жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысқаша көбейту формулалары |
Мектеп: К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп КММ |
||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жексембекова С.С. |
||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу; |
||
|
Сабақтың мақсаты (SMART мақсат: нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыт бойынша есептелген) |
|
||
|
Бағалау критерийі |
|
||
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат: - Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын ауызша сипаттайды; - қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеуді түсіндіреді. Терминология: квадрат, куб, көпмүше, қысқаша көбейту формуласы, көбейткішке жіктеу. Диалогқа қатысты сөз тіркестері: - «екі өрнектің квадраттарының айырмасы деп …», ( екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең) - «екі өрнектің қосындысының квадраты деп …», (екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты мен бірінші өрнек пен екінші өрнектің екі еселенген көбейтіндісі жәнеекінші өрнектің квадратының қосындысына тең) - «екі өрнектің айырымының квадраты деп …» (екі өрнектің айырымының квадраты бірінші өрнектің квадраты минус бірінші өрнек пен екінші өрнектің екі еселенген көбейтіндісі плюс өрнектің квадратының айырымына тең) |
||
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтарын дарыту арқылы, құрмет, ынтымақтастық, ашықтыққа тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Физика пәні |
||
|
Алдыңғы білім |
Екі өрнектің квадраттарының айырымы. Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты. |
||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу: «Сәйкестендіру» әдісі Қалыптастырушы дағдылар: сыни тұрғыдан тез ойлауы, мұқияттылығы, жылдам ой қорытуы дамиды. Мақсатым: Оқушылардың cәйкестендіру нәтижесіне қарай отырып, қысқаша көбейту формулаларының түрлерін ажырату, меңгеру деңгейін, тездігін, дәлдігін, ой тұжырымдау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру. Нәтижесінде: оқушылардың қысқаша көбейту формулалары түрлерін ажыратуына байланысты олардың шешім қабылдауы мен тездігі анықтала отырып, топтарға бөлінеді. Оқушыларға:
- қысқаша көбейту формулалары жазылған карточкалар таратылады. Формуланың түрін ажырату арқылы оқушылар төмендегідей үш топқа бөлінеді. «Квадраттар айырымы» «Қосындының квадраты» «Айырымының квадраты» |
Үлестірмелі материалдар |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
«Жұмбақ сөз» әдісі Сипаттама: Топ оқушылары тапсырманы орындау барысында, шыққан жауапқа сәйкесінше берілген сөздерді сызып отырады. Нәтижесінде сызылмай қалған сөз анықталады. Қалыптастырушы дағдылар: Оқушылардың ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тапсырманы талқылауға, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді. Мақсатым: оқушыларда берілген тапсырманы топ ішінде талқылау, бірлесе отырып топтық жұмыс жасау қабілетін арттыру, өз ойымен еркін бөлісуге, өзгенің ойын тыңдай білуге дағдыландыру, ынтымақтастықты дамыту. Нәтижесінде: оқушылар тапсырманы бірлесе отырып, бір-бірімен диалог құру арқылы тапсырманы талқылап, дұрыс шешім қабылдайды. 1 - тапсырма. «Ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде ежелгі гректер таңсәрідегі және кешкі көріністеріне қарап белгілі ғаламшарлардың біреуін екі түрлі жарық көзі деп санаған». Қай ғаламшар туралы айтылған?» Кестеде жауапқа сәйкес келетін ғаламшарлар атауын сызыңдар. Сызылмай қалған ғаламшар атауы сұрақтың жауабы болады.
2- тапсырма. Өрнектерді көбейткіштерге жіктеңіз. «Ат жарыс» ойыны Сипаттама: Learning apps бағдарламасының «Ат жарысы» ойынында Оқушыларға қарапайым деңгейден күрделі деңгейге дейін тапсырмалар беріледі, дұрыс жауап берген оқушының щабандозы алға қарай жылжып отырады, қателескен оқушы артта қалып қояды. Қалыптастырушы дағдылар: Оқушылардың АКТ қолдану құзіреттілігі, жылдам шешім қабылдау дағдылары дамиды. Мақсатым: Learning apps бағдарламасын қолданып, «Ат жарысы» ойынында есептерді шығару арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және тапсырманы орындауға барлық оқушыларды жұмылдыру, тапсырманы жылдам, қарқынды орындауға дағдыландыру, тапсырма нәтижесі арқылы өз білімдерін бағалау. Нәтижесінде: Оқушылар «Ат жарыс» ойынының нәтижесі бойынша өз білімдерін бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау: Тапсырманың нәтижелі орындағанына байланысты «Бесбұрыш», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш» фигураларын беру арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Learning apps бағдарламасы бойынша алғашқы болып келген топқа бесбұрышты фигура беріледі, жарты жолда тұрса төрбұрышты фигура беріледі, соңында қалса үшбұрышты фигура беріледі. Нәтижеден жарты жолда және соңында қалған топ оқушыларының қандай тапсырмалардан өте алмай қалғандығын анықтап, сол бойынша қатемен жұмыс жүргізіледі. Бағалау: Дескрипторға «!» - барлығы түсінікті, «?» -сұрағым бар, белгілерін қою арқылы өзін-өзі бағалау. Осы белгілерді дескриптордың жанына қаншалықты игергеніне байланысты қоя отырып, яғни «!» -толық игергендігі туралы, «?» -қандай да бір сұрақ туындағанын анықтауға болады. Бұл белгілерді қоя отырып оқушы өз білімін бағалап, қай жерінде олқылығы бар екеніне зейінін салады. |
Интербелсенді тақта
https://learningapps.org/display?v=p7dnhhn3520 |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
«Жалғасын тап» әдісі Сипаттама: Оқушылар берілген өрнектердің белгісіз мүшелерін анықтайды. Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын қолданып, бос орындарды толықтырып, интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарымен тексеру арқылы, жұмыстарын бағалайды. Қалыптастырушы дағдаылар: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді. Мақсатым: Өрнектің белгісіз мүшесін анықтау тапсырмасы арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын, тез шешім қабылдау дағдыларын дамыту, алған білімін тексеру. Нәтижесінде: оқушылар берілген өрнектердегі белгісіз мүшені анықтап, дұрыс жауабымен тексеру арқылы өзерінің білім деңгейлерін тексереді. Дұрыс тепе-теңдік болатындай етіп, бос орындарды толтырыңыз:
| |||||||||||||||||||||




















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген