400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қысқаша көбейту формулалары.Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге,әдіс алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


7.3В Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: №59 ЖОББМ


Күні:21.01.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бектурганова А.

Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.10

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолдана алады;

- Қысқаша көбейту формулаларын шығарады;

- Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді көбейткіштерге жіктеу кезінде қолдана алады;

Сабақтың мақсаты

екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты формулаларын өздігінен дәлелдеу білігін мен дағдыларын қалыптастыру, формулаларды дұрыс оқу білу және олардың компоненттерін атау.

Алынған формулаларды өрнектерді түрлендіруге қолдану.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

  • ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

  • қысқаша көбейту формулаларына байланысты тапсырмалар орындалуын сәйкес терминология қолдану арқылы түсіндіреді.

Лексика және терминология

  • қысқаша көбейту формулары;

  • екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

  • екі өрнектің қосындысының квадраты;

  • екі еселенген көбейтінді;

  • үш еселенген көбейтінді;

Құндылықтарды

дарыту

Құндылықтар:

Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

- Оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- Құрмет: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Пәнаралық байланыс

Геометрия,қазақ әдебиеті

АКТ қолдану

дағдылар

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеп, топқа бөліп(квадраттар,формулалар,өрнектер деген үш топқа бөлемін),зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару.

2.«Ой қозғау» (ауызша)

- Бірмүше және көпмүше дегеніміз не?

- Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?

- Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?

-Екі өрнектің квадраттарының айырымы және оның формуласы?

Бағалау: мақтау

Бағалау парақшасын таратып,қалай бағалау керектігін түсіндіремін.

3. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар сағат тілі бағытымен дәптерлерін алмасып, тақтадағы дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді;

№31.14 Көбейтуді орындаңдар:

  1. (0,2a-1,3b)(0,2a+1,3b)=0,04

  1. ( )( )= -

Дескриптор:

  • Екі өрнектің квадраттарының айрымының формуласын қолданады;

  • Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазады.

№31.1 Көпмүшені көбейтінді түрінде жазыңдар:

2) (x+2)

  • Дескриптор:

  • Топтастыру тәсілін қолданады;

  • Екі өрнектің квадраттарының айрымының формуласын қолданады;

- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады,көпмүшені көбейткіштерге жітейді;

Бағалау:+,-




Сандар жазылған қима қағаздар








Жұмыс дәптерлері

Оқулық
















Жаңа тақырып


1.Жаңа тақырыпты меңгеру

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.Логикалық тапсырма

  • Емен ағашында 6 бұтақ бар, әр бұтақта 5 алмадан . Емен ағашында барлығы неше алма бар?

Жауабы: Емен ағашында алма өспейді

  • Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты . Мектепке неше бала барды?

Жауабы:Мектепке 5 бала барды

  • Арман , Аян , Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды . Аслан Арманнан , ал Аян Асланнан кіші емес . Бұл үйдің үлкені , ортаншысы , кішісі кім?

Жауабы: ең үлкені Аян , ең кішісі Арман , ортаншысы Аслан

Бағалау: Жарайсыңдар,жақсы деп ауыша бағалаймын.




Плпкат,маркер,қосымша тапсырмалар












Қорытынды

Рефлексия

Үй жұмысы

Рефлекция

Үйге тапсырма:

№32.2(1,3,5,7), №32.3(1,3)

Ережелер мен формуланы жаттау.




Денсаулық және қауіпсіздік техникасы


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Дифференциалдау- тапсырмаларды таңдау кезінде және арнайы оқушылардан нәтиже күту және олардың қабілеттеріне сәйкес жеке көмек көрсету( Гарднер бойынша интелект теориясы)

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторлар

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.








Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Таныстым: Абжаппарова



























9

16

25

36

81

121

225

625

8

27

64

125

343

216

1000

343

0,49

3

5

7

11

13

17

19

23

29

















Үй тапсырмасын тексеру

№31.14 Көбейтуді орындаңдар:

  1. (0,2a-1,3b)(0,2a+1,3b)=0,04

  1. ( )( )= -

Дескриптор:

  • Екі өрнектің квадраттарының айрымының формуласын қолданады;

  • Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазады.


№31.1 Көпмүшені көбейтінді түрінде жазыңдар:

2) (x+2)

  • Дескриптор:

  • Топтастыру тәсілін қолданады;

  • Екі өрнектің квадраттарының айрымының формуласын қолданады;

- Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады,көпмүшені көбейткіштерге жітейді;


  1. 100-20z+z²;














  1. 81+18b+b²;














  1. n²+14n+49;













Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометриясызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). Әбу Наср Әл-Фараби химия, медицина, география, минерология т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған: “Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат]]”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады.









































Dragans тобы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі