Материалдар / Қысқы тіршілік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқы тіршілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2024
462
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қысқы тіршілік.

Мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру. Қыс мезгіліндегі аңдардың,құстардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту,шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Аңдармен құстарды қорғауға және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.

ҰІӘ көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреттері,муляждар, музыка.

ҰІӘ әдіс-тәсілдері: Ән,көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын,сергіту сәті

ҰІӘ барысы:

Балалар көңіл-күй смайликтер арқылы келген қонақ апайлармен сәлемдеседі.(Музыка әуенімен)

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгінгі көңіл күйлерің қалай ?

Балалар: Өте жақсы.

Тәрбиеші:Ендеше жақсы көңіл күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастаймыз.

Балалар: «Әппақ қар,әппақ қар» әнін орындайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік кезеңі:

Көңілді теледидар арқылы слайд көру.

Сұрақ-жауап:

Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?,

Қыс мезгілінің айларын ата?

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсірейік?

Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Ендеше қыс туралы тақпақтарыңды қар атысып айтасыңдар ма балалар? (Балалардың жауаптары тыңдалады)

(Аудио дыбыс.Құстардың дауысы.Қарға,кептар,торғай)

Балалар назар салып тыңдайықшы.Құстарың дыбыстары естілема?

Балалар: Жоқ құстар жылы жаққа ұшып кеткен.

Тәрбиеші: Бұл құстар,қыстап қалатын құстардың дауысы екен.

Балалар қыстап қалатын құстарды отырықшы құстар деп атайды екен.

Оларға ала қарға,торғай,шымшық,қарға,сауысқан,кептар, тоқылдақ жатады екен.

Тәрбиеші: Балалар қарға бізге тапсырмалар әкеліпті.

«Жұмыртқа ашу» ойын арқылы топқа біріктіру. (музыка әуенімен)

1-тапсырма: Құстарға дән береміз.

Шарты: Балалар түрлі жолдарды бастырып құстарға дән жегіземіз.

2-тапсырма: « Түстерді тап»

Шарты: Кубик лақтырып сәйкес келген түспен аққаланы орнына қояды.

3-тапсырма: Ақ ұлпаларды сәйкестендір.

Шарты: Қар ұлпаларын санына қарай сандармен сәйкестендіреді.

Сергіту сәті: (Музыка әуенімен балалардың іс-қимылы

Балалар шығармашылық орталыққа мұздақтар арқылы барамыз.

1-топ : « Бастырма» әдісімен жұмыс.

Шарты: Гуаш бояулар арқылы бастырма әдісімен қоянның бейнесін шығарады.

2-топ: «Қар ұлпасын» жасау.Педагог жетекшілігімен жүргізіледі.

3-топ: « Қарға»жасау.

Шарты: Түрлі түсті қағаздардан желімдеу арқылы қарға бейнесін жасаймыз

Еркін ойын «Жасырынған сыйлық»

Шарты: Қар астынан сыйлықтарды табу.

Қорытынды: Балаларды мақтап мадақтау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!