қысқаша көбейту формуласына келтіреді және есептейді






Қима қағаздар








Үлестірме қағаздар

Сабақтың ортасы

30минут


Ойлан-жұптас, бөліс» тәсілі

Берілген тапсырма бойынша әр оқушы жеке жұмыс жасау арқылы, топ болып пікірлермен бөліседі.

Оқушыларға қысқаша көбейту формулаларын қолданаотырып, бос орындарды толтыруға арналған үлестірмелерді таратамын. Және де өз шешімдерін топтарда талдап, осыған ұқсас тапсырмалар дайындатып, оларды үлестірмеге жазуын және өзара тапсырмаларымен ауысуын ұсынуға болады.


Дұрыс тепе-теңдік болатындай етіп, бос орындарды толтырыңыз:

1) …–16ав+ … = (… – 1)2;
2) (…)3– (…)3= (3х– 4у)(…+……+…..);
3) (5х+ …)2 = … + … + 9:

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту

формулалары арқылы көбейткіштерге жіктей алады

Қысқаша көбейту формуласын қолдана алады,

Көбейткіштерге жіктей алады



Сергіту сәті

«Мен таптым» әдісі.

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.


Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей.


ІІ деңгей.

36a6b3 - 96a4b4 + 64a2b5



ІІІ деңгей


Бағалау критерийі

Дескриптор

Қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындайды

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады

Көпмүшені көбейткіштерге жіктей алады














Кеспе қағаздар




























Оқулық 7-сынып. Атамұра 2017

Ә.Шыныбеков

Сабақтың соңы

«Зерттеу» әдісін қолданып, БББ кестесін толтырамыз.







Б(мен не білемін?)

Б(менің не білгім келеді?)

Б(мен не білдім?)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі