400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қысқы қызықтар" тіл дамыту оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедтерге, тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Білім көзі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Сиқырлы қыс. Д/о «Қыс қандай?»

Мақсаты: Түзетушілік-білім берушілік:

- қыс және оның белгілері туралы түсініктерін кеңейту әрі нақтылау;

- «Ғажайып қыс» тақырыбы юойынша сөздік қорын белсендендіру және нақтылау: сұрақтарға жауап беруге, сөйлемдер құрастыруға, сын есімдер мен етістіктерді қолдануға үйрету;

- сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық қатарын жетілдіру: барыс септігінің жалғауын жалғай алуға үйрету;

Түзетушілік-дамытушылық:

- заттардың кеңістіктік орналасуын жалғаулармен бірге қолдануды үйрету;

- өздерінің ойын нақты әрі дұрыс жеткізуге үйрету;

- көру, есту зейіндерін, ойлауын, артикуляциялық моторикасын, сөйлеу тілімен бірге қозғалыс координациясын дамыту;

- сөйлеу тілдік тыныс алуын дамыту.

Түзетушілік-тәрбиелеушілік:

- бір-біріне көмектесуге және іс-әрекет қорытындысын дұрыс бағалауға тәрбиелеу; табиғатқа, жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған ортаға қызығушылық танытуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қыс, суық, ұлпа қар, аққала, шана, қыс қызығы, сырғанау, серуендер, тебу, жапалақтар қар жауу.

Құрал-жабдықтар: мультимедиялық құрал, әр балаға бір қаршадан, қыс суреті, сиқырлы қыс суреті, құстар суреті, қоректендіргіш суреті, тақырып бойынша суреттер, жапсырғыштармен 3d аққала


Арнайы түзету оқыту қызметінің барысы


Ұйымдастыру кезеңі

Логопед: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане, қонақтармен амандасайық. Сәлеметсіздер ме,

Олай болса орнымызға жайғасайық. Орындарына отырады


Логопед: Балақайлар, бүгін біз оқу қызметінде проектор тақтасымен өтеміз, сондықтан көзіміз шаршап қалмау үшін, ауырып кетпеу үшін көзімізге жаттығу жасап алайық.

Көзге жаттығу

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын жоғарыға сосын төменге қарату;

Тез арада көзді ашып – жұму;

Көзімізді қатты қысып жұмып, ашамыз.

Логопед: Балалар, Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі

Қыста ауа райы қандай болады? Суық болады

Қыста не жауады? Қар жауады

Дұрыс айтасыңдар, Балалар, бізге бүгін сиқырлы қыс келді. Сиқырлы қыс сендердің қыс жайлы не білетіндеріңді көруге келіпті. Сиқырлы қыс менің патшалығымда өте көп қар жауады дейді, ал сендерде қар жауады ма деп сұрап жатыр. Ия

Олай болса сиқырлы қыс бізге қар береді, сендер қалай жауатынын, қалай айналатынын көрсетіңдерші.


Тыныс алу жаттығуы «Қарларды үрлеу»

Иығымызды қозғалтпаймыз, ұртымызды үрлемей, ауа ағымын шығарамыз.

Ой, тамаша, балалар қарымыз қандай әдемі айналды.

Балалар, Сиқырлы қыс Патшалығында әдемі әндерді естиді екен, қандай ән екенін, кейін тыңдаймыз, ал біз оған қалай әндете алатынымызды көрсетейік.

Дауысты дыбыстарды созып айтайық, қолмен көмектесеміз.

Дауысты дыбыстарды созып айту

Сиқырлы қыс өзінің патшалығында мынадай әнді естиді екен, тыңдардашы, бұл ненің дауысы? Құстардың дауысы

Ия, дұрыс, балалар. Сиқырлы қыс қандай қыстайтын құстарды білетінімізді көргісі келеді. Қыста құстарға қоректендергіштерге жемдер саламыз. Бұл қоректендіргішке қандай құстар ұшып келеді, соны атауымыз керек.

Д/о «Үйшікке не ұшып келді?»

Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз? Құстар, қыстайтын құстар


Сиқырлы қыс бізге біраз сергіп алуды ұсынып отыр, қане сергіту жаттығуын орындайық


Сергіту сәті

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.


Сиқырлы қыс балалар менде әдемі қыстық сөздер бар қай жерде не болатынын табыңдар дейді. Табамыз ба? Ия


Д/о «Бұл қайда?»


Қар қайда жатыр? Шатырда, ағашта, тауда

Мұз қайда тұр? Шатырда

Мұз қайда қатқан? Көлде

Шана қайда тұр? далада

Аққаланы қайда жасаған? далада


Қыстық сөздерді керемет таптыңдар. Сиқырлы қыс сендердің қыс туралы бәрін дұрыс білесіңдер ме, соны білгісі келеді, қазір қыс туралы дұрыс және дұрыс емес суреттер болады, соны атап, сөйлемдер құрастыруымыз қажет.

Логоконструктор көмегімен сөйлемдер құрастыру

Сиқырлы қыс бізге қызық тапсырма бермекші, бірақ алдымен айтыңдаршы қардан біз не жасаймыз? Аққала жасаймыз

Дұрыс айтасыңдар, қазір қар суық, қолымыз тоңып қалады, сондықтан аққаланы қағаздан жасаймыз. Партаға шахматтық ретте отырамыз, аққаланы жапсырамыз.

Аққаланы жапсыру


АТО-қызметін қорытындылау

Балалар, бүгін оқу-қызметінде не туралы айттық? Қыс туралы

Дұрыс айтасыңдар, оқу-қызметінде не істедік?

Қаршаларды үрледік, дауысты дыбысттарды созып айттық, құстарды таптық, қыстық сөздерді айттық, сөйлемдер құрастырдық.

Сиқырлы қыс балақайлар, сендер қыс туралы көп біледі екенсіңдер, өте ризамын, мен қар патшалығынан құр келген жоқпын сендерге сыйлық алып келдім дейді. Сыйлықты біз топқа барып аламыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі