Қысқы ойындар картотекасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқы ойындар картотекасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқы ойындар картотекасы
Материалдың қысқаша нұсқасы









1.«Ұлпа қарларды жинау» ойыны

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Ойынға қажетті құралдар: Ұлпа қарлар, қолғаптар.

Ойын шарты: Ортаға ұлпа қарлар шашылады. Екі бала шығып, қолдарына қолғап киіп ұлпаларды себетке жинайды. Кім көп және тез жинаса сол жеңіске жетеді.





























2. «Шаңғышылар» ойыны

Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалысын дамыту.

Ойынға қажетті құралдар: Қораптан жасалған шаңғылар.

Ойын шарты: Балалар аяқтарына қораптан жасалған шаңғыларды киіп, тез мәреге дейін жету керек. Кім орнына тез оралады сол жеңімпаз атанады.

































3. «Қар атыспақ» ойыны

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл – күй, қуаныш әсерін сыйлау.

Ойынға қажетті құралдар: Мақтадан жасалған қар түйіршіктері.

Ойын шарты: Балалар бір-біріне қар атысып ойнайды.































4. «Аққала құрастыру» ойыны

Мақсаты: Балалардың қысқы ойындарға деген қызығушылығын дамыту. Достыққа тәрбиелеу.

Ойынға қажетті құралдар: сәбіз, көмір тастары, қар.

Ойын шарты: Балаларды үш топқа бөлу. Әр топтың балалары қардан дөңгелектер жасайды. Соңында қардан жасалған дөңгелектерді бірінің үстіне бірін қойып, балалар аққала құрастырады. Сәбізден мұрынын, көмірден көздерін жасайды.





























5. «Қолғаптың сыңарын тап» ойыны

Мақсаты:Балаларға оң мен солды ажыратуға,түстер бойынша топтастыруға үйрету.

Ойынға қажетті құралдар: Әр түрлі қолғаптар.

Ойын шарты: Бірдей қолғаптарды топтастыру.

































6. «Қояндар» ойыны

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау.
Ойынға қажетті құралдар: Себеттер, сәбіздер.

Ойын шарты:Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төбешіктің тасасында себетке салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.

















7. «Кім жылдам?» ойыны
Мақсаты:
Балалардың ойынға деген белсенділігін, қызығушылығын дамыту.

Ойынға қажетті құралдар: Себеттер, жұмсақ ойыншықтар.

Ойын шарты: 2 шанаға отырған екі баланы әр топтан бір - бір ойыншысы қар үстімен сырғаната отырып, межеге дейін жеткізіп, себеттегі жұмсақ ойыншықтардан біреуін алып, кейін қарай жарыса қайтады. Кім көп ойыншық жинаса, сол топ көп ұпайға ие болады.
































8.«Шаңғымен жарыс» ойыны.

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Ойынға қажетті құралдар: таяқтар.

Ойынның шарты: Екі команданың балалары екі таяқтың көмегімен шаңғымен жүріп,межеден айналып,келесі балаға тапсыру.

























9.«Қар лақтыру» ойыны

Мақсаты: Балаларды дәлдеп көздеуге дамыту.

Ойынға қажетті құралдар: Құрсаулар, қар.

Ойынның шарты:Екі құрсауды қоямыз.Бір құрсауға қарларды саламыз.Белгіленген сызықты басып кетпей қарды бір-бірлеп лақтырып құрсауға түсіру. Қай топ көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.





















































































«Көбелек» тобы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
4398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі