400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Қысқы ормандағы Үйшік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйшік ертегісі желісімен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық, таным

Сабақтың оқу қызметі: сөйлеуді дамыту, сурет салу, аппликация, математика, эксперимент.

Сабақтың тақырыбы: «Қысқы ормандағы Үйшік»(«Үйшік» ертегісі желісімен)

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру. Қыс көрінісі туралы әңгімелеп беруге және білімдерін тиянақтау. 
Дамытушылығы: Қыс мезгілі білімдерін дамыту. 
Тәрбиелігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өлең түсіндіру, слайд көрсету, ойын, ғажайып сәт,сергіту сәті,зерттеу жасау, сұрақ-жауап, қорытынды. 
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерінің суреттері ,слайд, ПВА желім,памперс ұнтағы, күріш, тұз, манта жармасы. 
Алдын ала жұмыс: Серуенде қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. 
Билингвальды компонент: Қыс-зима,қар-снег,аққала-снеговик,желтоқсан- декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.

Іс-әрекет барысы: Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, ұстазым, Қайырлы таң достарым, Шеңберге тұрайық. Жылулық сыйлайық.

Доброе утро, учитель, Доброе утор, друзья . Посмотрите друг-друга, Пожелайте добра.

Good morning good morning. Good morning to you! Good morning, good morning. I am glad to see you!

Тәрбиеші бейне көрініске балалардың назарын аударады. Балалар бейне көріністі мұқият қарайды. 

  • Балалар бейне көріністе қай жыл мезгілі бейнеленген?

  • Қазір жылдың қыс мезгілі.

  • Қыс мезгілінде неше ай бар?

  • Қыс мезгілінде 3 ай бар.

  • Қыс мезгілінің аттарын атайық: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

  • Күн салқын, аяз болады. Боран соғады. Қар жауады. Адамдар жылы киіне бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

  • Өте дұрыс айтасыңдар, балалар. Қыс мезгілінде айналаның бәрі аппақ қарға оранады. Өзендерді, көлдерді мұз басады.

  • Тәрбиешінің сөзін бөліп, боранның дауысы шығады.(Үнтаспадан)

  • Балалар бұл ненің дыбысы екен?

  • Боранның дауысы.

  • Ой, балалар бұл не?

  • Үйшік.

  • Балалар сендер «Үйшік» ертегісін білесіңдер ме?

  • Иа.

  • Онда балалар «Үйшік» ертегісін бүгінгі сабағымызға шақырайық. Ерте, ерте, ертеде қысқы орманда бір үйшік тұр екен. Ол үлкенде емес кіші де емес. Үйшіктен қасынан тышқан жүгіріп келе жатып, үйшікті көріп сұрайды.

- Үйшік- үйшік! Кім үйшікте тұрады?

- Үйшік өз есігін оның барлық тапсырмаларын орындағанға ғана ашады – деп жауап айтады.

  • Балалар тышқанға көмектесеміз бе?

  • Иа.

1-ші тапсырма:

-Мен сендерге қазір сан беремін, Сандарға сәйкес сиқырлы қарларға орналасу арқылы есікті ашасыңдар.

- Балалар біз барлық тапсырманы дұрыс орындадық, сондықтанда үйшіктің сиқырлы есігі тышқанға ашылды. Осыдан бастап тышқан үйшікте тұрады.

- Үйшікке бақылдауық бақа секіріп келіп үйшіктен сұрады: Үйшік- үйшік! Кім үйшікте тұрады? Үйшік оған былай деп жауап берді?

 – «Мен өз есігімді тапсырманы орындағанға ғана ашамын»-дейді.

2-ші тапсырма. Өлең оқу (Мнемо кестесі арқылы)

Тәрбиеші балаларға қыс мезгілі туралы өлең оқиды, өлеңнің сөздеріне сәйкес сендер алдарыңдағы суреттерден көрсетесіңдер.

Авторы: Кәріпжан Нүсіпов Суретші қыс Қонақтайды бақтарға, Ақ көбелек, ақ мамық. Аунап таза ақ қарға, Балалар жүр мақтанып. Тазартып бар кір, шаңнан, Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

Біз тапсырманы дұрыс орындадық. Сиқырлы үйшіктің есігі бақылдауық бақаға ашылды. Үйшік қасына жүрігіп қоян келеді.

-Үйшік – үйшік! Кім үйшікте тұрады? -Үйшікте тұратын аңдар жауап беріп үлгермеді. Үйшік жауап береді: -Мен өз есігімді тапсырманы орындағанға ғана ашамын.

3-ші тапсырма.

Памперс ұнтағынан қар жасау.

Әр бала алдына памперс ұнтағы беріледі. Памперс ұнтағына балалар су құяды. Ұнтақ қарға айналады. Өте жақсы балалар! Сендер қоянға да көмектестіңдер.Үйшіктің қасына қасқыр келеді. -Үйшік – үйшік! Кім үйшікте тұрады? Үйшік жауап береді:

- Мен өз есігімді тапсырманы орындағанға ғана ашамын.

- Қасқырға көмектесеміз бе?

- Иа

4-ші тапсырма.

- Қасқырмен біге «Аққала» сергіту жаттығуын жасаңдар.

Сергіту жаттығуы: «Аққала»

Қасқырғада сиқырлы есік ашылды.

- Түлкі жүгіріп келіп сұрады: Үйшік –үйшік! Үйшікте кім тұрады?

- Мен тышқанмын.

- Мен бақылдауық бақамын.

- Мен қоянмын.

- Мен қасқырмын.

- Мен түлкімін. Мені өздерімен бірге тұрғызасындар ма?

- Сонда үйшік былай дейді: -Мен өз есігімді менің тапсырмамды орындағанға ғана ашамын. 5-ші тапсырма. 4-топқа 4 түрлі тапсырма беріледі.

Қысқы орман (күрішпен,тұзбен, манта жармасымен)

Әр бала алдына қысқы орман суреті беріледі. Суретке сәйкес балалар суреті әсемдеп шығады. Үйшіктің есігі түлкігеде ашылды. -Үйшіктің қасына қорбаңдаған аю келеді?

-Үйшік – үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Үйшік жауап береді:

- Мен өз есігімді тапсырманы орындағанға ғана ашамын

6-шы тапсырма. Есіктің құлпына сәйкес кілтті табыңдар.

Үйшіктің есігі аюға да ашылды. Осындай әдемі үйшіктің тұрғыны болғанымызға өте қуаныштымыз, ризамыз. Енді біз қыста тоңбайтын болдық.

Сабақты қорытындылау:

  • Балалар қыс мезгілі қандай болады?

  • Қыста қардан не жасап ойнаймыз?

  • Қандай ертегі бойынша аңдарға көмектестік?

  • Ертегіде неше кейіпкер бар?

  • Кім бірінші жүгіріп келді?

  • Ең соңғысы кім келеді?

  • Қояннан кейін кім келді?

  • Түлкінің алдында кім келді?

  • Аңдардың үйшікке кіруіне кімдер көмектеседі?

  • Әрине сендер және сендердің білімдерің.

  • Балалар, сендерге қандай аңға көмектескен ұнады?

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Балаларды мақтау, мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі