Қышқылдар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қышқылдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Пркзентация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № 12

Тақырыбы: Органикалық химия курсы бойынша есептер шығартуға

үйретудің әдістемесі


Жоспары:

  1. Молекулалық формуласы бойынша органикалық қосылыстардың изомерлерінің формулаларын құрастыру

  2. Атауы бойынша органикалық қосылыстың құрылым формуласын жазу және құрылым формуласы бойынша қосылысты атау

  3. Органикалық қосылыстарды синтездеу


1. Молекулалық формуласы бойынша органикалық қосылыстардың изомерлерінің формулаларын құрастыру

Органикальқ косылыстардың изомерленуін негізінен күрылымдьқ және кеңістік деп екі топқа бөледі. Құрылымдық изомерлер молекуладағы атомдардың байланысу ретіне тәуелді болады. Ал кеңістік изомерлер құрылымдары бірдей заттар атомдарының кеністікте әр түрлі орналасуларына байланысты болады.

Құрылымдык изомерлердің бірнеше түрлері болады: көміртек каңкасының изомерленуі; еселі байланыстың орнына сәйкес изомер-лену және функционалдық топтардың орнына байланысты изомер-лену.

Изомерлердің құрылым формулаларын құрастырғанда молекуладагы атомдардың өзара орналасу ретін (көміртек қаңқасының изомерленуі) төмендегі алгоритмді пайдаланып анықтауға болады:

1) берілген кеміртек атомдарының санына сәйкес қалыпты тізбекті (тармақталмаған) көміртек қаңқасын күрастырады;

2) көміртек қаңқасын біртіндеп (бір көміртек атомына) қысқарта отырып, бір немесе бірнеше СН.; топтарының орнын өзгертудің барлық жағдайлары карастырылып, сәйкес изомерлердің формулалары күрастырылады.

1-жаттығу. Құрамы С7Н16-ға сәйкес көмірсутектердің барлық изомерлерінің формулаларын қүрастырыңдар.

Ш е ш у і. 1) Құрамында жеті көміртек атомы бар қалыпты тізбекті (тармақталмаған) көміртек қаңқасын қүрастырамыз да, әр көміртек атомы төрт валентті болатынын ескере отырып, тізбектегі көміртек атомдарының жетіспейтін валенттік бірліктерін сутек атомдарымен толыктырамыз:

Тізбекті бір көміртек атомына қысқартып, бірдей косылыс-тардың алыну мүмкіндігін тудырмай, СН3 тобының орындарын ауыстырамыз:

Тізбекті тағы бір көміртек атомына (барлығы екі С атомына) қысқартып, енді екі СН3 тобының (немесе бір С2Н5 тобының) орындарын ауыстырамыз:

Тізбекті тағы бір көміртек атомына (барлығы үш С атомына) кысқартып, енді үш СН3 тобының орындарын ауыстырамыз. Бірдей қосылыс түзіліл кететін болғандыктан бүл жағдайда бір СН3 пен бір С2Н5 топтарының немесе бір С3Н7 тобының орындарын ауыстыра алмаймыз:

Бұдан әрі қарай көміртек каңкасын қысқарту мүмкін емес. Олай болса, С7Н16- ға сай барлық изомерлердің (барлығы тоғыз) кұрылым формулаларын жаздық. Изомерлердің құрылым формулаларын дұрыс құрастырғанда халыкаралық атау жүйесі бойынша бірдей атаулар шықпау керек екені естеріңде болсын.

Еселі байланыстың немесе функционалдық топтардың орындарына байланысты қүрылым изомерлерін жазғанда төмендегі алгоритмді колданады:

1) көміртек каңкасына байланысты барлық құрылым изомерлері

құрастырылады;

2) көміртек атомының төрт валенттігі ескеріле отырып, еселі байланыстың немесе функционалдық топтардьң орындары ауыстырылады.

ЕСЕП. Формуласы С5Н10-ға сөйкес болатын барлық пентендердің кұрылым формулаларын кұрастырыңдар:

Шешуі.

1) Көміртек қаңкасына байланысты изомерлердін бірінің құрылым формулаларын құрастырып аламыз:

2) Еселі байланыстың орындарын (а) және (ә) жағдайлары үшін ауыстырамыз. Ал б-жағдайында еселі байланыстың орнын ауыстыру мүмкін емес.

Пентен-2-нің (2) геометриялык (кеңістік немесе цис-, транс-) изомерлерінің кұрылым формулаларын жазайық:

Цис-изомерде радикалдар (СН3— пен С2Н5—) кос байланыстың бір бетінде, транс-изомерде радикалдар қос байланыстың екі жағында орналасады.

Пентеннің С5Н10 жеті изомерінің құрылым формулаларын жаздық.

ЕСЕП. Құрамы СдН12 ароматты көмірсутектің барлық изомерлерінің кұрылым формулаларын кұрастырыңдар.

Ш е ш у і.

  1. Көмірсутектің формуласынан молекула кұрамына ароматты бензол сақинасынан басқа көміртектің үш атомы (С3) кіретінін табуға болады. Бүйір тізбегінде үш көміртек атомы бар ароматты көмірсутек изомерінің формуласын кұрамыз:


2. Бүйір тізбекті бір көміртек атомына кыскартамыз жөне метил (СН3) тобының орындарын алмастырамыз (өуелі бүйір тізбекте сосын бензол сақинасында):

3) Бүйір тізбекті тағы бір көміртек атомына қысқартамыз (барлығы екі көміртек атомына) жөне метил (СН3) топтарының орындарын алмастырамыз:

Құрамы С9Н12-ге сай көмірсутектің 8 изомері бар екен.


Атауы бойынша органикалық қосылыстың құрылым формуласын жазу және құрылым формуласы бойынша қосылысты атау


ЕСЕП. 2,5-диметил-З-этилгексанның қүрылым формуласын жазыңдар.

Ш е ш у і.

1) Формула жазуды негізгі көмірсутектен (гексаннан) бастаймыз. Жұрнак -ан болып түрғандьқтан көмірсутек қаныккан. Гексанның құрамындағы алты көміртек атомдары өзара тізбек түзіп тек қана дара байланыстар арқылы байланысады. Негізгі тізбекті жазып алып, бір шетінен бастап нөмірлейміз. Берілген көмірсутек үшін нөмірлеуді кез келген шетінен бастауымызға болады:

1 2 3 4 5 6

С—С—С—С—С—С

2) Екінші және бесінші көміртек атомдарында екі метил СН3 — топтары (2,5-диметил-) және үшінші көміртекте этил С2Н5— тобы бар. Орынбасар радикалды көрсетілген көміртек атомдарына тіркеп жазамыз:


3) Көміртек атомдарының қалған байланыстарын сутек атомдарымен қанықтырамыз. Органикалық қосылыс кұрамындагы көміртек атомдарының төрт валентті болатынын білеміз. Байланысқа бір валенттігін жұмсап тұрған шеткі көміртек атомдары үш сутекпен (бірінші және алтыншы С атомдары), екі көміртек атомдарымен байланысып тұрған ортадағы көміртек атомдары екі сутекпен (төртінші С атомы), ал үш жағынан байланысып тұрған көміртек атомы бір сутекпен (екінші, үшінші және бесінші С атомдары) байланыса алады:


ЕСЕП. Төменде келтірілген өзгерістерді орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазып, олардың жүру жағдайларын көрсетіңдер:

Ш е ш у і.

1) Жоғары температурада метанның крекингі ацетилен түзу арқылы жүреді:

2) Қанықпаған көмірсутек ацетилен галогенсутекпен қосылу реакциясына түсіп, оның екі молекуласын қосып алады:

3) Сілтілердің спирттегі ерітіндісі қатысында көмірсутектердің галогентуындылары галогенді сутек бөле айырылады:

4) Ацетиленді гидрлеу металл өршіткі (никель) қатысында қыздыр-ғанда жүреді:

5) Қанықпаған қосылыстарға галогенсутектер косылғанда қаныққан көмірсутектердің галогентуындылары түзіледі:

6) Көмірсутектердің галогентуындылары металл натриймен әрекеттескенде (Вьюрц реакциясы) көміртек қаңқасы үзарып, гало-генид ионы бөлінеді:

9-жаттығу. Органикалық косылыстардың төменде келтірілген айналымдарын орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазындар:

Ш е ш у і. 1) Метанды кыздырғанда ацетилен түзіледі:

2) Сынап (II) түздарының катысында ацетиленді гидраттағанда сірке альдегиді алынады:

3) Сірке альдегидін күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі каты-сында тотықтырғанда сірке кышқылы түзіледі:

4) Сірке қышкылын жарыктың қатысында хлорлау СН3- тобыи-дағы сутек атомының хлор атомына алмасып, монохлорсірке кышқылының түзілуіне әкеледі:

5) Сілтілік ортада аммиак катысында хлор атомы амин тобына алмасып, аминсірке қышкылыныд калий түзы түзіледі:

6) Аминсірке кышкылының калий түзына бір моль НСІ-мен әсер еткенде аминсірке кышқылы түзіліп, ол НСІ-дің екінші молімен түз түзеді:

Заттардың қасиеттерін салыстыру мен талдауға жаттығулар

Мұндай есептерді шешкенде окушының талдауға, салыстыруға, қорытынды жасауға бейімділік қасиеттері мен химиялық білімі қандай екені байқалады.

Органикалык қосылыстың химиялық қасиеттері мен реакция өнімінің қасиеттеріне сүйеніп қүрылымын анықтау алгоритмі мына-дай:

1) келтірілген барлық реакциялардың сызбанүсқаларын күру;

2) реакция өнімдері косылыстардың кандай класына жататынын болжап жөне бүл өнімдерді кандай қосылыстар класынан алуға болатынын талдау;

3) кейбір реакция өнімдерінің берілген қүрылыстары мен қасиет-теріне сүйеніп бастапкы заттың қүрылым формуласын қүру.

ЕСЕП.Диметилацетиленнің химиялық касиеттерін сипаттайтын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Ацетилен мен диметилацетиленнің қоспасын калай бөлуге болатынын көрсетіңдер.

Ш е ш у і.

Диметилацетиленнің (бутин-1-дің) қасиеттерін ацетиленнің қасиеттеріне ұксастырып, осы класқа тән реакциялардың теңдеулерін жазамыз:

а) косылу реакциялары:

ә) диметилацетиленнің кұрамында үш байланыс жанындағы көміртек атомымен байланысып түрран сутек атомы болмағандыктан бүл қосылыс орынбасу реакциясына түспейді.

Диметилацетилен мен ацетилен касиеттерінің арасындағы айырмашылықка сүйеніп оларды бөлуге болады. Олардың коспасына күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әсер еткенде түссіз күміс ацетилениді (АgС = САg) тұнбаға түседі. Түскен түнбаны бөліп алып, концентрлі тұз қышкылымен әсер еткенде ацетилен бос күйінде бөлініп шығады:


Органикалық қосылыстарды синтездеу

Органикалык химияда "синтез" ұғымы бір органикальқ заттан бір немесе бірнеше химиялык реакциялардың нәтижесінде белгілі бір құрылымды органикалық зат алуды түсіндіреді. Синтезді жоспарлауды келесі алгоритм арқылы жүргізуге болады.

1) Есептің шартында берілген бастапқы зат пен талап етіліп түрған реакция өнімінің формулаларын жазып, өзгерістерді химиялың сызбанұсқа түрінде бейнелейміз:

2) Бастапқы зат пен синтезделетін заттардың кұрылым формулаларын салыстырып, олардың органикалық заттардың қай класына жататынын, көміртек тізбегінің ұзындығын және тізбектегі байланыстарды анықтаймыз. Көміртек тізбегін ұзарту немесе кыскарту керектігі, көміртек атомдарының байланысу ретін өзгерту, молекулаға жада қандай функционалдық топтар кіргізу қажеттігі жөнінде шешім қабылдаймыз.

3) Синтезделетін зат молекуласында функционалдық топтың түзілуінің барлык жолдарын ойша сараптаймыз. Нәтижесінде бастапқы А затын өзгертудің ең тиімді жолын таңдап аламыз. Барлык аралык кезеңдердің мүмкін жолдарын қарастырамыз.

4) Бастапқы заттан өнімді аралык сатылар аркылы алудың ең тиімді жолын таңдап аламыз:

Синтез сызбанұсқасын құрастырғанда берілген кағидаларды еске үстау керек:

• бірінше мүмкін жолдардың ішіндегі аралық сатылары ең азы таңдалады;

реагенттерді таңдағанда олардың қолда барларын қарастыру керек;

  • синтезді таддағанда реакция өнімінің шығымын, жұмысқа жүмсалатын еңбек пен уақыттың тиімділігіне көңіл аударылу керек.

ЕСЕП. 1-бромбутаннан бутен-2-ні алыңдар.

Ш е ш у і. Есептің шартында берілген зат пен реакция өнімінің кұрылым формулаларын келтіріп химиялык сызбанұсқа құрамыз:

Бастапқы зат көмірсутектің галогентуындысы да реакция өнімі кұрамында кос байланысы бар этилен көмірсутек. Реакция өніміндегі көміртек атомдарының саны мен олардың байланысу реті бастапқы косылыстағыдай. Сондықтан көміртек тізбегін өсірудің немесе кыскартудың қажеттілігі жоқ. Енді қос байланыстың түзілу жолдарын талдап қарастырып, өзара салыстырайык. Қосылыс молекуласына қос байланысты төмендегі жолдармен енгізуге болады:

  • сөйкес қаныққан көмірсутекті дегидрлеп:

  • немесе сәйкес ацетилен көмірсутегін біртіндеп гидрлеу аркылы:

  • спирттерді сусоргыш заттар катысында дегидраттап:

  • көмірсутектің галогентуындысын дегидрогалогендеп:

Енді осы карастырылған жолдардың ең тиімдісін таңдау керек.

Дегидрлеу тәсілі (1) тиімсіз, себебі реакция нәтижесінде изомер бутендердің қиын бөлінетін коспасы түзіледі. Қалған үш тәсілдің ішіндегі 1-бромбутаннан кай затты оңай алуға болатын реакция теңдеулерін салыстырып, 2-бромбутан аркылы алу керек деген тоқтам жасауға болады:

Бірінші және соңғы сатыларда көмірсутектердің моногалоген туындыларынан галогенсутекті айыру жолы қолданылады. Бүл реакциялар спирттердің дегидратталуы сияқты Зайцев ережесі бойынша сутек атомы аз гидрогенделген көміртек атомынан бөлінуі аркылы жүреді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.11.2025
39
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі