400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қысқы қызықтар.Аққала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақ түсті ермексаздың кесегін екі алақанмен домалақтау дағдысын осы оқу іс- әрекетінде пысықтау, дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Тәрбиеші: Муканова Д.Д.

Күні: 09.01.2019ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Мүсіндеу.

Өтпелі тақырып: «Қысқы қызықтар»

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Ақ түсті ермексаздың кесегін екі алақанмен домалақтау дағдысын осы оқу іс- әрекетінде пысықтау, дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру;

Тәрбиелік: ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу

Оқыту: екі бөліктен тұратын аққала сомдауды, аққаланың бейнесі айқындалу үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету

Дамытушылық : ойын арқылы мүсіндеу дағдыларын ұштау; баланың тілін дамыту;

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық материалдар

Ресурстармен қамтамасыз ету: демонстрациялық көрнекіліктер, ақ түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар

Сөздік жұмысы: аққала

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Негізгі бөлім. М.Мақатаевтың «Аққалам» өлеңінен үзінді.

Ақ балам менің, ақ балам,

Аққала жаса, ақ балам.

Балаларға шар тәрізді екі бөліктен тұратын ойыншық аққала таратылады.

-Аққаламызқандай түсті? -Ол неге ақ? -Біздің аққаланың басы қандай? -Ал мынау не?

-Сұлбасы қандай? -Үлкендігі қандай? -Ермексаздан аққаланың домалақ денесін жасайтынымызды кім көрсетеді? Балаларға домалақ мүсін сомдау амалдарын пысықтау үшін пласмассадан жасалған шарларды таратып береді.

Қауіпсіздік ережесі: ермексазды киімдеріне жақпау, ауызға салмау.

Сергіту сәті: Аппақ қарды уыстап,

Алақанға салайық.

Оңға бір рет,

Солға бір рет,

Мойын бұрып алайық.

Домалақтап аппақ қармен,

Біз аққала жасайық!

-Балалар, ақ ермексаздан жасалған «Аққаланы» көрнекілік ретінде көрсетіп, жасау жолдарын түсіндіремін.

-Қолымызға ақ ермексаздың бір кішкене кесегін аламыз- бұл біздің аққаланың басы болады.

Енді осы кесекті екі алақанымызбен домалақтап, шар жасаймыз.

-Ал енді денесін сәл осылай етіп жасап, басы мен денесін бір- біріне жабыстырамыз. Ал енді біздің аққалаға не жетіспейді?

-Қолдарын сомдау үшін ақ түсті ермексаздың кішкене бөлшектері керек. Осы бөлшектерді де алақанымызбен домалақтап, екі жағына жабыстырып орналастырамыз.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Қорытынды: - Жарайсыңдар балалар!

Балалар мүсіндеген «аққаламызды» көрмеге қояйық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі