400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қысқы орманға саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілінің құбылыстары мен табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту,балаларды жабайы аңдардың қысқы өмірімен таныстыру,сурет бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК №55Балабақшасы.



Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Қысқы орманға саяхат»





















Тәрбиеші: Ерғазиева Н.Е

2018жыл.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Қысқы орманға саяхат

Мақсаты:1.Білімділігі:Қыс мезгілінің құбылыстары мен табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту,балаларды жабайы аңдардың қысқы өмірімен таныстыру,сурет бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін жетілдіру.

2.Дамытушылығы:Тілін дамыту,сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.

3.Тәрбиелігі:Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту,қоршаған ортаға мейіріммен қарауға,оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Алдын ала жұмыс (аңдар,қыс туралы тақпақтар үйрету.)Жұмбақтар шешу,тақпақтар,мақал-мәтел айту,ойын ойнату.

Қос тілдік компонент:Қыс-зима,орман-лес,ағаш-дерево

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің оқу-қызметі

Баланың қызметі

Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Балалар шаттық шеңберіне шығып бір-бірлерімен амандасады.

Армысың алтын күн

Армысың жер ана

Армысың достарым

Арайлап атқан таң бүгін.





Балалар бір-бірлерімен амандасады.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

Балалар мен сендерге жыл мезгілі туралы жұмбақ өлең оқиын сендер шешуін тауып көріңдер қане.

Жұмбақ-өлең оқиды

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарда омбығып,

Бет домбығып,

Балалар сырғанақ ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?



-Дұрыс балалар.Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?





-Дұрыс балалар.Балалар біз қыс туралы тақпақ жаттаған едік,кәне кім айтады?











-Балалар қысқы орманға саяхатқа барғыларың келе ме?

-Ол жақта нелер болатынын еске түсірейікші?

-Дұрыс балалар,орманда жабайы жануарлар болады.Біз ендеше ойын ойнайық.



Ойын:«Не артық?»

Мақсаты:Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білуге үйрету.

Шарты:Орман аңдарының ішінен үй жануарларын алып тастау қажет.

-Рахмет балалар сендер жабайы аңдарды жақсы біледі екенсіңдер.

-Орманға барғанда тәртіп сақтауымыз керек.Қане саяхатқа барайық.

-Орманға немен барамыз?

Ендеше балалар мен паравоз боламын сендер вагон боласыңдар.Балалар біз орманға жеткенше қыс туралы өлең айтып барайық.

Орманға саяхат

Өлең айту:Тоңазып атырап

-Міне балалар орманға да жеттік.Ой орман қандай әдемі!Айнала аппақ қар.



-Айналаға қараңдаршы орманда нелер бар?

-Ағаштардың жапырақтары бар ма?

-Қыста ағаштарда жапырақтар болмайды.Олар салқынға шыдамай қурап түсіп қалады.

-Ал ағаштар туралы мақал-мәтел білесіңдерме?





Сонымен қатар қыста қыстап қалатын құстар да болады.Олар ала қарғалар,торғайлар,сауысқандар,тоқылдақ,шым-шықтар.

-Ал ендеше балалар мен қазір құстардың дауысын қоямын сендер оның қандай құс екенін тауып көріңдер.Қанекей балалар кім шапшаң табады екен?

Осы кезде қоян келеді.

Қоян:-Сәлеметсіңдер ме?

-Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

-Біз «Күншуақ» тобынанбыз.Орманға саяхаттап келдік.

-Қош келдіңдер!

-Балалар қоянмен бірге сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Қоян,қоян секеңдейсің,

Мұздан қарғып өтем дейсің.

Тайып,құлап түстің,

Не болды ал,үстің?



Қоян:-Рахмет балалар, сергіп қалдым ғой.



-Ал балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.

Қоян:-Балалар, мұнда менің көжегім өзінің ізін таба алмай тұр.Оған көмектесесіңдер ме?

Суретпен жұмыс: «Қоянға көмектес!»

Шарты:Суреттегі көп іздердің ішінен қоянның ізін тауып сызып қосу керек.

Қоян:-ақылды балалар екенсіңдер, енді мен көжектеріме кетейін.Сау болыңдар!



Дыбыстық жаттығулар:

Боран қалай ұйытқиды?-у-у-у-у-у-у-у-у-у.

Күртік қар қалай сықырлайды?-қырт-қырт-қырт-қырт.

Қасқыр қалай ырылдайды?-р-р-р-р-р-р-р.

Қасқыр қалай ақырады?-о-о-о-о-о-о-о-о.

Тиін жаңғақты қалай шағады?-шы-қық,шы-қық,шы-қық,шы-қық.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайыншы:

5.Бұтақтардан бұтаққа,
Орғиды да қарғиды.
Кейде салар бұлтаққа,
Құйрығымен әрқилы

3. Қорбаң-қорбаң етеді,қыста ұйқыға кетеді.

4. Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар



1. Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

2.Өзі айлакер,өзі қу, жүрген жері айқай-шу.

Балалар енді ойын ойнағыларың келедіме?

Ендеше

Тәрбиеші:-Ал енді балалар біздің қайтатын уақытымыз болды.Бәрің пойызға мініңдер.

-Топқа да келдік.Балалар сендерге саяхат ұнады ма?










Балалар өлеңді тыңдайды

















-Қыста



-Қыс мезгілі

-үш ай бар

-Боран болады,аяз болады,қар жауады.

Балалар әңгіме құрап айтады.

1.Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала,

Мұрны сәбіз үп-үшкір

Көзі көмір қап-қара

2.Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

3.Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала,

Шат-шадыман көп бала.



-Иә

-Ағаштар,шыршалар,жабайы жануардар мен құстар.

Жабайы жануарлардың ішнен үй жануарларын алып тастайды.









-Пойызбен

Бір сапқа тұрып бірінен-бірі ұстап пойыз болады.

-Балалар қыс туралы өлең айтады.









-Ағаштар,шыршалар,жабайы аңдар



-жапырақтары жоқ



1.Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

2.Ағаш ексең аялап,

Басыңа болар сая бақ.

3.Бір тал кессең,он тал ек.





Балалар құстардың даусын ажыратады.







Қоянмен амандасады











Сергіту сәтін қоянмен бірігіп өткізеді.

Балалар қоян болып секіреді

Аяқтарын алға қарай адымдап басады

Қол қимылымен көрсетіп

Екі қолын алдына созып көрсетеді.





-Иә





Суретпен жұмыс жасайды.



Қоянмен қоштасады







Дыбыстық жаттығуды қайталайды.















-Тиін





-Аю

-Қасқыр



-Қоян





-Түлкі

-Иә


Рефлексия

түзету

(орындалған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып,кемшіліктерді жою)

Сұрақ-жауап арқылы іс-әрекетті қорытындылау.

-Орманда сендер қандай жабайы аңдарды кездестірдіңдер?

-Қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?

Балаларды сабаққа жақсы қатысқаны үшін мадақтау.


Күтілетін нәтежие:

Нені білуі керек: Қысқы табиғат ерекшелігін,қыс мезгілінің негізгі белгілерін.

Қандай түсініктерді игерді: Қыстағы жабайы жануарлардың тіршілігін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Аңдардың дене бөліктерін құрастырады,ағаштар туралы мақал-мәтелдер айтады.











Тәрбиеші: Ерғазиева Нұрболған Ерғазықызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі