400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған.Ұйымдастырылғант оқу қызметін жоспарлауда тиімді материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған

оқу қызмет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: Қысқы табиғат.

Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыру,қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерден айырмашылығы туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің табиғатқа әсері туралы түсінік беру,Табиғатты аялауға, құстарды,жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Серуен кезінде айналаға бақылау жасау.

Әдіс -тәсілдер: Жұмбақ өлең,сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,сурет б/ша әңгіме,

жұмбақ

ҚShape2 Shape1 ажетті көрнекі құралдар, Қыс мезгіліндегі табиғат көрнісін бейнелейтін

және жыл мезгілдерінің суреттері.Қоршаған ортамен таныстыру жұмыс дәптері

үShape5 Shape3 Shape4 штілдік компоненттері:Қыс келді-пришла зима-Winter comes. қар жауып тұр-идет снег-it s showing

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі


Балаларға өлеңімді мұқият тыңдап,қай мезгіл екенін анықтауды ұсынамын.


Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен.

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен өбеді.

Қай мезгіл туралы айтылды? Балалар тәрбиешінің өлеңін зейін қоя тыңдап отырады. -Қыс мезгілі туралы.

Оны қалай білдіңдер?

Дұрыс-ақ.Қыста күн суық аяз,боран болады.Қыста табиғат ұйқыға кетеді.

Ағаштар қар жамылып ,аппақ болып әдемі көрінеді,ауа тазарады.Жерде не жатыр? Қар жатады.

Мұз қатады.Жәндіктер ағаштардың қабығының астына тығылып қалған. Адамдар тоңып қалмау үшін қалың киімдерін киіп алған.Балалар қыста қандай ойындар ойнайды? Қыста күн суық болады, Қар лақтырып,аққала жасап,шанамен сырғанап ойнаймыз т.б. жауаптар айтады

Адамдар қыста қандай еңбекпен шұғылданады?

-Ауылда малға шөп,жем су беріп қарайды,қалада үйдің айналасындағы қарларды тазалайды

Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы осыда екен.

Ұйымдасты рушылық ізденіс кезеңі Әр жыл мезгілдерінің айырмашылығын білу үшін біз ойын ойнап жіберейік.Алдымен жыл мезгілдерін есімізге түсіріп алайық! Қыс,Көктем,жаз,күз.

Д/ойын:,,Бұл қай кезде болады?,,

Мен жыл мезгілдеріне байланыс-ты құбылыстарды айтамын,сендер қай жыл мезгілі екенін табасың-дар.Мысалы:Күн жылынып,

ағаштар бүршік атты....

Ағаштардың жапырағы сарғайып,

жерге түсіп жатыр...т.б. Көктем мезгілі.Күз мезгілі


Өте жақсы,балалар.

Енді жұмбақ шешіп көрейік,кім тапқыр екенін білейік.

Әуеде ақ мамық,

Қалбалақтап ұшады.

Қанаты талып,

Жерді барып құшады.Бұл не?


Ақ мамыққа не ұқсайтын еді?

Қолы мен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады.

Терезеге не сурет салады?


Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп ағады.


Қар.АязМұз

Балалар ойынға белсене қатысады.

Балалар әртүрлі жауап айтып,ойланады.


Балалар қыста жолдар өте тайғақ болады,сондықтан абайлап жүру керек.Әке-аналарыңыздың қолынан ұстап жүріңдер.Құласаңдар бір жерлеріңе зақым келуі мүмкін.

Аула тазалаушы адамдар жаяу жүргіншілер жүретін жолға неліктен құм шашады?

Көктайғақ адам өмірі үшін де,машиналарға да өте қауіпті.

Сондықтан көктайғақ кезде жолды кесіп өтерде өте сақ болыңдар.

Сонымен біздер бүгін қандай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Дұрыс-ақ, қысқы табиғат туралы естіп-білдік.

Қыс мезгілі сендерге ұнайма?

Несімен ұнайды?

Қыста тоңып жүрген құстарға,жануарларға қамқор болуымыз керек

Жануарларға орманшылар қамқор болады,ал ауламызда жүрген құстарға біздер қалай қамқор боламыз?


Иә,Қыс өзінің қарымен,аязымен, жаңа жылымен ерекше Қыс мезгілі бізге өте ұнайды.Олай болса бәріміз менің сиқырлы таяғыммен ,,Қатырмақ,,

ойынын ойнайық.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі: Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қыстап қалған құстарға қамқор болып жүруге,тоңып тұрған ағаштардың бұтағын сындырмауға дағдыланады.

Нені біледі:Балалар қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді:Қысқы табиғат құбылыстары туралы түсінік алды







































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі