400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дүние танымын молайту. Орман аңдар жайлы ұғымын бекіту; қыс тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын молайту.Ұсақ қол моторикасын дамыту; қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;ұқыптылық қа ; достыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Райбекова Қ.А II Санатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

Мақсаты:Балалардың дүние танымын молайту. Орман аңдар жайлы ұғымын бекіту; қыс тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын молайту.Ұсақ қол моторикасын дамыту; қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;ұқыптылық қа ; достыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Құралдар:Теледидардан презентация «Қысқы орманда», ұсақ ойыншықтар «Орман аңдары», қар ұлпалары тапсырмалармен, ұсақ қар ұлпалары, ылғалды сүлгілер, ақ жолақтар, гуашь құйылған тәрелкелер, Аққаланың хаты.

Барысы:

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз

Балабақша үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Хош келдіңіз бәріңіз!

Тәрбиеші:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Кейде ұлып,кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Қыс мезгіліндегі суреттерді корсету.(слайд)

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

1.Балалар мына суреттерде қандай мезгіл бейнеленген?

2.Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

3.Ауа райы қандай болады?

4.Қандар ойындар ойнаймыз?

5.Қыста біз не жасаймыз?

Балалар сендерге қыс мезгілі ұнайдыма?

Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

Тәрбиеші:Балалар қараңдар мен не тауып алдым!Бұл не екен?

(Балаларға хатты көрсету, конвертті ашу, хатты алу)

Балалар: хат.

- Дұрыс! Балалар – Бұл хатты бізге аққала-ойынпаз жіберіпті, оның бізбен ойнағысы келеді екен, ол орманда тығылып қалып біздің оны тауып алғанымызды күтіп отыр екен.

Қар жауғанда топ бала,
жасап еді аққала.
Мұрны
сәбіз, үп үшкір.
Көзі
көмір, қап қара.
Көне
шелек басында,
Сыпырғышы
қолында.
Іздеп оны табайық
тығылыпты аққала.

Оны қалай табамыз? Ол үшін орманға баруымыз керек

-Аққаланы іздеуге барамыз ба?

Балалар: Йә.

-Біз оны оңай тауып алу үшін аққала бізге көмекші қар ұлпаларын қалдырып кетіпті. (конверттің ішінен қар ұлпаларын алып балаларға көрсету).

- қараңдар сиқырлы қар ұлпасы, мұнда былай деп жазылған қысқы орманға бару үшін біздер кішкентай ұлпа қарларға айналуымыз керек, сонда біз қысқы орманда боламыз. Қазір қысқы орманға ұшамыз.

(Балалар топ бөлмесімен жылжи отырып қар ұлпасы болып ұшады).

(музыка «ақшақар»,).

(Балалар орындыққа отырады. Телевизор қосу)

-Балалар қараңдар міне орман. (Слайд № 1 қысқыорман)

- Біз қандай орманға келдік?

- қысқы.

-Неге қысқы орман деп ойлайсыңдар?

- көп қар бар. Ағаштардың бәрін қар жапқан.

- қар қандай?

- ақ,салқын,үлпілдек,жұмсақ.

(қар ұлпасы еденде жатады)

- қараңдар, балалар тағы да қар ұлпасы. Аққала бізге орман аңдары жайлы жұмбақтар қалдырыпты. Егер жұмбақ шешуін дұрыс тапсаңдар жауабын экраннан көресіздер.

(жұмбақжасыру).

-Өзінше ноян

Қорқақ кім?

- қоян. (Слайд №3 қоян)

Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам 

- Тиін. (Слайд №4 тиін)

-Өзі айлакер,өзі қу

Жүрген жері айқай шу

- Түлкі.(Слайд №5 Түлкі)

-Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар

- қасқыр(Слайд № 6 қасқыр)

- Қыс бойын жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю)

-аю (Слайд № 7 аю апаны)

- Аю көрінбейді. неге?

- Ол апанында ұйықтап жатыр. (Слайд №8 апандағы аю)

- Ой жарайсыңдар! Барлық жұмбақты жақсы шештіңдер, бірақ аққаланы қалай табамыз?

- Ой балалар қараңдар тағыда сиқырлы қар ұлпасы , аастында үлкен қар кесегі, мүмкін осы жерде аққала жасырынған шығар?

(Балалар столға жақындайды үстінде жарма салынған ыдыс, ) (жинаймыз «қар»- жарма астына жасырынған аңдарды табу).

- аққала бізге ойын ойнауды ұсынады. Қане ойнайық. (ұсақ қол моторикасын дамытатын ойын) «жасырынған затты тап».

-қане қарды қазайық, қолымызды түбіне дейін жеткізейік мүмкін бір нәрсе табармыз (балалар жарманы қазып – жасырынған аңдарды табады)

-қараңдар орман аңдары жасырынбақ ойнамақшы болыпты, өз ұяларынан қашып келіп тығылып қалыпты.

- сен не таптың?

-Түлкі.

- Түлкі қандай.

(Әр баладан тапқан аңдары жайлы сұрау.)

Балалар атайды . (Аңдарды қорапқа жинау, ).

- жарайсыңдар балалар бәрін дұрыс айттыңдар. (орындыққа отырады балалар) қараңдар аңдар орманға қашып кетти ,іздеріқалыпты.

(Слайд № 10 қоянізі)

- Ой, қараңдар мына ізді кім қалдырды екен? Қалай ойлайсыңдар?

- қоян.

- іздері неге қисық шашырап түскен?

-Ол қорқып қатты жүгірген.

-балалар қалай ойлайсыңдар ол неден қашқан?

- қасқыр,түлкіден.

- (Слайд № 11 қасқырізі) Балалар мынандай үлкен із ненің ізі болуы мүмкін?

Балалар жауабы.

-Йә, балалар, бұл қасқырдың ізі екен.Балалар қоян қасқырдан қорқып қашқан екен

(Слайд № 12 байпақтың ізі орманға қарай кеткен)

-балалар қараңдаршы, ой бұл кім болды екен орманда серуендеген, кімнің ізі екен?

Балалар жауабы.

-шыныныда да бұл аққала екен, міне қараңдар, ол алыста тұр.

(Слайд № 13 аққала алыста тұр)

-йә біз қалай барамыз, өйткені орманда қар көп, қар қалың?

Балалар жауабы.: Қарды тапап жол саламыз

-а олай болса, аяқпен тапап жолсалайық.


Аяқты жоғары көтереміз, омбы қардан өтеміз.

Топ-топ, топ-топ .

Ары қарай жол жоқ.

(балалар қалың қар үстімен жүргендей қимыл жасайды)

(столға жақындайды, көк бояумен ақ жолаққа іздер салады саусақпен)

- Қане балалар аққалаға дейін жол салайық.

- Ал жол салу үшін бізге саусақтарымыз көмектеседі.

(Саусақпен салу жолдарын түсіндіру,көрсету).

- Қане қалай салу керектігін қараңдар. Мен саусағымды көк бояуға сәл малып аламын, содан соң ақ жолаққа із қалдырамын. Содан соң көп іздер саламын. Салып болған соң ылғал сүлгімен қолымды тазартып сүртемін.

- Жұмысқа кірісеміз.

Балалар сурет салады.

(Қиналған балаларға көмектесемін)

- Ой, қандай әдемі жол салдыңдар.қане аққалаға жететіндей ұзын жол болу үшін бәрін бір қатарға қояйық.

-қараңдар балалар біз аққалаға жеттік .

(Слайд № 15 Аққала балаларға қол бұлғайды)

- Алақай, жарайсыңдар балалар бүгін бәрің тату ойнадыңдар, барлық жұмбақты шештіңдер, аққаланы таптыңдар, сендердің қолдарыңнан келді! Егерде бір нәрсені бірігіп жасасаңдар, онда бәрі ойлағандарыңдай орындалады . Жарайсыңдар, қолымызды шапалақтаймыз бір-бірімізге шапалақтаймыз.

(балалар қолдарын шапалақтайды)

-Балалар бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Біз қайда бардық? Кімді іздедік? Саяхатта сендерге не ұнады?Біз не жасадық?

-Балалар аққала бізден қысқы орманда тоңып қалмадыңдар ма деп сұрап жатыр тоңып қалмас үшін біз не істейміз?

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап кйіп аламыз

Шапалақтап соғамыз сарт-сарт-сарт

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз

Билеп,билеп аламыз топ-топ-топ

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Шанамызбен зулаймыз зу-зу-зу

Енди қане келген изимизбен қар ұлпаларына айналып балабақшамызға қайта оралайық.

-Балалар көңіл-күйлерің жақсы ма?

-Олай болса осы көңіл күйімізбен бір –бірімізбен бөлісіп аққаламен,қонақтармен қоштасайық

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
830
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі