жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қысқы табиғаттың ғажайып әлемі
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру Күні: 04.12.2019ж
тақырыбы: Қысқы табиғаттың ғажайып әлемі |
|||
ҰОқ-ның оқыту мақсаты |
0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды кезекпен ал- мастыра орындау, қарапайым дене жаттығуларымен ұштастыру. 0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау. 0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру. 0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі еп- тілік, жылдамдық пен реакция |
||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар орындай алады: |
||
Қозғалыс кеңістігінде жеке және жұппен қауіпсіз жұмыс істеу. Зал кеңістігінде бағдарлау. Бір-бірінің артына сапқа тұрып екпін мен бағытты өзгерте отырып «паровоз» болып жүру. Жұппен тез қатарға тұру. Балалар бөрене үстімен алақан мен табанға сүйене отырып төрттағандап еңбектейді. |
|||
Балалардың көпшілігі орындай алады: |
|||
Өз әрекетін басқа балалардың іс-қимылымен үйлестіру. Ізбен жүру кезінде басқалармен зал, алаң, кеңістікпен қажеттілігін бөлісу. |
|||
|
Кейбір балалар орындай алады: |
||
Ұшып келе жатқан допты жеңіл қимылдай отырып қолмен қағып алу, қажет болса, бір адым алға аттау. Дене, зал, алаң, кеңістікпен нысанды бақылау дағдыларын көрсету. |
|||
тілдік мақсат |
Балалар ойын түрінде тапсырмалар орындау арқылы еркін қозғалып, уақыт, зал, алаң, кеңістік пен ағынды бағдарлай алатындарын; туған өлкесінің жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемімен таныс екендерін көрсетеді. |
||
Пәндік лексика және терминология: Қорық, қарда жүретін шана, қазақ және ағылшын тілінде жануарлардың атауы. |
|||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||
Орманда қандай ережелерді сақтау қажет? Сендер тұратын өлкеде қандай жануарлар мекендейді? Ең жеңіл болғаны қандай тірек-қозғалыстар? Қақпа- дан өту үшін қандай тәсілдер қолдандыңдар? Қысқы табиғаттың ең ғажайып көріністері қандай болды? |
|||
Неге екенін айта аласыңдар ма? |
|||
Жануарлардың қозғалысы неге байланысты болатынын айта аласыңдар ма? Неліктен қаламен салыстырғанда орманда тыныс алған жеңіл? Неліктен адам орманда, табиғат аясында жиі болуы тиіс екенін айта аласыңдар ма? |
|||
Алдыңғы оқыту |
Қолға доп ұстап бір бүйірмен тұрып қозғалыстар орындау. 5 метр қашықтыққа тізе арасына доп қысып секіру. Оң және сол қолмен кедергі заттар арасымен доп домалату |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
|
Қызығушылықты ояту 0–3 минут |
(Ұ, ПК) Қысқы табиғаттың ғажайып әлемі көрсетіледі (слайд көрсету).
Аппақ, аппақ жапалақтап Қар жауады тынбастан. Қалың орман қар жамылған Маужырайды қысқы орман.
«қарда жүретін шана» ойыны: бір-бірінің артына сап құрып екпін мен бағытты өзгерте отырып «паровоз» болып жүру. |
Кең, бос кеңістік.
Биіктігі 20 см заттар (текшелер). |
|
Негізгі бөлім |
Орман алқабында қимыл-қозғалыс орындап, жылыну ұсынылады.
Жылдам болғың келсе егер, Өткізбе уақыт сен бекер. Сапқа бірге тұра қап Аяқ-қолды қимылдат. Бізбен бірге қайталап Кәне, достым, жылдамдат!
«Жел» тыныс алу жаттығуы Желге еш нәрсе тең емес, Тау да жолын бөгемес, Сақ-сақ күліп секіред. Жүйрік желім тым сотқар |
Диаметрі 15 см доп- тар. |
|
«қояндар» жаттығуы Бір-біріне доп лақтыру – 3 метр қашықтыққа екі қолмен бастан асырып доп лақтыру. Балалар қоян кейпіне еніп, бір-біріне домалақтап қар лақтырып ойнайды. Нұсқау – ұшып келе жатқан допты дұрыс қағып алу, қолды шынтақтан сәл бүге отырып, саусақтарды толық жазу, қа- жет болса, алға бір қадам аттау. «Желе жүру» Алақан мен табанға сүйене отырып төрттағандап бөрене үстінде еңбектеу. Аяқ-қолды үйлестіре қимылдатуға, бөре- неден түсуге назар аударылады. Биік нәрсе үстінде жаттығу жасағанда қауіпсіздік техни- касы туралы еске салады, қажет жағдайда сақтық шаралары қолданылады. «Ізбе-із» тепе-теңдік: аралығы бір аттам етіп орналастырылған іздермен залдың қарсы бетіне жүру. «Дыбысыңды білдірмей өт» қимыл ойыны Ойынға қатысушылардың бірнеше жұбы қақпа құрап тұрады. Олардың көзі таңылады. Қалған балалар осы «қақпалар» арқылы өтуі тиіс. Қақпадан бір бүйірлеп, еңкейіп немесе «қақпаны» айналып еңбектеп өту керек, бі- рақ жүгіруге болмайды. «Қақпа» болып көздері жабық тұрған балалар сәл дыбыс естісе, қолдарын көтеріп, оңға, солға қозғалтып, өткен- дерді ұстауға тырысады. Ұсталып қалған бала ойыннан шығады. |
Гимнастикалық бөрене. |
Іздер. |
Қорытынды бөлім 28–30 |
Қыстағы ойындар туралы әңгімелеу ұсынылады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген