400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілінде ойналатын ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «Галактика» бөбекжай - бақшасы







«Көңілді қыс»



Мектепалды «Тұлпар» тобы





Дайындаған: Тлебалиева А.А.











Атырау қаласы – 2023 жыл


Бекітемін: директор А.У. Мулдагалиева



Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту,  қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіру. Спортқа деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

 





















































Балалар саз залына көңілді әуенмен кіреді.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар, қайырлы күн балалар!

Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: Қыс мезгілі.


Аққала: Қайырлы күн балалар! Орманда өткізілейін деп отырған қысқы олимпиадаға қош келдіңіздер.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің сендерге дайындаған жұмбағым бар, жұмбағымды шешсендер мен сендерді жарысқа жіберемін.


Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.   (Қар)

Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.     (Шаңғы)

Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді.     (Мұз)
Зулап түсті төменге.

Шықпас менен төбеге.  (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,

Қысы, жазы бір түсте.   (Шырша)

Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.  (Шана)


Қоян: Енді сайыс түрлерімен танысайық.

Жүргізуші: Балалар бүгінгі жарыс 5-кезеңнен тұрады:

1. «Қай топтың шанасы алда»

2. «Хоккейшілер»

3. «Кім епті?»                           

4. «Шаңғышылар»

5. «Аққала» жасау жарысы

Жүргізуші: Балалар, ендеше жарысымызды бастаймыз! Дайынсыңдар ма?
Балалар: Біз дайынбыз!

Аққала: - Ал енді құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Жарысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: 

Шанасына мінеді,
Мәз мейрам боп күледі.

Жарысамыз бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.

І-кезең:  «Қай топтың шанасы алда» деп аталады

Ойынның шарты: Әр топқа бір шанадан, оның үстіне бір баланы отырғызып, белгіленген жерден айланып өз орнына барып, қоянның суретін сәбізге берілген кубиктегі сызықтармен сызып жеткізу керек. Кім бірінші келсе, сол топ  жеңіске жетеді.



ІІ-кезең: «Кім епті?»  (Ыдыстан-ыдысқа күрекпен қар тасу)

Ойынның шарты: Балалар ыдыстағы қарды күрекпен кедергілер арасынан жүгіріп, шелекке тасып, шырша құрастырады. Қай топ шелекке көп қар жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап.
 

Қимылдық ойын: Қоян мен Түлкі


ІІІ-кезең: «Шаңғышылар»  деп аталады

Ойынның шарты: Балалар шаңғымен кедергілер арасынан жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: - Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік, сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында    
(Аққала)


VІ-кезең:  «Аққала»

Ойынның шарты: Балалар жерде жатқан стакандардан бастарына ілінген доптармен доптарды құлатып, дайын тұрған қардан аққала құрастырады. Оның көзін, мұрнын, аузын жасайды. Басына шелек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.


Жүргізуші: Назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға деп балаларымызды марапаттауға рұқсат етіңіздер.


Аққала: Балалар, жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге, менің әкелген сыйлығым бар! (көрсетіп, тәрбиешіге береді, топта сыйлығын таратып береді)
Жүргізуші: 

Ұрпақ  керек  ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін  қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Көңілді қыс» атты спорттық эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!



Балалар музыка әуенімен саз залынан шығып кетеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2023
533
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12