400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұйымдастырылған ашық іс-әрекет балабақша бүлдіршіндеріне арналған. Балалар қыс мезгілі , қысқы ойындар, қысқы табиғат және қысқы еңбек жайлы біліп үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас,Шығармашылық, Таным

Ұйымдастырылған іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту, құрастыру

Тақырыбы: «Қысқы ойындар»

Міндеті: Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерді.

Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдыланды.Тіл мәдениеті қалыптасты.

Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы білді.

Танымдық, шығармашылық қасиеттері,тілі,сөздік қоры дамыды.Іс-әрекетке қызығушылығы артты.Табиғатқа,  қоршаған  ортаға  деген     сүйіспеншілігі   артты.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктері:Фетра, дидактикалық материалдар, А3 форматтағы үлгілер.

Әдіс-тәсілдер: Түсінік беру, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, дидактикалық ойын.

Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер.

Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

-Айнала қандай?

-Қар қандай?

-Ауа қандай?

Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

( жауап)

Қыста 3 ай бар. Желтоқсан, қаңтар,ақпан.

Қазір қыстың соңғы айы. Бұл мезгілді Жел мен боранның айы деп те атайды сен білесің бе  айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.

Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.

Адамдар қалың киінеді.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.

Ұйымдастырылған іс- әрекет:

 Ойын ойнайық

1 ойын

«Қар ұлпасын» құрастыр (маршмеллоумен)

2 ойын

« Қыс қызығы» (фетрамен)

Сергіту сәті «Қыс туралы ән»

3 ойын

«Суретті толықтыр» (моншақпен)

Сергіту сәті «Қар жинайық балақай»

Қорытынды:

Күтілетін нәтиже:

Білді: Қыс туралы түсінік қалыптасты, көптеген мағлұмат білді.

Меңгерді: Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерді.

Игерді: Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат жайлы игерді.

Қорытынды.  Балалар сендердің барлығың да өте жақсы ойнадыңдар.

Сендерге ұнады ма?

Кімге не ұнады?

Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.

Көңіл-күйіміз қандай?  Тамаша!

Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.

Ауа райы қандай?  Тамаша!

Қысқы ойындар қандай?  Тамаша.!

Келген қонақтарымыз қандай ?  Тамаша! Келген қонақтарымызбен қоштасайық.

 Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.03.2023
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі