жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқы орманға саяхат
Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат.
Мақсаты: Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындай отырып, кеңістікті бағдарлауды ойын тапсырмалар арқылы орындау.
Міндеті: Балалардың ақыл-ой операцияларының қалыптасуына ықпал ету, жағымды эмоциялар, қуаныш, өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту. Балаларға заттардың орналасуын, уақытты бағдарлау бағыттарын , берілген тапсырмаларды орындау арқылы шешу түсініктерін қалыптастыру.
ҰІӘ жүргізілу барысы.
Амандасу.
Қызығушылықты ояту.
Тәрбиеші: Балалар бүгін топқа кірсем, кенет жел терезені ашып, ішке желмен хат түсті. Міне (педагог балаларға хатты көрсетеді). Енді оны ашып, кімнен келгенін оқиық.
— Бізге
Қар ханшайымы сәлемдеме
жіберіпті! Ал ішінде тағы хат бар
екен.
Кәне, оқиық:
«Балалар,
сендерді менің
ғажайып
орманыма
қонаққа
шақырамын.
Мен сендерге көптеген
қызық нәрселер көрсетемін»
Қар
ханшайымның шақыруын
қабылдаймыз ба?
— Иә!
Хатты әрі қарай оқимыз:
«Сендерге
ұшатын кілем жібердім!
Оның ұшуы
үшін, кілемнің шетінен ұстап,
О,
ұшатын кілем!
Ұша бер жоғары
ұш, төмен түс десеңдер менің еліме
әкеледі.
Орнымыздан тұрып, кілемнен ұстаймыз да айтамыз:
— Қаланың
үстінен өттік, даланың үстімен ұшып
келеміз.
Кілемді мықтап ұстайық —
жіберіп алсақ, құлап кетеміз.
— Міне,
ғажайып
елге
де келдік.
Кілемді қасымызға
әдемілеп
қояйық.
Ой дамыту.
Ой балалар недеген керемет орман бәрі, бәрі аппақ.
Балалар бұл қай мезгіл? Неге аппақ ? Қар қандай?
Тосын сәт.
Ой, мына жерде әдемі үйшік тұр ғой. Есікте құлып тұр. Бірақ хатта ештеңе жазбапты…
— Қалай ашамыз? Ойланайық!
— Қараңдаршы,
құлыпта не сурет тұр?
— Ал оны бір
сөзбен қалай атаймыз?
—Пішіндер?
— Қай пішінді бассақ, құлып ашылады екен? Ойланып көрейік.
— Бұл
пішіндердің
бір-бірінен айырмашылығы неде?
— Қай
пішін артық?
Неліктен?
Балалар:
Артық — кішкентай пішін.
Қалғандарының
бәрі үлкен, ал бұл — кішкентай.
— Бұл қандай пішін? Кішкентай қызыл дөңгелек!
— Басқа
фигуралардың бәрі сары, ал бұл —
қызыл.
Түсімен ерекшеленеді. Тағы
немен?
Балалар: Өлшемімен — бұл кішкентай, басқалары үлкен.
Қане мен басып көрейін.
Есік ашылады.
— Жүріңдер,
кірейік!
(доға
секілді шардан немесе жіптен есік
жасау)
Балалар
кіреді (еденде Дьенеш блоктары жатыр).
— Қараңдаршы,
қандай тәртіпсіздік!
Ретке
келтіруге көмектесеміз бе?
— Мына
жерде үш обруч жатыр.
Қалай ойлайсыңдар,
пішіндерді
қалай
бөліп қоюға болады?
Тәрбиеші
қорытындылайды:
— Түсіне қарай бөлуге
болады.
— Тағы қалай бөлуге болады?
Балалар — пішіні бойынша.
— Қараңдар: мұнда тек төртбұрыштар (үшбұрыштар, дөңгелектер, тікбұрыштар).
— Басқа қалай бөлуге болады?
Балалар — мөлшері бойынша.
Жарайсыңдар! Міне, тәртіп орнады!
АҚТ технологиясымен жұмыс.
Қар ханшайымы шығады. Амандасу.
Құрметті балалар менің ғажайып орманыма қош келдіңдер.
Балаларменің орманымда сендерге арнап аңдар жарысын ұйымдастырып қойдым. Қане тамашалаймыз. Сендер қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер? Балалар атау.
Ал, біздің аңдарымыз өз жарыстарын бастайды.
Қар
ханшайымы:
Біздің
аңдар жарысқа қатысып , әрқайсысы
жасырынған
өз
досын табу
керек.
Достарын табу үшін олар, достары жасырынған пішіннің қасына тоқтауы керек.
(Экранда немесе қызыл дөңгелек, көк үшбұрыш, жасыл төртбұрыш, сары сопақша шығады)
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндерді көріп тұрмыз, түстері қандай?
Балалар жауаптары.
Ал, енді ойынды бастаймыз.
Ойын: «Өзіңнің пішініңді тап!»
Тәрбиеші:
—
Қараңдар, аңдар
немен жарысып
келеді.
Түлкі шанамен, қоян конькимен, қасқыр
шаңғымен, тиін тюбингпен.
Олардың
көңіл күйі қандай?Олар
қай пішіннің қасына тоқтады
қане қараймыз.
Түлкі қай пішіннің қасына тоқтады? Неге?
Балалар түсіндіреді: өйткені түлкінің досы жасыл төртбұрыштың артында тығылып тұр, түлкі досының құйрығынан таныды.
Қоян досын қай пішіннен тапты, қалай тапты?
Тиіннің
досы қай пішіннің артында жасырынған?
Тиін досын қалай тапты ?
Ой балалар
қасқыр шаңғыны қатты теуіп келе жатыр,
ол досын қай пішіннен байқады?
Қар ханшайымы: Керемет балалар, жарайсыңдар, сендер өте тапқыр бала екенсіңдер.
Ой қозғау.
Ал балалар бұл пішіндер жай пішіндер емес, құпия пішіндер екен. Олардың ішінде құпия тапсырмалар бар екен, аңдар өз достарын пішіндермен бірге алып кету үшін қар ханшайымының тапсырмасын орындау керек, аңдарға көмектесеміз бе?
Дид ойын: «Қалтадағы құпия»
Әр пішіннің ішінде (қалта түрінде):
Тапсырма эазылған (қар түйіршігі немесе жұлдызша, сурет)
1тапсырма:
дөңгелектің
ішінен:
—
Дөңгелек заттарды ата (доп, күн, тәрелке
т.б)
2 тапсырма: үшбұрыштың ішінен:
Қояндар
жаттығуды қашан жасайды? (Таңертең.)
Жаттығуды не үшін жасаймыз?
Қоян өз көжектерін ұйықтатуға қашан жатқызады? (Кешке.)
Біз не үшін демаламыз, не үшін кешке ұйықтаймыз?
Піл мен аю не істеп жатыр? (Ұйықтап жатыр.) Ал сен қашан ұйықтайсың? (Түнде.)
Аю үлкен бе,піл үлкен бе?
3
тапсырма:
төртбұрыштың
ішінен:
—
Үлкен мен кішкентайды
заттарды
салыстыр.
4 тапсырма:Сопақша Дид ойын: «Ойлан тап»
Суретте не көріп тұрсың? Атап бер.
Бірінші суретте гүл құмырасы қай жерде тұр?
Екінші суретте гүл құмырасы қай жерде орналасқан?
Гүл құмырасы үстелде тұрған кезде және үстелдің астында тұрған кезде қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Неліктен? Үстінде-астында сөзін қолданып, бір сөзбен суретті сыйпатта.
Қорытынды
Қар
ханшайымы:
— Балалар, сендер аңдарға
көмектестіңдер, фигураларды
таныдыңдар:
түсі, пішіні, өлшемі
бойынша ажырата алдыңдар.
Сендер
— нағыз ақылды қонақтарсыңдар!
Сау болыңдар, менің Ғажайып орманым
ұнады деп ойлаймын.
Балалар кілемге қайта «отырып», кері қайтады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген