400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы серуен

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға маусымдық көріністерінің айырмашылығы және қысқы көріністері туралы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәулетай» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Қысқы серуен»(әңгіме құрастыру).

Мақсаты:Сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру..

Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету,сөздік қорларын дамыту.Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.

Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:демострациялық материал,(қысқы серуендегі балалар-дың суреттері)

үлестірмелі материалдар(аққала,шырша суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:қысқы серуен-шана тебу,аққала соғу.

Сөздік жұмыс:аққала,шана,қар.

Билингвальды компонет:аққала-снеговик,шана-сани,қар-снег.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қазір жылдың қай мезгілі?Ауа райы?

-Дұрыс,қазір қыс мезгілі.Қыста ауа райы суық болады.Қар жауады.Балалар қармен

Ойнайды.Енді мен сендерге осы қыс мезгілі

туралы өлең оқып берейін,сендер мұқият

тыңдап отырыңдар.

-Сәлеметсіз ба?

-Қыс мезгілі.Ауа райы суық.


Ұйымдастырушылық –

ізденістік

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Ш.Ахматов).

Ауладағы ата аналар сомдаған мүсіндерге шолу жасау

-Неден жасалған?

-Қандай кейіпкерлер?

-Олар қайда өмір сүреді?

№18 демонстрациялық материалмен жұмыс.

-Балалар,жылдың қай мезгілі суреттелген?

-Далада не жауып тұр?

-Балалардың киімдері қандай?Балалар өз ойларын айтуға мүмкіндік береді.Қыста

балалар немен сырғанайды?

-Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр.Айгүл көңілді ме?

-Не үшін көңілді?

-Арман мен Асхат не істеп жатыр?

-Аққала қандай?Аққала-қардан соғылған

домалақ қыс кейіпкері.

-Иә,балалар қысқы серуенді өте көңілді

өткізіп жатыр.

Билингвальды компонет:аққала-снеовик,шана-сани,қар-снег.

№1үлестірмелі материалмен жұмыс.

Шарты:аққала мен шыршаны жабыстыру.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан

қандай қыстық ойындарды білетінін сұрау.













-балабақшаға.


-ұнады.



Тәрбиешіні тыңдайды.





Балалар көрген кейіпкерлері жайлы ойларын айтады





Балалардың жауабы:

-Қыс мезгілі.

-Қар жауып тұр.

-Жылы киінген.


-Шанамен сырғанайды.

-Көңілді.

-Оны ағасы шанамен сүйреп

жүр.

-Аққала соғып жатыр?

-Аққала үлкен,аппақ,домалақ


Аққала-снеовик,шана-сани,қар-снег сөздерін қайталайды.





Сергіту сәті:

(Орындарыңда тұрып жүгіреді).

«Қыста не болады?»дидактикалық ойыны.

Шеңбер құрып тұрады.Допты бір-біріне

лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің

ерекшеліктерін айтады.Тәрбиеші көмек беріп тұрады


Аққала мен шыршаны жабыстырады.Қимылдар тәрбиешімен бірге жасайды.

Допты бір-біріне лақтырып бере отырып,қыс мезгілінің

ерекшеліктерін айтады

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар,мына суретте не бейнеленген екен?

-Жылдың қай мезгілі екен?

-Балалар немен ойнап жүр?

-Өлең не туралы?


Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сурет бойынша әңгімелеуге берілген тапсырманы;

Түсінеді:қыс мезгілінің ерекшеліктерін білдіретін сөздерді қолданып,сиппатау мәтінін қалай құрастыру керектігін;

Қолданады:сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі