Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№1 «Өркен» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбиеші: Суюндикова Райхан
Тақырыбы: «Қысқы табиғат»
Мақсаты:Балаларды әртүрлі сурет салу әдіс-тәсілдерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру арқылы, қыс мезгілі туралы ұғымдарын бекіту, табиғат көрінісін қағаз бетіне түсіре білуге үйрету.
2. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, безендіру жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.
3.Жұмыс барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Cуреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: Субояқ, ватман, губка, табақ, дымқыл сүлгілер, тақта магниттерімен.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
- Балалар бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Қәнекей барлығымыз амандасайық. - Өте тамаша, отырыңдар. Бүгін біз тәрбие сағатымызда «Қысқы табиғат»тақырыбында сурет саламыз. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде неше ай бар? - Қыс айларын атап шығыңдаршы? - Қазір қыстың нешінші айы? - Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? - Олай болса мен сендерге қыстың ғажайып табиғаты жайында жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер. 1. Қыста бар, жазда жоқ. Ол не? 2. Құлағы мен көзі жоқ, Жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз, Мәнерлеп ою ояды. 3. Көлге жапқан қақпақ, Сіресіп тұр қатты-ақ. 4. Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді. Аузы жоқ ұлиды. - Дұрыс айтасыңдар, өздерің білімді екенсіңдер. Ал бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше және қызық болмақ, себебі біз ерекше әдіспен жұмыс жасамақпыз. |
- Орындарынан тұрып, Армысың алтын күн! Армысың жер ана! Армысың апайлар, Бүгін менің қолым бос, Көңіліме көңіл қос. - Қыс - 3 ай. - Желтоқсан, қаңтар, ақпан. - Бірінші. - Суық. - Қар. - Аяз. - Мұз. - Боран. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік Тосын сый: Жұмыс барысы Сергіту сәті: |
- Біз бүгін алақан және саусақпен үрлеу арқылы сурет саламыз. Жасырылған жұмбақтардан қыстың қандай ерекшеліктері бар екенін білдік. Интеративтік тақтаға назар аударыңдар. Ол үшін біз топқа бөлінуіміз керек. Табақта тұрған геометриялық түрлі-түсті пішіндерді таңдап алыңдар, пішініне қарай топқа бөлініңдер. 1. Сопақша алған балалар ватманға алақан және саусақ әдісімен жұмыс жасайсыңдар. 2. Төртбұрыш алған балалар қылқаламмен жұмыс жасайсыңдар. 3. Үшбұрыш алғандарың губкаменен жұмыс жасайсыңдар. 4. Шеңберді таңдаған балалар үрлеу әдісімен жұмыс жасайсыңдар. Тосын сый: Әуен ырғағымен «Қыс ханшайымы» кіреді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер бүгін дәст «Қысқы табиғат» тақырыбында тәрбие сағатын өтетіндеріңді менің көмекшілерім жеткізді. Соны өз көзіммен көріп қандай әдістермен жұмыс жасайтындарыңды, қандай әдіс-тәсілдер білетіндеріңді біліп, аяз баламның жұмысымен салыстырайын деп келдім. Педагог: Балалар біз қыс ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік. Әрқайсыларың берілген әдіс-тәсіл бойынша өз ойларыңмен қысқы табиғат көріністерін қағазға түсіріңдер. Жұмыс барысы: - қолданатын әдіс тәсілдердің жасау жолын еске түсіру. - Ақ парақ бетін бағдарлау. - Салатын суреттеріне қажетті түсті таңдап алу. - Салатын әдісіне байланысты құрал-жабдықтарды дайындау. - Балаларға тазалықты сақтау ережелерін түсіндіру. - Әр балаға жеке көмек көрсету. Кезекші балалар берілген тапсырма бойынша өз жұмыстарын жүргізеді. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі, Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі. Педагог: - Балалар біз қандай тақырыпта сурет салдық? - Тақырыбымызға байланысты кім тақпақ біледі? Қыс: - Балалар мен сендерге логикалық ойын дайындап алып келдім. Ойын «Артық затты тап» деп аталады. Ойын шарты: Ол үшін барлығың теледидарға мұқият қарап, ойланыңдар. - Тамаша, сендер дұрыс жауап бердіңдер. Балалар сендердің сурет салудың әдістерімен бірге, логикалық ойлау қабілеттерің де жоғары екен. Педагог: Балалар қыс ханшайымына өнерімізді көрсеттік, енді салған суреттерімізге ат қойып, әңгіме құрастырып, көрме ұйымдастырайық. Қыс: Сендердің көрмелеріңді өзіммен алып кетуге рұқсат берулеріңді сұраймын. Өйткені сендердің жұмыстарың өте тамаша шықты. Менің балам сендердің жұмыстарыңа қарап үйренсін. Сау болыңдар балалар! |
- Табақтан әртүрлі пішіндерді таңдап, топ-топқа бөлінеді. - Сәлеметсіз бе, қыс ханшайымы! - Балалар берілген тапсырма бойынша жұмыстарына кіріседі. - Орындарынан тұрып, өлең жолдарын айта жүріп, қимыл-қозғалыс жасайды. - Қысқы табиғат Қандай қызық қыс деген, Бәрін шебер істеген, Бақша-бауды, тауды да, Бояған ақ түспенен. - Балалар ойынға аса қызығушылықпен қатысады. - Балалар суреттерін көрсетіп, әңгімелейді. - Кезекшілер балалардың суреттерін тақтаға іліп, көрме ұйымдастырады. - Иә, рұқсат деп хормен жауап береді. |
|
Рефлексив тік-түзетушілік |
Ойын: «Ойлан тап» Балалар мына үлгі суреттерге көңіл аударыңдар бұлар қандай әдіспен салынған? Сұрақ-жауап: Бүгін біз қандай тәсілдермен жұмыс жасадық? Балалардың жұмыстарын мадақтап, жұлдызша беру арқылы ынталандырады. |
- Балалар әдістерді толық атап шығады. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қысқы табиғат"

шағым қалдыра аласыз