400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Қысқы орманға саяхат" ойын-сауық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқы серуен. Ойын-сауық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Серуен «Қысқы орманға саяхат»

«Айгөлек» шағын орталығы

Тәрбиеші: Қаныбетова Бибінұр Нажмадинқызы

  • Балалар, қане барлығымыз ортаға шеңбер құрып тұрайықшы. Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар? Аттарын атайықшы. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?

  • Балалар, қыс туралы көбірек білгілерің келе ме? Олай болса, бәрін білетін әже бар. Сол әжеге барып қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы сұрап алайық. Әжеге бару үшін біз орманнан өтеміз. Кеттік пе орманға?



(шыршаның түбінде көңілсіз отырған қоянды көред)

  • Балалар, кімді көрдіңдер? Қоян неге жылап отыр екен барып сұрайық.

  • Қоян, сәлем! сен неге көңілсізсің?

  • Ой, сәлеметсіңдер ме, апайлар, балалар! Менің үйшігімді қасқыр құлатып кетті , ал мен болсам тоңып отырмын.

  • Қоян, сен жылама. Біз саған үй жасап береміз. (қардан үй жасап береді. Түрлі түсті бояу салынған сумен сурет салып, әсемдейді)

Қоян: рақмет сендерге балалар! Сендер болмағанда мен тоңып қалатын едім.

Тәрбиеші. Қоян сен бізбен жүр. Біз бәрін білетін дана әжейді іздеп барамыз, бізге көмегің тиіп қалар.

Жолда ұйықтап жатқан аюды көреді.

Балалар, бұл аю ғой. Ол не істеп жатыр?

Аю оянып кетеді: әй сендер бұнда не істеп жүрсіңдер?

  • Сәлеметсің бе аю! Біз дана әжейді іздеп барамыз. Қыс туралы көбірек білгіміз келеді.

  • (есінейд») ААА мен оның қайда екенін білемін. Бірақ, менің ұйқым келіп тұр. (есінеп жатуға ыңғайланады)

  • Балалар, аюдың ұйқысын қалай ашамыз? Әәә таптым ол үшін сергіту жаттығуын жасайық. Бәріміз бірге жасаймыз ба?

(әуенмен жаттығу жасайды)

Сол кезде мыстан кемпір ұшып келеді.

  • Әй, мені іздеп жатқан сендер ме?

  • Сіз кімсіз?

  • Мен дана әжеймін. Қандай сүйкімсіз балалар! Иә неге келдіңдер?

  • Сәлем бердік, әже! Біз қыс мезгілі туралы көбірек білгіміз келеді.

  • Әәә ол үшін мені әуелі шанамен сүйреңдер.

  • Жарайды, әжеміздің өтінішін орындайық. Балалар, қане әжейді шанамен сүйреп ойнатайық.

  • Болды! Болды! Уф ах басым айналып кетті ғой.

  • Әже, бізге бауырсақ пісіріп берші.

  • Бауырсақ? (абдырып қалады) әә иә иә мен сендерге қазір пісіріп әкелем. Теріс қарап қардан домалақтар жасайды.

  • Міне сендерге бауырсақ. Жеп тойып алыңдар.

  • Жооқ бұл бауырсақ емес , қар ғой. Балалар, қарды жеуге болмайды. Ол өте суық тамағымызды ауыртады. Әрі ол лас, оны жеуге болмайды. Бұл дана әжей емес сияқты.

  • Әй, мен мыстан әжеймін, аңқау балалар! Ах-ах-ах (күледі).

  • Біздің әжеміз әне келе жатыр!

  • Ой балалар амансыңдар ма! Қардан жүре алмай зорға жеттім сендерге. Келіңдер, балапандарым! (балаларды құшақтайды).

  • Сәлем бердік әже. Біздің балалар қыс туралы сізден көбірек білгісі келеді.

Қыс туралы түсінік береді.

Балалар, мына жердегі қардан әртүрлі мүсіндер жасауға болады. Ол үшін қалтаға қар толтырып келіңдер. Қардан мүсіндер жасайды.

  • Мен сендерге бауырсақ пісіріп әкелдім. Келіңдер, ыстық бауырсақ жеп жылынып алыңдар. (бауырсақ таратады)

  • Ал әже біз бақшамызға қайтайық. Үйімізге қайтатын уақыт болды. Әжемен қоштасайық балалар. Сау бол әже. Сізге көп рақмет!

  • Балалар, біз бүгін кімді іздеп бардық? Жолда кімдерді көрдік? Сұрақтар қою арқылы бүгінгі серуенді пысықтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі