жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқаша сабақ жоспары. Жол ережелерін сақтаймыз. 5 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
7-бөлім: "Көлік және жол белгілері" 3-бөлімше: "Жол ережелерін сақтаймыз" 3-сабақ |
Мектеп: № 11 |
||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Лекерова А.М. |
||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жол ережелерін сақтаймыз |
||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау (5.Т/А4), 5О/7
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойын білдіреді. Көпшілігі: Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, өз ойын білдіреді. Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойын тұжырымды айта алады. Кейбірі: Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойын білдіруде дәлелдемелер келтіре алады, мәтінді шынайы өмірмен байланыстырады. |
||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. |
||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, өз ойын білдіре алады. Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады, өз ойын тұжырымды айта алады. Пән лексикасы және терминология: жол белгілері, ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері, қосымша тақтайшалар. Құндылықтарды дарыту: қауіпсіздік, жауапкершілік Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі Талқылауға арналған сұрақтар: Автокөліктердің адам өміріне келтіретін пайдасы көп пе, әлде зияны көп пе? Ишара: бас бармақ
|
||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. |
||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Білу |
Тыңдалым алдындағы тапсырма Ой шақыру Жол белгілері суреттерін таңдап алып, сол арқылы топқа бөлінеді. 1-топ:
2-топ:
3-топ:
4-топ:
- Бұл белгілер туралы не айтасыңдар? - Жол белгілері не үшін керек? (Суреттерге қарап, жол белгілері туралы білетіндерін айтады.) - Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен? (- Жол белгілері) |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақта |
Жеке жұмыс Тыңдалым тапсырмасы 1-тапсырма. Оқушылар мәтін тыңдайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін "Шаңырақ" әдісі арқылы жетекші сұрақтар беремін (жасыл түс - А деңгейлі сұрақтар, сары түс - Б деңгейлі сұрақтар, қызыл түс - С деңгейлі сұрақтар). 1. Тыңдалым не туралы? 2. Жол белгілері неше топқа бөлінеді? 3. Жол белгілерінің түрлерін ата. 4. Тыйым салу белгілерін суретте. 5. Жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайтын белгілер? 6. Жол белгілері кімнің келісімімен орнатылады? Саралау. Ерекше қажеттілігі бар оқушылар жасыл түсті таңдайды, ерекше қабілеттілігі бар оқушылар қызыл түсті таңдайды. Қалыптастырушы бағалау."Бас бармақ" әдісі. Дұрыс жауап берілсе, бас бармақты жоғары көтереді. Қате жауап берілсе, бас бармақты төмен түсіреді.
Жұптық жұмыс 2-тапсырма. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде "Жылқы сұлбасын" толтырады. 1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазыңыз. 2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпаратты қысқаша жазыңыз. 3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазыңыз. 4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазыңыз. Саралау. Ерекше қажеттілігі бар оқушылар тірек сөздер мен маңызды ақпаратты таба алады. Ерекше қабілеттілігі бар оқушылар мәтіннен тыс қосымша ақпараттарды табады, қорытынды жасайды. Қалыптастырушы бағалау. Смайликтер арқылы өзара бағалау. Түсіндім
-
Түсінбедім
- Сұрағым
бар -
Топтық жұмыс Тыңдалымнан кейінгі тапсырма 3-тапсырма Мәтін мазмұнына сүйеніп, проблемалық сұрақ қоямын. - Бүгінгі күні Қазақстаннның тас жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автокөліктер өте көп. Осы автокөліктердің адам өміріне келтіретін пайдасы көп пе, әлде зияны көп пе? "Пайдасы көп" деген оқушылар 1 топқа, "зияны көп" деген оқушылар 1 топқа бөлініп, "Бұрыш" әдісі арқылы пікірталас ұйымдастырылады. Саралау. Ерекше қажеттілігі бар оқушылар пайдасы мен зиянын атап шығады, ерекше қабілеттілігі бар оқушылар өз ойын шынайы өмірмен байланыстырып, дәлелдемелер келтіре алады. Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалайды. (қарсы топқа 1. Мадақ 2. Сын 3. Мадақ айтады)
|
Шаңырақ
Жылқы сұлбасы
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия "Бес саусақ" әдісі Бас бармақ - Басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балаң үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?Ортан терек - ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек - көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? |
|
|||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау – сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
|||||||||||||||||||||||||
"Бұрыш" әдісін таңдап алдым, себебі осы әдіс оқушылардың тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруі үшін тиімді. |
Бағалау сабақ барысында үнемі жүріп отырады. "Бас бармақ", "Смайлик арқылы", "Мадақтау сэндвичі" әдістері арқылы оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергендігін тексеремін. Рефлексия кезеңінде "Бес саусақ" әдісі арқылы оқушылардың сабақтан алған әсерін, топта бірлесіп жұмыс істеуін, не үйренгенін білемін. |
Тақырып ғылымға кіріспе, бейнелеу өнері пәндерімен байланысты. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталады. Оқушыларды жауапкершілікке, қауіпсіздік ережелерін ұстануға тәрбиелейді. |
|||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырымды болады. Оқушылар тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. Тапсырмалар көлемі аз болғандықтан, сабақты жоспарланған уақытпен өткіземін. Жоспарыма оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сараланған әрі тиімді әдіс-тәсілдерді сұрыптап енгіземін. |
|||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Тапсырмалар оқу мақсаттарына жетуге бағытталған. 2: "Бұрыш" әдісін қолдану сәтті шықты деп ойлаймын, себебі оқушылар көтерілген мәселе бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіруде дәлелдемелер келтіріп, шынайы өмірмен байланыстырып айтады. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Қызықты тапсырмалар дайындаса, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артар еді. 2: Қалыптастырушы бағалау тәсілдерін басқа түрлерімен алмастырып көрсе, оқушы бұдан да жақсы нәтижеге жетер еді. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? - Топ мүшелерінің уақытты тиімді пайдалануын назарда ұстау; - ерекше қажеттілігі бар оқушылар мен ерекше қабілеті бар оқушыларға тапсырмаларды саралауда әлі де жұмыс жасау керек.
|
|||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген