Ұйымдастырушы-лық-ізденушілік
|
Кіріспе
-Қайырлы таң! Бүгін
қандай күн?
-Ауа-райы
қандай?
-Жылдың қай
мезгілі?
-Қыс мезгілінде қалай
киінеміз?
-Бізге бүгін Айнұр қуыршақ
өзінің бір сандық киімдерін алып келіпті.
-Балалар Айнұрдың үстіндегі
киімдерін қараңдаршы.Қандай киімдер киген
екен?
-Киімді қай мезгілге сай
киінген?
Негізгі
бөлім
Сандықтағы киімдерді балаларға
таратып беріп,сипаттату.
Мысалы:
Малақай-құлағы бар жылы
киім,құлақшын.
-Қыс мезгілінде қандай киімдер
киеміз?
Пима-жүннен басылған қысқы
аяқкиім.
Тон-иленген қой терісінен теріс
қаратылып тігілген сыртқы киім.
Ішік-іші аң терісінен,сырты матадан
тігілген сыртқы киім.
Байпақ-етіктің ішінен киетін,жұқалау
етіп басылған,қонышты киіз шұлық.Байпақтың сыртынан кебісте
киеді.
Сергіту сәті:
(таңдау
бойынша)
Сөйлем,сөз тіркестерінен
құрастыру.
-Ішік,қолғап сөздеріне сөйлем
құрастырту.
Д/ойын: «Қай мезгілде
киеміз?»
Шарты:Ауа-райының қандай мезгілінде
мынандай киімдерді киер едің?Атату.
Д/ойын: «Мынау
кімдікі?»
Шарты:Киімдердің қайсысы ер
балаға,қайсысы
қыз балаға кигізуге болатыны
айтылады.
Санамақты
жаттату:
Ө.Ақыпбекұлы «Менің
киімдерім»
1.Оқу
«1»
дегенім-бөрік,
Кисең бойға
көрік.
«2»
дегенім-етік,
Киер сәнді
етіп.
«3»
дегенім-ішік,
Теріден тігер
пішіп.
«4»
дегенім-тымақ,
Қыста кисең
жылы-ақ.
«5»
дегенім-байпақ,
Іші жылы
тайпақ.
2.Сұрақ-жауап
-Санамақ не
туралы?
-Қандай киімдер
туралы?
3.Сөздік
жұмыс
Бөрік, тымақ, ішік,
байпақ.
4.Қайта
оқу
5.Жаттату
Д/ойын: «Қайсысы
артық?»
Бөкебай,қолғап,тон,бас
киім,етік,пальто,туфли.
Киімдерді
топтастыру.
Малақай,құлақшын-баскиімдер
Байпақ,кебіс,пима-аяқкиімдер.
|
Сәрсенбі
Жауаптар
Қыс
Жылы
Балалар қуыршақ-тың киімдерін
атап береді.
Қыс
Сипаттайды
Балалар сипаттап,жауап
береді.
Сөйлем
құрастырады.
Ойынға
қатысады.
Жауап
береді.
Жауаптары
Санамақты тыңдап,бірге
айтады.
Жаттайды.
Сөздік жұмыс
жасайды.
Туфли-көктемде, жазда киетін
аяқкиім.
Киімдерді
топтастырады.
|