400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

"Қысқы орманға саяхат" Ашық ҰОҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Проектор, Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық!
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.

Тәрбиеші: Балалар ну орманның дыбысы естіледі, балалар біз орманға барамыз ба?

Балалар: Иә

Тәрбиеші:Немен барамыз?

Балалар: Поездбен

Тәрбиеші: Балалар орманда нелер бар?

Не байқар тұрсыңдар?

Аю қыста не істейді?

Түстері қандай?

Қандай азық жейді?

Жан-жануарлар туралы кім жұмбақ біледі?

Асылару: «Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын,

Құйрығымен бұлаңдап,

Қандай аң ол алдайтын? (Түлкі)

Артур: Қорыққанда желаяқ

Отырғанда томардай-ақ (Қоян)
Ғажайып сәт. Қоян келеді
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманға қош келдіңдер!

Мен сендердің келетіндеріңді біліп, әр түрлі тапсырмалар дайындап қойдым, бұл тапсырмалар әр ағаштың бұтағында тұр

Тәрбиеші: Жақсы, қоян ендеше бізбен бірге бол
1 тапсырма: «Әңгіме құру»

Тіл ұстарту жаттығуы: кі-кі-кі, айлакер түлкі. Ян-ян-ян, ол қорқақ қоян. Ыс-ыс-ыс, келіп жетті қыс
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.
2. Тапсырма: Сөздерді көпше түрде айту және оны буынға бөлу

Аю-аюлар, түлкі-түлкілер, қоян-қояндар,тиін-тиіндер, ти-ін-дер, қо-ян-дар, түл-кі-лер

3 тапсырма: «Буынды жалғастыр»

(Түл...., ор....., қо...., ша..., шаң...., қас...., ти...., бұ.....,)

4 тапсырма: Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Тәрбиеші: Балалар кім маған қыс туралы тақпақ айтып береді

Артур:Қар жауғанда топ бала,
Аспаннан ақ қар төгілді.

Соқты қардан аққала.
Шанамен біз ойнаймыз,
Аружан: Ауыл сырты - биік жар,
Ақ мамыққа орайды

. Бізді күтіп, тұр қарап.
Мұз болады, қатады,

Биік жарға шығып - ап,
Жып - жылтыр боп жатады.
Қоян :Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер!. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын,

Тәрбиеші: Балалар қоянмен қоштасайық!

Ал ,енді балалар біз қайтадан поездқа мініп балабақшамызға қайтайық

Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Балалар:Қыс мезгілі
Бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
Нелерді көрдік?

Қандай тапсырмаларды орындадық?

Жан-жануарлар туралы не айттық?
Барлығымызға ұнады ма?

Балалар: Иә
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі